Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жүлде қоры 19 млн теңге: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Жүлде қоры 19 млн теңге: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Шымкентте өткен Digital Qazaqstan 2026 форумының сахнасында еліміздің үздік технологиялық стартаптары өз жобаларын сарапшылар мен инвесторларға таныстырды.

Бірнеше ай бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген стартаптар ұлттық деңгейдегі финалға шығу үшін бақ сынап, 19 млн теңге жүлде қоры үшін жарысты. Digital Qazaqstan Battle финалында еліміз бойынша іріктелген 20 үздік жоба нақты нарықта сыналған технологиялық шешімдерін ұсынып, өз өнімдерін Қазақстанда және шетелде дамыту мүмкіндігін көрсетті.

Фото: ЖИ және цифрлық даму министрлігі

Қатысушылар жасанды интеллект, «ақылды қала», бизнес үдерістерді автоматтандыру, білім беру технологиялары және цифрландырудың өзге де бағыттары бойынша жобаларын таныстырды. Финалистер қатарында JolScan, aitomaton, Lady Taxi, SanEduPortal, Kasibi Taxi, LoyaBonus, Okushy, CortexAI, Proji, zhihaz.kz, SmetaHub, gro.now, Reco, AR Sana, Qalam, Ai-mektep, Mathlab, Help Hand, KenDala және Numerus болды.

Финалдық кезеңде жобаларды мемлекет, инвестиция және технология саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. 

— Тартысты өткен финал қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде — 10 000 000 теңге gro.now (Алматы) жобасына бұйырды. Екінші орын мен 5 000 000 теңгені Cortex AI (Қызылорда) иеленді. Үшінші орын және 3 000 000 теңге AR Sana (Астана) жобасына берілді. Сонымен қатар көрермендер таңдауы бойынша Qalam AI (Шымкент) стартабы 1 000 000 теңге сыйақыға ие болды, — делінген хабарламада.

Фото: ЖИ және цифрлық даму министрлігі

Жеңімпаз жобалар:

gro.now — маркетингтік зерттеу және нарықты талдау платформасы Cortex AI — бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін болжайтын медициналық жүйе AR Sana — балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған health-tech платформа Qalam AI — қағазға жазылған мәтінді танитын және оны талдап, реттейтін «ақылды қалам»

— Финалға шығу — өз идеямызды бүкіл ел алдында сынап көруге және сарапшылардан кері байланыс алу үшін үлкен мүмкіндік. Жоба саланың дамуына үлес қосып, жаңа серіктестер табуға көмектеседі деп сенеміз. Бұл біз үшін командамыздың әлеуетін көрсетіп, өңірлерден шыққан жобалардың да ел деңгейінде бәсекеге түсе алатынын дәлелдейтін мүмкіндік, — деді финалға шыққан AR Sana компаниясының бас директоры Айнұр Нұрәділ.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: алдымен өтінімдер қабылданып, жобалар талаптарға сай тексерілді. Кейін өңірлік жартылай финалдар өтіп, олардың нәтижесінде финалистер анықталды. Қазылар стартаптарды нарықтағы сұраныс, команда сапасы, даму мүмкіндігі және инвестициялық тартымдылығы бойынша бағалады.

Фото: ЖИ және цифрлық даму министрлігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Digital Qazaqstan Battle — тек қаржылай қолдау алу мүмкіндігі ғана емес. Финалистер кең аудиторияға танылып, инвесторлардың назарын аударып, өз жобаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктерге ие болды.

— Бұл жоба мықты технологиялық стартаптар тек ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де дамып жатқанын көрсетеді. Финал тәжірибе алмасуға, инвесторлармен байланыс орнатуға және қатысушылардың кәсіби деңгейін дәлелдеуге мүмкіндік берді, — деді Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры Әшімбек Әбілғазинов.

Айта кетерлігі, Digital Qazaqstan 2026 форумы серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілер есебінен жабылды.

Бұдан бұрын Цифрлық даму министрлігі алғашқы Digital Nomad Residency иегерінің есімін жариялады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:268
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары