Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қазақстанда амур жолбарыстарын еркіндікке жіберуге дайындалып жатыр мерзімдері аталды

Қазақстанда амур жолбарыстарын еркіндікке жіберуге дайындалып жатыр мерзімдері аталды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасының негізгі кезеңдерінің біріне дайындық аяқталуға жақын. Қазіргі оң нәтижелер сақталған жағдайда, Ресейден әкелінген екі ересек амур жолбарысы алдағы айда табиғи ортаға жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

Ведомство өкілдері түпкілікті шешім барлық сынақ аяқталып, қажетті рұқсаттар мен мамандар қорытындысы алынғаннан кейін ғана қабылданатынын атап өтті.

Бейімделу процесі сәтті өтті

Қазіргі уақытта "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватында көктемде Ресейден жеткізілген төрт амур жолбарысын бейімдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы уақыт бойы жануарлар мамандардың жіті бақылауында болып, мінез-құлқы, денсаулық жағдайы мен бейімделу барысы күн сайын тексеріліп жатыр.

Экология министрлігі мәліметінше, бақылау мен ветеринарлық тексерістер нәтижесі бойынша төрт жолбарыстың да физикалық жағдайы жақсы.

"Төрт амур жолбарысын бейімдеу процесі сәтті әрі бекітілген жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жүргізілген бақылаулар мен ветеринарлық тексерулердің қорытындысы бойынша барлық төрт жолбарыстың физикалық жағдайы жақсы деп бағаланады. Жануарлар тұрақты мінез-құлық, жақсы тәбет және жоғары белсенділік танытып жатыр", - деп хабарлады министрлік баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, екі ересек жолбарыс бейімделудің негізгі кезеңдерінен сәтті өткен. Олар табиғи мінез-құлқын сақтап, аң аулау дағдыларын сенімді көрсетуде және барлық негізгі көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан

Екі жас жолбарыстың да жағдайы жақсы. Олардың дамуы жас нормаларына сай, салмақ қосуды жалғастырып жатыр, қоректенуі жақсы және жаңа жағдайларға байыппен бейімделіп келеді. Мамандар ешқандай ауытқу немесе денсаулыққа қатысты мәселелерді анықтаған жоқ.

Жолбарыстар еркіндікке жіберілмес бұрын соңғы сынақтардан өтіп жатыр

Жолбарыстарды табиғи ортаға жіберу туралы шешім қабылдамас бұрын, мамандар ересек жануарлардың өз бетінше өмір сүруге дайындығын бағалайды. Ол үшін олардың азық табу қабілеті, сондай-ақ адамға реакциясы тексеріледі.

Министрлік ересек жолбарыстар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Жүргізілген сынақтар қорытындысы бойынша екі ересек жолбарыс та жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Олардың физикалық жағдайы жақсы деп бағаланады, ал мінез-құлқы жабайы жануарлардың әрекетіне толық сәйкес келеді. Мамандар адамнан қашу реакциясы тұрақты екенін растады: адамдар қоршауға жақындағанда жолбарыстар алшақтауды жөн көреді, сондай-ақ агрессия немесе қақтығысты мінел-құлық белгілерін көрсетпейді", - деп хабарлады ведомство.

Министрлік бейімделу кезеңінде жануарлардың адаммен тікелей байланысы толықтай шектелгенін ерекше атап өтті. Жолбарыстар санасында адам мен азық көзі арасында байланыс орнамас үшін қоректендіру қашықтан жүргізіледі. Бұл тәсіл реинтродукцияның сәтті өтуінің міндетті шарттарының бірі болып саналады.

Жолбарыстар алдағы айда еркіндікке жіберілуі мүмкін

Оң нәтижелерге қарамастан, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Алда жануарларды қосымша тестілеу күтіп тұр, соның қорытындысы бойынша сарапшылар тобы олардың өз бетінше өмір сүруге дайындығын анықтауы тиіс.

"Бүгінде ересек жолбарыстарды еркіндікке жіберу мәселесі қарастырудың соңғы кезеңінде тұр. Ағымдағы оң нәтижелер сақталып, бағалаудың қорытынды кезеңдері сәтті өтсе, олар алдағы айда табиғи ортаға жіберілуі мүмкін. Дегенмен нақты күн қарастырылған барлық рәсім аяқталып, мамандардың тиісті қорытындысы алынғаннан кейін ғана белгіленеді", - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Егер сарапшылар жануарларға қосымша дайындық қажет деп тапса, олар бейімдеу қоршауында қалдырылады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан

Жолбарыстар қайда мекендейді?

Шешім оң болған жағдайда, ересек жолбарыстар Алматы облысының Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберіледі.

Министрлік бұл аумақ қолайлы табиғи жағдайы мен жеткілікті жемшөп базасы арқасында Орталық Азияда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін ең әлеуетті аймақтардың бірі болып саналатынын атап өтті.

2026 жылдың басында резерват аумағы 35 мың гектардан астамға ұлғайтылды. Қазіргі уақытта оның ауданы 450 252,67 гектар, бұл мамандардың бағалауынша, тұрақты популяцияның қалыптасуы үшін қосымша жағдай жасайды.

Жолбарыстар еркіндікке жіберілгеннен кейін тұрақты ғылыми бақылауда болады. Жануарларға олардың қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін спутниктік GPS-қарғыбаулар тағылады.

"Мониторинг жүйесі жануарлардың буферлік аймақтарға немесе елдімекендерге жақындауын автоматты түрде тіркейді, содан кейін қажетті шараларды қабылдау үшін ақпарат дереу жауапты мамандарға жіберіледі. Бақылау резерваттың мониторинг орталығы арқылы тәулік бойы жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда қақтығысқа қарсы топтар жұмылдырылып, аумақты патрульдеу күшейтіледі", - деп түсіндірді министрліктегілер.

Мамандардың айтуынша, жолбарыстар үлкен қашықтықтарды бағындыруға қауқарлы, алайда олар еркіндікке жіберілгеннен кейін резерват аумағы мен іргелес жатқан табиғи мекендерді біртіндеп игереді деп күтіледі.

Тұрғындар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Экология министрлігі жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінетініне сендірді.

Ықтимал қақтығыстардың алдын алу үшін резерватта қақтығысқа қарсы топ құрылды, оның мамандары жолбарыстарды үркітуге және қажет болған жағдайда оларды ұстап, жансыздандыруға үйретілген.

Спутниктік және радиоқарғыбаулардан бөлек, халықты құлақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Егер жолбарыс үйге немесе елдімекенге бес шақырымға жуық қашықтыққа жақындаса, ол тұрғындарға жеке хабарлама жібереді.

2025 жылдың мамырында тұрғындар үшін жоба туралы ақпарат алуға және жолбарыстардың пайда болуына қатысты сұрақ қоюға болатын жедел желі ашылды.

Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қолдауымен өтемақы табыны құрылды. Егер жолбарыстың кесірінен үй жануарлары зардап шексе, иелері өтемақы ала алады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан

Нидерландтан келген жолбарыстар өсіру бағдарламасында қалады

Ресейден әкелінген төрт жануардан бөлек, бұған дейін Қазақстанға Нидерландтан екі жолбарыс жеткізілген болатын. Олардың алдағы жағдайы өзгеше болады.

Министрлік мәліметінше, бұл жануарлар хайуанаттар бағында өскендіктен, оларды жабайы табиғатқа жіберуге болмайды. Олардың негізгі міндеті - өсіру бағдарламасына қатысу.

Егер мамандар олардан ұрпақ ала алса, жолбарыс мойнақтары халықаралық стандарттар бойынша арнайы дайындықтан өткеннен кейін келешекте табиғи ортаға жіберілуі мүмкін. Мамандар сәтті ұрпақ алу ықтималдығын шамамен 50 пайыз деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта екі жолбарыс та ұстау жағдайларына толық бейімделді, физикалық жағдайлары өте жақсы және күн сайын мамандардың бақылауында болады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан

Жолбарыстарды алдағы уақытта жеткізу туралы не белгілі?

Қазақстанға амур жолбарыстарын алдағы уақытта жеткізу мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.

Экология министрлігі алдымен бағдарламаның ағымдағы кезеңін аяқтап, ересек жануарларды еркіндікке жіберу және олардың табиғи ортаға қалай бейімделетінін бағалау қажеттігін хабарлады.

Сондықтан 2026–2030 жылдар кезеңіне арналған нақты мерзімдер, жаңа жануарлардың ықтимал саны және оларды әкелу көздері әзірге белгісіз және жобаны іске асырудың келесі кезеңдерінде қарастырылады.

Еске сала кетейік, көктемде Қазақстанға Ресейден төрт амур жолбарысы реинтродукция бағдарламасы аясында жеткізілді. Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қарашадағы Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Қазақстанға берілді. Жоба Орталық Азияда жолбарыс популяциясын - Қазақстан аумағында 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен түрді қалпына келтіруге бағытталған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан

Мән-жайы

Қазақстанда Тұран жолбарысын қалпына келтіру жобасы 2018 жылдан бастап WWF және БҰҰДБ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Сол жылы Алматы облысында ауданы 415 мың гектардан асатын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда жыртқыштардың өмір сүруіне қолайлы экожүйені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биологтардың халықаралық тобы жүргізген генетикалық зерттеулер жобаның ғылыми негізі болды. Зерттеулер жойылып кеткен Тұран жолбарысы мен Ресей аумағында мекендейтін қазіргі амур жолбарысының жақын туыстығын растады. Бұл амур жолбарыстарын пайдалана отырып, реинтродукция бағдарламасын бастауға мүмкіндік берді.

2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға Нидерландтан алғашқы екі амур жолбарысы - Богдан мен Кума әкелінді. Жануарлар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Жолбарыстар сәтті бейімделіп, шағылыса бастады, бұл жануарлар үшін жағдайдың қолайлы екендігінің маңызды белгісі болып саналады. 2025 жылғы желтоқсанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жолбарыстардың жағдайы тұрақты жақсы деп бағаланатынын айтты.

2025 жылғы қарашада Қазақстан мен Ресей амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу бойынша бірлескен жоспарға қол қойды. Ресей тарапы Қазақстанға тағы төрт жолбарысты өтеусіз береді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті қалпына келтірудің бір бөлігі ретінде жолбарысты қайтару маңызды екенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қарағанды хайуанаттар бағында амур жолбарыстары дүниеге келді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 15:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары