Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елімізде ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл – Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі AI-таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды бастама. Байқаудың финалдық кезеңі Астанада орналасқан Аlem.ai халықаралық  жасанды интеллект орталығында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тиісті министрлікке сілтеме жасап.

Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

Аlem.ai battle оқушыларды, студенттерді, стартап-командаларды және зерттеушілерді бір алаңға тоғыстырып, AI-жобалардың прототиптен бастап толыққанды технологиялық шешімге дейін жүйелі түрде дамуына мүмкіндік береді.

Байқау төрт негізгі санат бойынша өтеді:

AI Young Talents – жұмыс істейтін MVP деңгейіндегі AI-жобалары бар 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары;
AI Driving Power – жұмыс істейтін MVP деңгейіндегі AI-жобалары бар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
AI Future Builders – AI-өнімі мен прототипі немесе MVP-сі бар, нарықта дәлелденген трекшні (ақылы пилоттар, сатылымдар) бар командалар;
AI Innovators – жасанды интеллект құрамдас бөлігі бар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға негізделген жобалар.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды. Іріктеу нәтижесінде финалға 20 үздік команда жолдама алады. Қорытынды кезеңде сарапшылар алқасы әр санат бойынша төрт жеңімпазды анықтайды.

Аlem.ai battle – еліміздегі AI-таланттар мен әлеуеті жоғары жобаларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы. 2025 жылы Digital Bridge халықаралық форумы аясында өткен AI SANA: Generative Nation ұлттық байқауы қазақстандық қатысушылардың жоғары деңгейін және отандық AI-жобалардың жетілгенін көрсетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында біз цифрлық мамандарды жүйелі түрде даярлап, дамытып келеміз. Былтыр AI SANA: Generative Nation Қазақстанда AI саласында жеткілікті әрі мықты дарынды жастар ортасы қалыптасқанын дәлелдеді. Бұл – жай ғана әлеует емес, нақты әрекет ететін күш. Біз мектептегі идеялардың жұмыс істейтін прототиптерге, студенттік бастамалардың салалардың цифрлық трансформациясына, ал ғылыми-зерттеулердің жоғары технологиялық жобаларға айналып жатқанын көріп отырмыз. Аlem.ai battle осы жолдың заңды жалғасы әрі жасанды интеллект саласындағы болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған миссиямыздың бір бөлігі», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізілетін байқауды Astana Hub ҚР ЖИЦДМ қолдауымен жүзеге асырады. Бұл бастама – alem.ai платформасының адам капиталын дамытуға арналған ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі.

Халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында жыл сайын 10 000-ға жуық талантты тарту, 5 000 мектеп оқушысын оқыту, кемінде 1 000 AI маманын даярлау, 100-ге жуық AI-стартапты іске қосу және жасанды интеллект саласында 10-ға жуық ғылыми-зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:332
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 13:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see158

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see156

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see154

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see150

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see149

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see149

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see141

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see141

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see138

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see134

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see133

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see126

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see123

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see122

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see121

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see119

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see117

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see117

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see116

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары