Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстан мен Франция бірқатар маңызды салада келісімге қол қойды

Қазақстан мен Франция бірқатар маңызды салада келісімге қол қойды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан мен Франция авиация, сумен жабдықтау және цифрландыру салаларында жаңа келісімдерге қол қойды.

Құжаттар Парижде өткен Үкіметаралық комиссияның 16-отырысының негізгі нәтижелерін бекітті. Екі елдің бизнес және мемлекеттік орган өкілдерінің  кездесулері соңғы жылдары күшейген саяси диалогтың аясында өтіп жатыр. Оған серпін берген Қазақстан мен Франция президенттерінің соңғы үш жылда жасаған сапарлары.

Франция Сыртқы істер министрлігінің кең конференц-залы екі елдің орталық және жергілікті атқарушы органдарының жетекшілерін, дипломаттарды және бизнес қауымдастығы өкілдерін бір үстел басына жинады. Кездесуде тараптар іске асқан жобаларды талқылап, жаңа бағыттар бойынша ұсыныстармен алмасты. Машина жасау, су шаруашылығы, цифрландыру ынтымақтастықтың келесі кезеңін айқындайтын салалар болмақ. Бүгінде қос мемлекеттің өнеркәсіптік портфелі қомақты: жалпы құны 1 млрд доллар құрайтын жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған сапарынан кейін екі ел арасындағы қатынас деңгейі нығайтылған стратегиялық әріптестікке көтерілді. Француз компанияларының жауапкершілігі әрдайым жоғары, біз Қазақстан нарығына француз капиталының келуін құптаймыз. Капиталмен бірге жаңа құзыреттер мен тәжірибе келеді. 

Отырыс аясында жалпы алты құжатқа қол қойылды. Air Astana мен Airbus серіктестікті кеңейтіп, әуе паркін A320 neo үлгілерімен толықтыруды жоспарлап отыр. Ақтөбе облысы мен Veolia компаниясы өңірдің су жүйелерін жаңғыртуға уағдаласты. Талдықорғанда «ақылды қала» пилоттық жобасы  қарастырылып жатыр. Ал Satbayev University мен Лотарингия университеті және TotalEnergies Kazakhstan Жамбыл облысындағы жел электр станцияларына инженерлерді дайындайтын болады.

Николя Форисье, Францияның Сыртқы сауда және тартымдылық жөніндегі министр-делегаты:

- Біздің ынтымақтастығымыз бұрыннан жақсы жолға қойылған. Бірақ бүгін жаңа бағыттарда да үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз. Әсіресе жасанды интеллект, су ресурстары мен су тарту жүйелерін тұрақты басқару, қала қызметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жағын қарастырдық. 

Басқосуда стратегиялық маңызды минералдар мен металдар тақырыбы да қозғалды. Бұл бағытта екі елде қол қойылған жол картасы бар. Қазақстан француз компанияларын инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Оның ішінде Еуроодақтың Global Gateway бастамасы бойынша да. Бұл бағдарлама бойынша Одақ Орталық Азияға 12 млрд еуро инвестиция салуға ниетті.

Ги Сидос, Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің тең төрағасы:

- Кездесуде екі ел үшін маңызды ресурстарды басқару және стратегиялық маңызды минералдарды барлау мен өндіру жобаларын да талқыладық. Біз логистикалық мүмкіндіктері жоғары, механизмдері жүйеленген Қазақстанмен серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз. 

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіп, көлік, энергетика және цифрлық технологиялар бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Қазір Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы басты стратегиялық серіктесі. Аймаққа құйылған француз инвестициясының 80%-ы біздің елдің үлесінде. Үкіметаралық комиссияның келесі 17-отырысын Астанада өткізу ұсынылды.

Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары