Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанда балаларға протездік ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

Қазақстанда балаларға протездік ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жеке өлшеммен жасалған протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жұмыс – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Протездік-ортопедиялық көмек тірек-қимыл жүйесінде бұзылыстары бар балалардың қозғалысын қолдауға, дене бөліктерінің қызметін түзетуге және оңалтудың нәтижесін жақсартуға бағытталған. Мұнда басты назар әр балаға жеке қарауға аударылады. Яғни бұйым баланың денсаулығына, дене бітімінің ерекшеліктеріне және нақты қажеттілігіне қарай таңдалып, жеке өлшемімен дайындалады.

Протездік-ортопедиялық көмектің негізгі түрлерінің бірі – ортездеу. Ортез – дененің белгілі бір бөлігін ұстап тұруға, тұрақтандыруға немесе дұрыс қалыпқа келтіруге көмектесетін арнайы медициналық бұйым. Ол сондай-ақ денеге түсетін салмақты азайтуға көмектеседі.

Баланың медициналық көрсетіліміне қарай табанға, тобыққа, тізе буынына, балтырға, аяқтың толық бөлігіне, сондай-ақ қолдарға арналған ортездер жасалуы мүмкін. Балаға қандай ортез қажет екенін маман тексеру нәтижесіне қарай анықтайды.

Ортез баланың жеке өлшемі бойынша жасалады. Бұл балалар үшін өте маңызды, себебі бала өскен сайын дене бітімі мен қозғалысқа деген қажеттілігі де өзгереді. Сондықтан мамандардың міндеті дайын бұйымды бере салу емес, баланың дене ерекшелігіне сәйкес келетін ортез дайындау. Дұрыс таңдалған ортез баланың қозғалысын қолдап, оңалту шараларының тиімді өтуіне көмектеседі.

Ортезді баланың жасына, суретіне немесе сыртқы белгілеріне қарап өз бетінше таңдауға болмайды. Алдымен маманға қаралу қажет. Маман баланың денсаулығын, қозғалу мүмкіндігін бағалап, ортездің қажет-қажет еместігін анықтайды. Содан кейін қажетті бұйымның түрі таңдалып, баланың жеке өлшемдері алынады. Осы өлшемдер бойынша ортез дайындалады.

Протездік-ортопедиялық көмек алуға құқығы бар азаматтарға жеке өлшеммен жасалатын бұйымдар медициналық көрсетілімдерге және белгіленген тәртіпке сәйкес тегін беріледі. Бұл отбасыларға қажетті бұйымды қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, егер протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығындарын өтеу қарастырылған. Жол шығындары жылына екі реттен артық өтелмейді. Ал ұсақ протездік-ортопедиялық құралдарды алу кезінде жол шығыны бір рет өтеледі. Сондай-ақ баланың протездік-ортопедиялық көмек алуына байланысты оны алып барған адамның жол шығыны да бір рет өтеледі.

Осылайша, мемлекеттік қолдау баланың қажеттілігін анықтаудан бастап, маманның кеңесі, жеке өлшем алу, бұйымды дайындау және қажет болған жағдайда көмек көрсетілетін жерге бару шығындарын өтеуге дейінгі процесті қамтиды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ата-аналарға: егер балаға ортез немесе басқа да протездік-ортопедиялық бұйым қажет болса, ең алдымен маманға жүгінуге кеңес береді. Балаға дұрыс таңдалып, жеке өлшемімен жасалған бұйым оның қозғалысын сақтауға, күнделікті өмірде өздігінен әрекет етуіне және оңалту нәтижесін жақсартуға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 13:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары