Қазақстан Халық партиясы Атырауда зейнетақы мәселесін талқылады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және өңірдің өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды.
Ұжым өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Партия өкілдері көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, оларды шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан зейнетақы жүйесіне қатысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы жинақтары және зейнеткерлік жасқа қатысты мәселелер көтерілді. Партия өкілдері қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме беріп, Қазақстан Халық партиясының әлеуметтік әділеттілік пен лайықты зейнетақы жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұстанымдары туралы ақпаратпен бөлісті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 22:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















