Қазақстан мыс, титан, алюминий және басқа маңызды ресурстармен ұзақ уақыт қамтамасыз ете алады Тоқаев
Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ-герман экономикалық қарым-қатынасының келесі кезеңі озық технологиялармен, жоғары технологиялық өндіріспен және жаңа нарықтарды бірлесе игерумен байланысты болуға тиіс.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық компания жетекшілеріне елімізде инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдай, атап айтқанда, Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб пен Астана халықаралық қаржы орталығы туралы кеңінен мағлұмат берді.
Содан кейін Президент өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды.
"Озық өндірісті дамыту негізгі басымдықтардың бірі болғаны абзал. Қазақстан машина жасау, металлургия, электр техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісін дамытуды қолға алды. Әйтсе де еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті автоматтандырып, роботты техника мен озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Siemens және KUKA секілді компаниялар аталған салаларда көшбасшы саналады. Қазақстанның ірі кәсіпорындары, соның ішінде Qarmet те бар, өнеркәсіп саласындағы тұрақты сұраныс пен сенімді серіктестік байланыстарды қамтамасыз ете алады. Өршіл мақсаттарымызды "Қазақстанда Бавария технологиясы арқылы неміс сапасына сай жасалған" деген қарапайым сөзбен бейнелеуге болады", – деді Мемлекет басшысы.
Президент аса маңызды материалдарды серіктестіктің тағы бір бағыты ретінде атады.
"Неміс өнеркәсібі маңызды ресурстардың жеткізілу жолдары сенімді және әр тараптан болуына мүдделі. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады", – деді Мемлекет басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстан Еуропаны 21 аса маңызды минералмен қамтамасыз етуге дайын Тоқаев
24 Маусым 2026 08:19
Ғарышта ұзақ уақыт қалып қойған тайконавтар Жерге оралды
15 Қараша 2025 06:04
Павлодар облысында ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды
14 Ақпан 2026 11:18
Уақыт келді! . Димаш маңызды мәлімдеме жасады
30 Қаңтар 2026 09:55
Ұзақ уақыт ескі деректер пайдаланылған: ШҚО жолдары цифрландырылып жатыр
25 Қаңтар 2026 20:00
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 22:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















