Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Қазақстан жаһандық AI нарығынан өз үлесін алуға дайындалып жатыр

Қазақстан жаһандық AI нарығынан өз үлесін алуға дайындалып жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумының екінші күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл - Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты халықаралық іс-шарасы.

Жасанды интеллект жаһандық экономиканы трансформациялап, өсудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруда. Технологиялар мен бизнес көшбасшылары AI экономикасын дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан жасанды интеллекттің энергетикалық және чиптік инфрақұрылымнан бастап үлкен тілдік модельдер мен қолданбалы шешімдерге дейінгі барлық бес деңгейін жүйелі түрде дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

«Біз толыққанды AI экономикасын қалыптастырудың бастапқы кезеңіндеміз. Түрлі бағалаулар бойынша оның жалпы қолжетімді нарығы қазірдің өзінде 50 трлн доллардан асады. Қазақстан үшін бұл - жаңа жаһандық экономикада өз орнын иеленіп, жасанды интеллектті дамытудан барынша жоғары нәтиже алу мүмкіндігі. Сондықтан біз AI экономикасының барлық бес деңгейін - энергетикалық инфрақұрылымнан, чиптер мен бұлтты платформалардан бастап, өзіміздің тілдік модельдеріміз бен қосымшаларымызға дейін жүйелі түрде дамытып жатырмыз. Технологиялар мен сараптама қажет бағыттарда жаһандық әріптестермен ынтымақтаса отырып, бір мезгілде өз құзыреттерімізді де дамытамыз. Қазақстан үшін ең үлкен әлеуетті қолданбалы AI саласынан көріп отырмыз. Бұл - экономиканың, бизнестің тиімділігін арттырып, адамдардың күнделікті өмір сапасын жақсартатын шешімдерді әзірлеу және ауқымын кеңейту», - деп қорытындылады Жаслан Мадиев.

Сессияда сондай-ақ 01.AI негізін қалаушы және бас директоры, Sinovation Ventures төрағасы, ЖИ кеңесінің мүшесі Кай-Фу Ли сөз сөйледі. Ол адами құзыреттерге ерекше назар аударды. Оның пікірінше, AI кеңінен тараған сайын бұл технологияны басқара білу және оны қолдану нәтижесіне жауапкершілікпен қарау қабілетінің маңызы арта түседі.

«Басымдықтар туралы айтатын болсақ, ең алдымен адамдарды AI-ды пайдалану тәсілін өзгертуге ынталандыруға кеңес берер едім. Жасанды интеллектті шығындарды қысқарту құралы ретінде ғана емес, жұмыс істеу тәсілінің өзін өзгерту мүмкіндігі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, кәсіпкерлер AI-ды жай ғана құрал емес, қосымша кадрлық әлеует ретінде пайдалана алады. Бұл AI-агенттерге де қатысты. Көпшілік AI-агенттерді тек инженерлер ғана жасай алады деп ойлайды. Алайда заңгерлер де өздерінің кәсіби міндеттерін шешуге арналған агенттерді әзірлей алады. Президент Тоқаев жекелеген салаларды цифрландырудан цифрлық экономикаға көшу қажеттігін айтқан болатын. Мұндай экономикада әр адам цифрлық құралдарды пайдалана алады: біреулер AI-агенттерді әзірлейді, енді біреулер қызметкерлер саны барынша аз компаниялар құра алады. Менің ойымша, дәл осындай тәсіл Қазақстанның алдағы цифрлық дамуының бір бөлігіне айналуы тиіс», - деді Кай-Фу Ли.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов компания Freedom суперқосымшасына жасанды интеллектті енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Соның нәтижесінде қосымшада AI-ассистент пен жасанды интеллект негізіндегі түрлі қызметтер пайда болады.

«Біз компания ішінде AI-ды қазірдің өзінде белсенді пайдаланып келеміз. Мысалы, оның көмегімен бэк-офис жұмысының тиімділігін арттырып, есептілік пен процестерді басқаруды жетілдіреміз. Деректер базамызға қосылған жасанды интеллект процестердің тиімділігі мен негізгі көрсеткіштер туралы сұрақтарға жауап бере алады. Сонымен қатар біздің міндетіміз - клиенттер үшін қызметтерді барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету. Біз AI-ассистент арқылы инвестициялар мен сақтандырудан бастап электрондық коммерцияға, қонақүйлер мен әуе билеттерін брондауға дейінгі кең ауқымды қызметтерді алуға мүмкіндік жасағымыз келеді. AI клиенттің сұранысын түсініп, оған ең қолайлы шешімдерді ұсынуы тиіс. Біз платформаны жасанды интеллект күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін жеке көмекшіге айналатын толыққанды экожүйе етуді көздейміз. Бұл - күрделі міндет. Кейбір AI-агенттерді бір күнде әзірлеуге болады, алайда агенттің барлық қажетті міндетті орындай алуы үшін бір жыл қажет. Биыл біз тағы бір өнімді іске қосамыз», - деді Тимур Турлов.

Оның айтуынша, компания сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта компания деректерді өңдеу орталықтарына инвестиция салуды жалғастыруда. AI саласындағы ірі жобалардың бірі NVIDIA-мен бірлесіп салу жоспарланған дата-орталық болмақ.

Sofreh Capital бас директоры және негізін қалаушы Шервин Пишевар сессия барысында Қазақстанда компания кеңселерін ашу ниеті бар екенін мәлімдеді. Қазақстандағы AI экономикасының даму мүмкіндіктері туралы айта келе, ол елдегі инженерлік кадрлардың, инновацияларды мемлекеттік қолдаудың және ресурстық базаның үйлесімін атап өтті.

«Сіздерде қазірдің өзінде бөлісуге болатын нақты кейстер мен мысалдар бар. Мысалы, Higgsfield-ті алайық. Бұл - Қазақстанды алдыңғы қатарға шығарған және қазақстандықтардың инженерлік әлеуетін көрсеткен мысал. Миллиардтаған доллардың өзі сіздерде үлкен инженерлік әлеует бар екенін көрсетеді. Мұны мақтан тұту керек. Кремний алқабы бүгінде материалдық ұғымнан гөрі біздің санамыздағы идеяға айналды. Сіздерде таланттар, инженерлік мамандар, инновациялар мен жаңашылдықты қолдайтын мемлекет, сондай-ақ AI экономикасын дамытуға қажетті ресурстар бар. Сіздерде ғарыш индустриясына қажетті барлық минералдар, спутниктер, атом инфрақұрылымы және Higgsfield бар. Сондықтан мен осында кеңселер ашып, компанияны көшіріп, Қазақстанның болашағына инвестиция сала бастағым келеді», - деді Шервин Пишевар.

Қазақстанның AI инфрақұрылымын дамыту туралы айта келе, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин елдің өз есептеу қуаттарын пайдаланып қана қоймай, болашақта оларды экспорттай алатынын атап өтті. Оның айтуынша, дата-орталықтарды дамыту және технологиялық компаниялармен әріптестік орнату AI экономикасының жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Келесі жылдан бастап есептеу қуаттарын - бүгінде бүкіл әлемде сұранысқа ие және болашақта да сұранысқа ие болатын компьютерлік токендерді экспорттай бастаймыз деп үміттенемін. Егер ғарыш саласын Қазақстанда қалыптастырып жатқан мүмкіндіктерімізбен - дата-орталықтармен, деректерді өңдеу орталықтарымен, NVIDIA және басқа да технологиялық компаниялармен әріптестікпен ұштастыра алсақ, бізде қажетті құзырет қалыптасады және жердегі есептеу қуаттары мен ғарыш индустриясы арасындағы байланысты қалай қамтамасыз ету керектігін түсінеміз», - деді Бағдат Мусин.

AI & Digital Bridge 2026 форумы 1-3 қазан аралығында Астанада өтеді және жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы іс-шаралар айы - AI MONTH аясындағы басты халықаралық іс-шара болып саналады.

Форумды Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырады.

AI & Digital Bridge 2026 форумын өткізу форум серіктестерінің қолдауымен демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етілді.

Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес: Halyk Bank. Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан. Қола серіктес: Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations. Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ. Ресми әуе серіктесі (Official Airline Partner): Air Astana.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қазан 2026 14:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары