Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Су инновациялары орталығы құрылады: Министр бірқатар келісімге қол қойды

Су инновациялары орталығы құрылады: Министр бірқатар келісімге қол қойды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараға cу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, сондай-ақ сарапшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпустың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар 2024-2030 жылдарға арналған Су саласындағы серіктестік бастамасының іске асырылу барысын, су үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын, реформалары мен даму перспективаларын, су шаруашылығын цифрландыруды, сондай-ақ суды тиімді үнемдеу мақсатындағы су инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?

Сонымен қатар серіктестік туралы келісімдерге қол қою рәсімі болды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ пен Agip Karachaganak B.V. компаниясы арасында су тасқыны мен құрғақшылық туралы жалпыұлттық ерте ескерту жүйесін әзірлеу және су шаруашылығы инфрақұрылымы туралы деректерді біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Елімізде AquaLab су инновациялары, STEM-білім беру және экологиялық ағарту орталығын құру мақсатында «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ пен Caravan of Knowledge корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Сонымен бірге осы орталықты құру жобасын бірлесіп қаржыландыру және іске асыру жөніндегі үшжақты келісімге «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы және Coca-Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы өкілдігі қол қойды.

«Су үнемдеу бүгінде жеке бір жұмыс бағыты емес, су ресурстарын басқарудың жаңа моделіне айналды. Бұл Қазақстан үшін ерекше маңызды. Өйткені, су қауіпсіздігі мәселелері экономиканың тұрақтылығымен, экологиялық әл-ауқатпен және халықтың өмір сүру сапасымен тікелей байланысты. Халықаралық ынтымақтастық бүгінде нақты нәтижесін беріп отыр. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, суды басқарудың заманауи технологиялары енгізілуде, цифрлық шешімдер дамытылып, білім беру бағдарламалары кеңейтіліп, саланың кадрлық әлеуеті нығайтылып келеді. Сонымен қатар әрбір жоба су ресурстарын басқару саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, ұлттық басымдықтарды ескеріп, нақты әрі өлшенетін нәтиже беруі қажет. Инфрақұрылымдық шешімдер басқарудың заманауи технологияларымен қатар жүруге тиіс», деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оның айтуынша, цифрлық құралдар бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға қызмет етуі керек. Ал жаңа технологияларды енгізу білікті мамандар даярлаумен және суды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастырумен ұштасуы қажет.

«Екі жыл ішінде Үйлестіру кеңесі жай ғана диалог алаңы емес, мемлекеттің, халықаралық серіктестер мен қаржы институттарының күш-жігерін біріктіретін тиімді тетікке айналды. Бұл жұмыстың шынайы құндылығы өткізілген кездесулердің санымен емес, бүгінде инвестициялық жобаларға ұласып, мемлекеттік саясатты жетілдіруге ықпал етіп жатқан бірлескен шешімдермен өлшенеді. БҰҰДБ осы үдерістің бір бөлігі болғанын мақтан тұтады. Қазақстанда су үнемдеу саясатын ілгерілету мен елдің ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қолдауын жалғастыра береді», деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

 

Су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің үйлестіру кеңесі 2024 жылдың қыркүйегінде Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен құрылған. Бүгінде кеңес құрамына 40-тан астам серіктес ұйым кіреді.

Биыл көктемде Ақмола облысының Қорғалжын ауданында еріген қар суының келуіне байланысты Шөптікөл бөгеті бұзылған еді. Оқиға орнына облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков барып, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның жетекшілігімен жедел штаб құрылғаннан кейін жақын маңдағы Сабынды ауылы су басу қаупінен аман қалған болатын. Сол кезде жұмысқа 56 техника мен 230-дан астам адам тартылды. Сондай-ақ 5 мың қап, 50 мың тонна инертті материал дайындалып, 800 метрге жуық қорғаныс үйіндісі төселді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары