Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстан Ауғанстанның астанасынан сауда үйін ашты

Қазақстан Ауғанстанның астанасынан сауда үйін ашты

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Айта кету керек, Қазақстанның алғашқы сауда үйі 2024 жылы Герат қаласында ашылған. Аталған Сауда үйі табысты іске қосылғаннан кейін Қазақстан Ауғанстанмен сауда байланысын кеңейтуді көздеп, ел астанасында негізгі сауда үйін ашты.

Салтанатты ашылу рәсіміне «QazTrade» АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров пен Afghan German Bakhtar (AGB) компаниясының Бас директоры Сұлтан Ахмад Саруари қатысты. Жоба ауғандық серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Бұл жергілікті бизнес қауымдастықпен және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, қазақстандық экспорттаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кабулдағы Сауда үйі Қазақстанның негізгі экспорттық бағыттарын таныстыратын тұрақты көрме-сауда алаңы болады. Оның базасында азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын көрсету және сату аймағы, қазақстандық өндірістегі автокөліктердің көрме залы, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді сақтау және таратуға арналған фармацевтикалық қойма жұмыс істейді.

«Кабулдағы Сауда үйінің ашылуы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам. Біз отандық өнімдерді ілгерілетуге, жаңа серіктестер табуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған тұрақты алаң қалыптастырып отырмыз. Бұл ортақ тауар айналымын арттырудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналады деп сенеміз», деді «QazTrade» АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

Кабулдағы Қазақстан Сауда үйінің ашылуы аясында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ мен Afghan German Bakhtar Company арасында мырыш кенін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт DAP шарттары бойынша жылына шамамен 30 мың тонна мырыш кенін жеткізуді көздейді. Келісімнің негізгі мақсаты «Қазмырыш» кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Келісімшарттың жалпы сомасы 18,88 млн АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылуда. Сауда үйі алаңында Қазақстанда құрастырылған, ауған нарығында сұранысқа ие автокөліктер ұсынылады. Алдағы уақытта сервистік қызмет көрсету мен техникалық қолдау жүйесін іске қосу жоспарлануда. Бұл өңірде отандық автокөлік өнеркәсібін ілгерілетуге арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір перспективалы бағыт – қазақстандық фармацевтикалық өнімдерді жеткізуді дамыту. Кабулда мамандандырылған қойманың ашылуы дәрілік заттарды жүйелі түрде таратуға жағдай жасап, отандық өндірушілердің ауған нарығындағы қатысуын кеңейтеді.

«Бүгінде Ауғанстан үлкен мүмкіндіктер нарығы. Ел халқының саны 40 миллионнан асады, ал экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұрын Қазақстан экспортының негізін ұн, астық, күнбағыс майы және агроөнеркәсіптік кешеннің өзге де өнімдері құраса, қазір ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылуда. Ауған нарығында ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібіне арналған техника, жабдықтар мен сервистік қызметтерге сұраныс жоғары. Біз Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ұлғайту үшін зор әлеует көріп отырмыз және Кабулдағы Сауда үйі жаңа жобаларды дамытуға арналған тиімді алаңға айналады деп сенеміз», деді GWM Capital LTD директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Құдайберген.

Қазақстан Ауғанстанға 318,8 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 20:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары