Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда әскери салаға цифрлық технологиялар енгізіледі

Қазақстанда әскери салаға цифрлық технологиялар енгізіледі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алқа отырысына Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен бөлімдердің командирлері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары қатысты.

Жиынды ашқан Қорғаныс министрі жыл қорытындысы Жоғарғы Бас қолбасшы қойған тапсырмаларды ескере отырып жасалатынын атап өтті. Алдағы кезеңнің басым бағыттары ретінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқару сапасы, қару-жарақтың жағдайы және адами капитал секілді үш негізгі бағытты айқындады.

– Басқарудың тиімділігін арттыру үшін әскерлерді заманауи байланыс құралдарымен, әсіресе тактикалық деңгейде  қамтамасыз ету қажет. Бұл бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын және шешім қабылдау жеделдігін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Қорғаныс министрі жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілерді қолдануға көшу қажеттілігіне де назар аударды. Бұл атыс соққыларының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дәурен Қосанов сондай-ақ командирлердің дербестігіне қатысты министрліктің ұстанымын да айқындады. Оның айтуынша, барлық деңгейдегі командирлер оқу-жаттығулар, атыстар, ұшулар және теңізге шығулар кезінде бастамашылдық пен жауапкершілік танытуы тиіс.

Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жағдайы, сондай-ақ жалпы қызметтік іс-қимылдың нәтижелері туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов баяндады. Қамтылған бағыттар бойынша министрдің орынбасарлары әскери тәртіп, техникалық және тылдық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарулы Күштердің цифрлық трансформациясы мәселелерін қозғады.

Отырыс қорытындысы бойынша, Қорғаныс министрі қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлерді қолданудың заманауи нысандары мен тәсілдерін енгізуді тапсырды. 2026 жылға арналған міндеттердің қатарында – қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қатысуын кеңейту, байланыс, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз авиациялық кешендерді дамыту бар.

Цифрландыру саласында Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын, автономды басқару жүйелерін енгізу және ұлттық қауіпсіздіктің киберқұрамдасын күшейту қажеттігін атап өтті.

Алқа жұмысының соңында 2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік жарыстың жеңімпаздары марапатталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 15:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары