Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қазақстан Кабулда сауда үйін ашты

Қазақстан Кабулда сауда үйін ашты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның бизнес-миссиясы аясында Казақстанның Кабул қаласында Сауда үйі ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Айта кету керек, Қазақстанның алғашқы сауда үйі 2024 жылы Герат қаласында ашылған. Алғашқы Сауда үйі табысты іске қосылғаннан кейін Қазақстан Ауғанстанмен сауда байланысын кеңейтуді көздеп, ел астанасында негізгі сауда үйін ашты.

Салтанатты ашылу рәсіміне «QazTrade» АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров пен Afghan German Bakhtar (AGB) компаниясының Бас директоры Сұлтан Ахмад Саруари қатысты. Жоба ауғандық серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Бұл жергілікті бизнес қауымдастықпен және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, қазақстандық экспорттаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кабулдағы Сауда үйі Қазақстанның негізгі экспорттық бағыттарын таныстыратын тұрақты көрме-сауда алаңы болады. Оның базасында азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын көрсету және сату аймағы, қазақстандық өндірістегі автокөліктердің көрме залы, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді сақтау және таратуға арналған фармацевтикалық қойма жұмыс істейді.

«Кабулдағы Сауда үйінің ашылуы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам. Біз отандық өнімдерді ілгерілетуге, жаңа серіктестер табуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған тұрақты алаң қалыптастырып отырмыз. Бұл ортақ тауар айналымын арттырудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналады деп сенеміз», – деді «QazTrade» АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

Кабулдағы Қазақстан Сауда үйінің ашылуы аясында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ мен Afghan German Bakhtar Company арасында мырыш кенін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт DAP шарттары бойынша жылына шамамен 30 мың тонна мырыш кенін жеткізуді көздейді. Келісімнің негізгі мақсаты – «Қазмырыш» кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Келісімшарттың жалпы сомасы 18,88 млн АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылуда. Сауда үйі алаңында Қазақстанда құрастырылған, ауған нарығында сұранысқа ие автокөліктер ұсынылады. Алдағы уақытта сервистік қызмет көрсету мен техникалық қолдау жүйесін іске қосу жоспарлануда. Бұл өңірде отандық автокөлік өнеркәсібін ілгерілетуге арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір перспективалы бағыт – қазақстандық фармацевтикалық өнімдерді жеткізуді дамыту. Кабулда мамандандырылған қойманың ашылуы дәрілік заттарды жүйелі түрде таратуға жағдай жасап, отандық өндірушілердің ауған нарығындағы қатысуын кеңейтеді.

«Бүгінде Ауғанстан – үлкен мүмкіндіктер нарығы. Ел халқының саны 40 миллионнан асады, ал экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұрын Қазақстан экспортының негізін ұн, астық, күнбағыс майы және агроөнеркәсіптік кешеннің өзге де өнімдері құраса, қазір ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылуда. Ауған нарығында ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібіне арналған техника, жабдықтар мен сервистік қызметтерге сұраныс жоғары. Біз Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ұлғайту үшін зор әлеует көріп отырмыз және Кабулдағы Сауда үйі жаңа жобаларды дамытуға арналған тиімді алаңға айналады деп сенеміз», – деді GWM Capital LTD директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Құдайберген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары