Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда 2026 жылы биологиялық белсенді қоспалар мен зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалауды енгізу жоспарлануда

Қазақстанда 2026 жылы биологиялық белсенді қоспалар мен зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалауды енгізу жоспарлануда

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі биологиялық белсенді қоспаларды және зергерлік бұйымдарды міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесіне жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Жобаға сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалауды 2026 жылғы қыркүйектен, ал зергерлік бұйымдарды желтоқсаннан бастап енгізу жоспарлануда.

Биологиялық белсенді қоспалар

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. Нарық қатысушыларының бағалауынша, Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну көлемі жыл сайын шамамен 15–20%-ға артып отыр. Жоба аясында ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 57 коды таңбалау жүйесіне енгізу қарастырылған, олар биологиялық белсенді қоспалар ретінде қолданылатын өнімдердің кең тізбесін қамтиды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 9 айында іріктеліп алынған 20 мыңнан астам биологиялық белсенді қоспалар сынамасының 25%-ында бұзушылықтар анықталған. Бұл аталған тауарлар айналымы саласында мәселелердің бар екенін көрсетеді.

Халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатысты мәселе ерекше алаңдаушылық туындатады. Сонымен қатар отандық өндірушілер контрабанда және контрафактілік өнім айналымына байланысты жосықсыз бәсекелестіктің бар екенін атап өтуде. Мұндай тауарлар төмендетілген бағамен сатылып, заңнама талаптарын сақтайтын адал нарық қатысушылары үшін тең емес жағдай қалыптастырады.

Таңбалауды енгізу тауарлар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, контрафактілік және заңсыз өнім көлемін қысқартуға, адал нарық қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға, тұтынушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекетке Қазақстан Республикасы аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар нарығы бойынша объективті деректер алуға мүмкіндік береді.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау тізбесіне енгізу туралы шешім осы саладағы заңсыз айналым үлесінің жоғары болуына байланысты қабылданып отыр. Салалық сарапшылардың бағалауынша, зергерлік нарықтағы көлеңкелі айналым үлесі 90%-дан асады. Тауар қозғалысы тізбегіндегі ашықтықтың болмауы адал нарық қатысушылары үшін тәуекелдер туындатады, салық түсімдерінің төмендеуіне әкеледі және тұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығы мен заңдылығын тексеру мүмкіндігін шектейді.

Міндетті таңбалауға ЕАЭО СЭҚ ТН келесі кодтары бойынша тауарлар жатады:

7113110000 – күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа да бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдар және олардың бөлшектері;7113190000 – өзге бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған зергерлік бұйымдар және олардың бөлшектері;7114110000 – алтын немесе күміс шеберлерінің күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдары және олардың бөлшектері;7114190000 – алтын немесе күміс шеберлерінің өзге бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдары және олардың бөлшектері;9111100000 – өзімен бірге алып жүруге немесе тағуға арналған сағаттарға арналған бағалы металдан немесе бағалы металмен қапталған металдан жасалған корпустар;9113101000 – өзімен бірге алып жүруге немесе тағуға арналған сағаттарға арналған бағалы металдан жасалған белдіктер, таспалар және білезіктер, сондай-ақ олардың бөлшектері.

Цифрлық таңбалауды енгізу зергерлік бұйымдардың өндірістен немесе импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі барлық айналым кезеңдерінде қадағалануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл шара заңсыз айналымға қарсы іс-қимылдың тиімді құралына айналып, сатып алушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2026 жылдың 3 сәуірі мен 20 сәуір аралығында ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында өтеді. Құжатпен танысып, өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына сілтеме арқылы жолдауға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15795644 .

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, киік мүйіздері, мотор майлары міндетті цифрлық таңбалауға жатады. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап сыра және сыра сусындарын таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталды. 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар пилоттық режимде медициналық мақсаттағы бұйымдарды, өсімдік майын, ағаш материалдарын, тұрмыстық химия тауарлары мен косметиканы таңбалау сынақтан өтуде. Бұған дейін ағаш материалдары мен тұрмыстық баллондарда сатылатын сұйытылған мұнай газын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды.

Бүгін, 15:39

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары