Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік, экономикалық және қалалық мәдениетке ие өркениетті археологиялық, қолжазбалық және архивтік деректер арқылы көрсету.

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктер мен шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жетекші ғалым-археологтар, тарихшылар мен шығыстанушылар, сондай-ақ музейлер, музей-қорықтар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты.

Бірегей экспонаттар мен ғылыми жаңалықтар:

Мемлекет және билік. Тұңғыш рет халықаралық архивтерден алынған дипломатиялық құжаттар ұсынылды. «Хандар шежіресі» қолжазба шиыршығы (XVIII ғ., «Ғылым ордасы» ОҒК) – ұзындығы 267 см болатын каллиграфиялық ескерткіш, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енгізілген, онда Жошы әулетінен шыққан 104 ханның генеалогиясы бейнеленген. Гүйік ханның Папа IV Иннокентийге жолдаған хаты (1246 ж., Ватикан апостолдық архиві) – қыпшақ және парсы тілдерінде жазылған Алтын Орданың ең көне дипломатиялық құжаты. Тоқтамыс ханның (1381 ж., РҒА Шығыс қолжазбалары институты, Санкт-Петербург) және Темір-Құтлықтың (1398 ж., Король сарайы кітапханасы, Вена) тархандық жарлықтары ордалық іс жүргізудің құқықтық әрі каллиграфиялық мәдениетін көрсетеді. Экспозицияны Ұлық Мұхаммед пен Ахмед хандардың Осман империясы сұлтандарына жолдаған дипломатиялық хаттары (Топқапы музейі архиві, Стамбұл) толықтырды.

Дала сәні мен киім үлгілері. Бұл бөлім Алтын Орда ақсүйектерінің заттық әлемін таныстырады. Шеңгелді ескерткішінен (Алматы облысы, XIII – XIV ғ. басы) табылған айдаһар мен феникс бейнеленген жібек маталар Қытай және Иранмен тікелей сауда байланыстары болғанын дәлелдейді. Бозоқ қорымынан табылған арыстан бейнелі күміс білезіктер мен Сығанақ кесенесінен шыққан алтын бас киім әшекейлері зергерлік өнердің жоғары деңгейін көрсетеді. Болған Ана кесенесінен табылған асыл текті әйелдің келбеті антропологиялық деректер мен заттай бұйымдар негізінде ғылыми тұрғыда қайта қалпына келтірілді. Жасанды интеллект көмегімен Орда дәуіріндегі ер адам мен әйелдің салтанатты киімдері қайта жасалды.

Әскери іс. Қазақстан мен Ресей аумағындағы Гашун-Уста, Мульта, Золотарёв қалашығы ескерткіштерінен табылған Алтын Орданың ауыр қаруланған атты жауынгерінің сауыт-сайманы мен қару-жарағы көрсетіледі. Нью-Йорктегі Метрополитен музейі коллекциясындағы Жәнібек хан дулығасының 3D-визуализациясы ұсынылады – бұл артефакт Қазақстанда бұрын-соңды көрсетілмеген. Жасанды интеллект көмегімен ондық әскери жүйеге негізделген ордалық әскердің тактикалық тәсілдері қайта жаңғыртылды.

Өркениеттер тоғысындағы дала мен қала. Сарайшық, Сығанақ, Баршынкент, Жент қалаларынан табылған керамика, шыны және металл бұйымдар Орда қалаларының күнделікті өмірін бейнелейді. Асанас қалашығынан табылған медициналық құралдар (қола ара мен қасық) дамыған қалалық өмірдің дәлелі болып табылады. Баршынкенттен табылған IHS христограммасы бар батысеуропалық сандықша Ордадағы діни төзімділік пен кең сауда байланыстарының заттай айғағы. Хорезмшахтар мемлекетінің, Шағатай және Үгедей ұлыстарының динарлары бар көмбелер қазақстандық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық саудаға қатысқанын дәлелдейді. Сығанақ қаласы мен Жошы хан кесенесінің 3D-реконструкциялары археологиялық қазба және геофизикалық зерттеу деректері негізінде жасалған.

Мәдениет, ғылым және өнер. Экспозицияға Алтын Орда дәуіріне жататын 23 қолжазба (7 түпнұсқа, 3 факсимильді басылым, 11 электрондық көшірме) қойылған. Олар Құран, дін, тарих, әдебиет, математика, астрономия және медицина тақырыптарын қамтиды. Олардың қатарында Өзбек ханның Құраны (1318 ж., ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институты, Алматы), Камаладдин ат-Түркманидің астрономиялық трактаты (1354 ж., Принстон университеті, АҚШ), Ахмад Килани жазған Гиппократқа медициналық түсіндірме (1345 ж., Британ кітапханасы, Лондон), Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасы (1341 ж., Франция ұлттық кітапханасы) бар. Арнайы транскрипция платформасы келушілерге алты ғасыр бұрын шағатай тілінде жазылған мәтіндерді оқуға мүмкіндік береді.

Мультимедиялық бөлім:

Көрме аясында келушілерге тақырыптық бейнематериалдар мен интерактивті контент ұсынылды. Алтын Орда дәуіріне қатысты Қазақстан аумағындағы 70 археологиялық ескерткішті қамтитын интерактивті карта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. LED-экранда Жошы әулетінен шыққан 104 ханның генеалогиялық кестесі көрсетілді. Машиналық көру технологиясы арқылы көне тиындарды оқу, жасанды интеллект негізінде салтанатты киімдер мен Орда әскері тактикасын реконструкциялау, сондай-ақ шағатай қолжазбаларын транскрипциялау платформасы экспозицияны заманауи ғылыми-танымдық кеңістікке айналдырады.

Материал ұсынған мекемелер тізімі:

Қазақстанның мұражайлары мен мұражай-қорықтары:

1. Ұлттық музейі;

2. Ұлттық орталық музейі;

3. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы;

4. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы;

5. «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы;

6. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы»;

7. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі;

8. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі;

9. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі;

10. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі;

11. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі;

12. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі;

13. Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі;

14. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі.

Ғылыми институттар:

1. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты;

2. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты;

3. Ислам ғылыми-зерттеу институты;

4. Ғылым ордасы.

Университеттер:

1. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;

2. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi;

3. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті.

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әл-Фарабидің ойлары кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды

Президент • Бүгін, 15:49

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Президент • Бүгін, 15:43

Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты

Президент • Бүгін, 15:34

Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн  

Президент • Бүгін, 15:30

Орталық Азияда көш бастады: Қазақстан жаһандық бедел индексінде жетекші орынға ие болды

Қазақстан • Бүгін, 15:24

Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі

Президент • Бүгін, 15:20

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Мереке • Бүгін, 15:10

Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды

Президент • Бүгін, 15:01

Министр Таяу Шығыстағы эвакуацияға кеткен шығын көлемін атады

Оқиға • Бүгін, 14:55

Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды

Президент • Бүгін, 14:50

1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті

Білім • Бүгін, 14:47

Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр: 20-дан астам елден делегация келді

Президент • Бүгін, 14:40

Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі

Әлем • Бүгін, 14:22

АҚШ-тағы мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды

Әлем • Бүгін, 13:59

Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 16:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары