Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан Чехияға тікелей мұнай жеткізуші ел бола алады Премьер министр Андрей Бабиш

Қазақстан Чехияға тікелей мұнай жеткізуші ел бола алады Премьер министр Андрей Бабиш

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Құрметті Премьер-Министр мырза, Қазақстанға қош келдіңіз! Бұл сіздің елімізге, астанамызға алғашқы сапарыңыз екенін білеміз. Бүгін сіз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткіздіңіз. Алғашқы сұрағым да осыған қатысты: жоғары деңгейдегі бұл келіссөзден қандай нәтиже күтуге болады? Жалпы бұл сапарыңызды Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңінің бастауы деп айтуға бола ма?

– Ең алдымен, мен де сізге алғыс білдіремін. Елдеріңізге келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанға келуді көптен армандап жүр едім. Себебі университет бітіргеннен кейін шикізат импорттайтын компанияда жұмыс істедім. Ол кезде біз Жамбыл мен Шымкенттен сары фосфор сатып алатынбыз. Шикізат біздің Чехиядағы зауытқа дейін шамамен 9 000 шақырым жол жүріп өтіп, жеткізілетін. Біз Чехияның ірі компанияларынан құралған маңызды делегациямен келдік. Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктестеріміздің бірі деп санаймыз.

Қазақстан - табиғи ресурстарға өте бай ел. Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің басым бөлігі бар деуге болады. Ал қазіргі таңда Еуропада энергетика мәселесі ерекше өзекті. Өкінішке қарай, «жасыл энергетика» стратегиясы еуропалық өнеркәсіпке кері әсерін тигізіп жатыр. Сондай-ақ Чех Республикасы Иран қақтығысы салдарынан туындаған Ормуз бұғазындағы мәселелерге де баса мән беріп отыр.

Сондықтан біз атом электр станцияларын дамытуды басым бағыт ретінде қарастырып отырмыз. Осы ретте Қазатомпром мен ČEZ компаниялары арасында келісім жасалғанына қуанышты екенімізді атап өткім келеді. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде бірінші орындағы ел, сондықтан бұл саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор.

Жалпы, энергетика саласында тек уран ғана емес, шикі мұнай бағыты да маңызды. Қазақстан Чехия үшін негізгі шикізат жеткізуші мемлекет санатында. Сондықтан біз бұл бағыттағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін көріп отырмыз.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

– Энергетика саласындағы диалогта өз еліңіз үшін қандай нақты мақсаттар қойып отырсыз?

– Біз бұл мәселені талқылаған болатынбыз, нәтижесінде Қазақстанмен тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бар екенін көрдік. Қазақстан бізге мұнай жеткізуге дайын. Чехиядағы мұнай өңдеу зауыттары негізінен PKN Orlen компаниясына тиесілі. Сонымен қатар Германиядағы Лойна қаласындағы Total компаниясына қарасты зауытпен де әріптестік мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ол зауытта да қазақстандық мұнайды өңдеуге болады.

Сондықтан Қазақстанның біз үшін тікелей мұнай жеткізуші болуға дайын екеніне өте қуаныштымыз.

– Енді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын кезең-кезеңімен қарастырсақ. Мысалы, сауда саласы. Менің білуімше соңғы жылдары арадағы сауда-саттық 15 еседен астам өсті. Экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін қандай нақты қадамдар қажет?

– Чехия негізінен экспортты Еуропалық Одаққа бағыттайды. Сондықтан біз жаңа нарықтарды іздеп жатырмыз. Қазақстан үлкен мемлекет және елдеріңізде көптеген салаларда зор әлеует бар. Сіздерде қор биржасының белсенді жұмыс істейтіні және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптасқаны қуантады. Бұл чех компаниялары үшін жаңа есік ашатыны сөзсіз.

Біз әсіресе қорғаныс өнеркәсібінде мықтымыз. Бұл салада әріптестікті нығайтуға болады. Сонымен қатар өндіріс саласында да үлкен әлеует бар. Осы сапар аясында көмір электр станцияларын жаңғырту бойынша бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

– Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы сөз болғанда, көлік байланысы мен логистиканың маңызы ерек. Қазақстан бұл секторды, атап айтқанда, Еуропа мен Азия арасындағы негізгі байланыс ретінде қарастырылатын «Орта дәлізді» белсенді дамытып жатыр. Осы бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі үздіксіз өсіп келеді. Чехияның Еуропада орналасқанын ескере отырып, Сіз осы мегажобаға Праганың қатысу әлеуетін қалай бағалайсыз және қандай нақты инфрақұрылымдық немесе логистикалық жобалар қолға алынуы мүмкін?

– Бұл өте маңызды жоба және біз бұл өңірді Еуропамен байланыстыруымыз керек. Біздің делегация құрамында Қазақстан темір жолдарын жаңғыртуға белсенді қатысатын AŽD компаниясы бар. Олардың сіздің елге ұсынар өз тәжірибесі бар.

– Ал әуе қатынасы туралы не айтасыз? Астана мен Прага арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспары қаншалықты шынайы?

– Бұл жақсы сұрақ, себебі біз туристер үшін өте маңызды шешім қабылдадық - Карловы Вар әуежайына инвестиция саламыз. Алдымен Прагадан Карловы Варға дейін автомагистраль салынады, себебі қазір қазақстандық туристерге ол жерге жету үшін шамамен екі сағат керек. 2029 жылға қарай бұл уақыт бір сағатқа жетпейтін болады. Содан кейін біз Карловы Вардағы ұшу-қону жолағын кеңейтіп, ұзартамыз. Бұл туристік қарым-қатынасты жақсартатынына сенімдімін.

– Білім саласына қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіз. Біз көптеген қазақстандық студенттердің Чехияда оқып жатқанын білеміз. Бірлескен бағдарламалардан университеттердің филиалдарын ашуға дейін академиялық ынтымақтастық қандай қадамдар арқылы нығайтылады?

–Бұл бағытта үлкен әлеует бар. Кеше сіздердің жасанды интеллект орталықтарыңызға бардым, бұл керемет оқиға болды. Мен таңданысымды жасыра алмаймын - өте әсерлі болды. Мен жас және озық білімді азаматтармен жүздестім, сондықтан да университеттермен ынтымақтастық үшін үлкен әлеует көріп отырмын.

Біз өз тарапымыздан, әрине, сіздердің азаматтарыңыз үшін визалық рәсімдерді және басқа да шарттарды жеңілдетуіміз керек. Мен сондай-ақ сіздердің кардиологиялық ауруханаларыңызда болдым, онда 2012 жылы eCAN чех дәрігерлерінің қатысуымен алғашқы жүрек трансплантациясы жасалған.

Денсаулық сақтауға баса назар аударамын, әсіресе онкологиялық аурулардың, жүрек-қан тамыры ауруларының, сондай-ақ психикалық денсаулықтың алдын алу саласы маңызды.

– Әңгімемізді қорытындыласақ, Сіз Чехия мен Қазақстан арасындағы ағымдағы қарым-қатынастарды қалай бағалайсыз және ынтымақтастықтың қандай бағыттары бүгінде ерекше назар аударуды талап етеді?

– Елдеріңіз осы өңірде өте маңызды орынға ие, жаһандық державалар - Ресей және Қытаймен шекаралас. Менің ойымша, Президенттеріңіз бүгінгі халықаралық геосаяси жағдайда маңызды рөл атқара алады, себебі барлық жанжалдар дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс екеніне сенімдімін.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ, НАТО және басқа да ұйымдарды құрдық. Алайда, қазір іс жүзінде ешкім бейбітшілік туралы тіл қатпайды. Есесіне барлығы әскери шығындардың өсуі мен экономиканы милитаризациялау туралы айтады. Сондықтан да мен бұл өңір өте маңызды деп санаймын және бұл ретте Президенттеріңіз өз дипломатиялық стратегиясын іске асыру арқылы маңызды рөл атқарады.

Мен елдеріңізге келуді көптен бері жоспарлаған едім. Бүгінде бұл тақырыптардың бәрі, әсіресе энергетикалық ынтымақтастық күн тәртібінде аса өзекті. Бізге жаңа нарықтар керек, Мен Ұлы елдеріңіз - Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне тәнтімін.

Мен аз уақыт болса да, мұнда болғаныма өте қуаныштымын. Ынтымақтастық одан әрі нығаятынына сенімдімін.

– Премьер-министр мырза, уақытыңызды бөліп, сауалымызға жауап бергеніңіз үшін рахмет.

– Сұхбатқа шақырғаныңызға рахмет!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 20:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары