Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанда ақылды қалалар мен ақылды өңірлерді құру: әдістеме бекітілді

Қазақстанда ақылды қалалар мен ақылды өңірлерді құру: әдістеме бекітілді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

"Ақылды" қала – бұл Smart City тұжырымдамасы бойынша қала дамуының моделі, ол ресурстарды тиімді басқаруға және қызметтерді көрсетуге бағытталған жоғары технологиялық және инновациялық шешімдер мен ұйымдастырушылық шаралар кешенін енгізуді көздейді, тұрғындар үшін жайлы және орнықты өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында жүзеге асырылады;

"Ақылды-өңір" – аудан деңгейін қоса алғанда, өңірдің бүкіл аумағын орнықты дамыту үшін мемлекеттік органдардың, бизнес пен халықтың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың интеграцияланған экожүйесін құруға бағытталған облысты (аумақтық бірлікті) цифрлық трансформациялау тұжырымдамасы.

"Ақылды" қала мен "ақылды өңір" мақсаттары:

азаматтар үшін қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету;қаланы басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Негізгі қағидаттары:

адами бағдар және өмір сүру сапасын арттыру;орнықтылық пен экологиялық жауапкершілік;ашықтық, қауіпсіздік және азаматтардың қатысуы;инклюзия және цифрлық теңдік;инновациялар мен технологиялық бейімделу;жүйелердің интеграциясы мен өзара байланыстылығы.

Негізгі салалары:

қаланы басқару;қауіпсіздік;көлік және логистика;әлеуметтік сала (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер);экология;тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;экономика және бизнес;инфрақұрылым.

Әдістеме халықаралық стандарттар мен әдістемелерге, сондай ақ осы Әдістемеге 1-қосымшасында көрсетілген тәжірибеге негізделеді және басқару процестерін стандарттау мен үйлестіруге әдістемелік тәсілді көздейді. Бұл тәсіл ресурстарды тиімді басқаруды, басым технологияларды айқындауды және қалаларды олардың қажеттіліктеріне қарай жіктеуді қамтамасыз етеді, шығындар мен күш-жігердің қайталануын азайтуға, сондай-ақ "ақылды" қалаларды басқарудың орнықты әрі ауқымды жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Әдістеме әртүрлі әкімшілік санаттағы елді мекендердегі цифрландыру деңгейін бағалау мақсатында әзірленген және елді мекендерді үш топқа жіктеуді көздейді:

республикалық маңызы бар қалалар – Астана, Алматы және Шымкент қалалары;облыстық маңызы бар қалалар – облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар;облыс орталықтары болып табылатын қалаларды және елді мекендерді қоса алғанда, аудандық маңызы бар қалалар.

Ақылды" қала тұжырымдамасын енгізу барлық елді мекендерде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Әдістеме "ақылды" қала тұжырымдамасын іске асыру үшін қажетті бастамалардың базалық тізбесін қамтиды. Бастамалардың базалық тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) технологияларды дамытуды және "ақылды" қалалар саласында жаңа инновациялық шешімдерді енгізуді ескере отырып, жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша толықтыруы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар "ақылды" қала бастамаларын іске асыру шеңберінде қалалардың тиімді цифрландырылуын қамтамасыз етеді.

"Ақылды" қалаларды дамыту стратегиясы — "ақылды" қала жобаларын іске асырудың басымдықтарын, мақсаттарын және кезеңдерін айқындайтын негіз болып табылады. Стратегияда ағымдағы жағдайдың талдауы, ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар, сондай-ақ тұрғындар мен бизнестің қажеттіліктеріне негізделген дамудың негізгі бағыттары қамтылады.

Стратегия қаланың ерекшелігін оның ауқымы, инфрақұрылымы, ресурстары және әлеуметтік-экономикалық контексті тұрғысынан қарастырады, цифрлық жетілуді бағалау және негізгі бастамаларды жергілікті жағдайларға бейімдеу құралдарын ұсынады.

Ақылды" қаланың құрамдас бөліктерін іске асыру "ақылды" қаланы дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейінде) құрудан басталады.

Жұмыс тобының қызметіне жалпы басшылықты цифрландыруды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін ЖАО бірінші басшысының орынбасары/аппарат басшысы жүзеге асырады. Әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету, жүйелі және кешенді тәсілді қалыптастыру үшін жұмыс тобына ЖАО тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ғылыми ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, мәслихаттар мен қоғамдық бірлестіктердің депутаттары енгізіледі. Жұмыс тобының хатшысы цифрландыруды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын ЖАО құрылымдық бөлімшесінің басшысы болады.

Стратегияны әзірлеу Жұмыс тобы тарапынан қаланы қайта құру және оған дайындығы тұрғысынан зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған зерттеу аясында қаланың, оның даму ерекшеліктерінің, тұрғындары мен бизнесінің қажеттіліктері туралы түсінік қалыптастырылады. Осы кезеңде цифрлық инфрақұрылым мен енгізілген ақпараттық жүйелердің жай-күйіне аудит жүргізіледі. Дереккөздер ретінде (әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде) ресми статистикалық деректер, 109 бірыңғай байланыс орталығының базасы, ахуалдық орталық, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша бірыңғай платформа, жекелеген сарапшылардың және/немесе сараптамалық қауымдастықтың бағалауы, ақпараттық кеңістікті мониторингтеу қызмет етеді.

Зерттеу нәтижесі Жұмыс тобының хаттамасы болып табылады, оған қаладағы жалпы жағдай бойынша кешенді шолу, бірінші кезекте шешуді талап ететін базалық бастамалар, сондай-ақ Жұмыс тобының отырысы қорытындысы бойынша айқындалған қосымша бастамалар қоса беріледі.

Жұмыс тобының нәтижесінде келесі бөлімдерден тұратын Стратегия қалыптастырылады:

ағымдағы жағдайға шолу және контекст – қолданыстағы цифрлық инфрақұрылымға, нарықтық және әлеуметтік жағдайларға, трансформация мақсаттарына талдау жүргізу, қаланың жетілу деңгейін айқындау;пайым және миссия – "ақылды" қаланы дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен негізгі бағыттарын айқындау;мақсатты модель және архитектура – азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылды қоса алғанда, цифрлық жүйелер мен процестердің қалаулы жай-күйін сипаттау;қаланың цифрлық бейіні, ол бастамаларды негізді таңдауға және ресурстарды жоспарлауға негіз ретінде қызмет етеді;метрикалар мен тиімділіктің негізгі көрсеткіштері – ілгерілеу мен іске асыру нәтижелерін өлшеу жүйесі;тәуекелдер мен өзгерістерді басқару – бейімделу, кадрлық және техникалық ресурстарды басқару процестері, тәуекелдерді барынша азайту;қаржылық қамтамасыз ету – шығындарды, қаржыландыру көздерін және жобалардың экономикалық тиімділігін есептеу;коммуникация және мүдделі тараптарды тарту – бастамаларды қолдау үшін қоғаммен және серіктестермен өзара іс-қимыл стратегиялары;мониторинг, стратегияны бағалау және түзету – кері байланыс пен сыртқы ортаның өзгерістері негізінде үздіксіз талдау және оңтайландыру.

Әзірленген Стратегияға сәйкес Жол картасы қалыптастырылады, онда іске асыру мерзімдері, жауапты орындаушылар, күтілетін нәтижелер (оның ішінде оларға қол жеткізудің өлшенетін сандық көрсеткіштері бар) бар базалық және қосымша бастамалар нақтыланады.

Стратегия және Жол картасы жобасы уәкілетті органмен 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Уәкілетті орган ескертулер береді және Жол картасы жобасын келісуден бас тартады.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары