Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстан Премьер министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

Қазақстан Премьер министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Премьер-министр Олжас Бектенов Баку қаласына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық қабылдауына, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінің үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Үкімет

Әзербайжан Президентімен өткен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ыстық сәлемі мен шынайы лебіздерін жеткізді. Екі ел басшыларының парасатты әрі сындарлы саясатының арқасында екіжақты ынтымақтастық нығая түсетіні атап өтілді. Бұл тұрғыда Қазақстан Үкіметі өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және ЖИ сияқты басқа да негізгі салалардағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге бар күш-жігерін салып жатыр. 

Түркі мемлекеттері ұйымы үкіметтері басшылары мен вице-президентінің екінші кездесуіне Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, сондай-ақ бақылаушылар қатысты.

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды


Кездесуде ТМҰ мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Өңірлік және жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, көлік инфрақұрылымын дамыту және Орта дәліздің цифрлық интеграциясы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту перспективалары талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен күш-жігерді үйлестіруде ТМҰ-ның өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.

Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. Ұйымының іргетасын қалаушылардың бірі ретінде біз әуел бастан түркі интеграциясын ұзақ мерзімді, прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан бағдарланған үдеріс ретінде қарастырып келеміз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі 12,9 млрд долларға жетті. Біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз», деді Олжас Бектенов.

Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейту және оны Түркі инвестициялық қорымен тығыз үйлестіру қажеттігі атап өтілді. Бұл ТМҰ экономикалық институттарының анағұрлым тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды

Өзара сауда көлемін ұлғайту және бизнес үшін цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында Қазақстан Бішкекте өткен ТМҰ-ның XI саммитінде қол қойылған Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді (DEPA) ратификациялауды тездетіп аяқтауға ниетті. Өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттерінің өңірлік метрологиялық ұйымын (TURKMET) құру және оны толық іске қосу жұмыстарын аяқтауды жеделдету ұсынылды.

Қазіргі уақытта Түркістанда бизнеске қолдау көрсетудің нақты қадамы ретінде «Тұран» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Қазақстан осы аймақта оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер серіктестерінің қатысуымен жаңа бірлескен өндірістерді құруға және технологиялық кластерлерді дамытуға дайын екенін растады.

Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Орта дәліздің мәртебесін нығайту мақсатында биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасында үкіметаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Олжас Бектенов Зангезур дәлізінің ашылуын ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығы Орта дәлізді дамытуға қосымша серпін бере алады. Осыған орай, бұл бастаманы тезірек жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын шұғыл түрде құруды ұсынылды.

Олжас Бектенов озық экологиялық шешімдер мен трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымды нығайту аса қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибелер кеңесін құруды және Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу жұмыстарын аяқтап келеді.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру жөнінде бастама көтеруде.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта Әзербайжанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы төрағалығына және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігеріне қолдау көрсетілетіні расталды.

Соңғы жаңалықтар

Елордада тиімді бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Елорда • Бүгін, 14:43

Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды

Заң • Бүгін, 13:32

Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?

Қоғам • Бүгін, 13:25

Жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады

Экономика • Бүгін, 13:13

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

Оқиға • Бүгін, 12:57

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды

Оқиға • Бүгін, 12:41

Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді

Қоғам • Бүгін, 12:25

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Оқиға • Бүгін, 12:15

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға көтерілді

Футбол • Бүгін, 12:07

35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді

Білім • Бүгін, 11:56

Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 11:49

Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:36

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Бүгін, 11:30

Автоматты жүйе және 187 бағдаршам: LRT қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Елорда • Бүгін, 11:23

«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?

Мектеп • Бүгін, 11:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 14:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары