Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық зомбылық азайды Динара Зәкиева

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық зомбылық азайды Динара Зәкиева

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейі 53%-дан 38%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Динара Зәкиева Динара Зәкиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан ЮНИСЕФ-тің 2024 жылғы зерттеуінде Орталық Азия мен Еуропа елдері арасында ең үздік нәтижелердің біріне қол жеткізіп, елдегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі реформалар халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып отыр.

- Бұл көрсеткіш БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жүргізген 2024 жылғы Көпкөрсеткішті кластерлік зерттеу (МИКС) нәтижесінде анықталды. Бұл – Орталық Азия және Еуропа елдерінің арасында тіркелген ең үздік нәтижелердің бірі. Мұндай деректер бүгін Балаларды қорғау мәселелері жөніндегі ЮНИСЕФ Еуропа және Орталық Азия өңірлік кеңесшісі Аарон Гринберг ұсынған баяндамада айтылды. Баяндама БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, ЮНИСЕФ және Румыния Үкіметі ұйымдастырған балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі халықаралық конференция аясында Бухарест қаласында таныстырылды.

Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның 32 елінің үкімет өкілдері Румыния астанасында жиналып, бір жыл бұрын Колумбияның Богота қаласында өткен алғашқы жаһандық конференциядан кейінгі өз елдерінің тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісті. Мақсат – балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жолындағы бірлескен іс-қимылды күшейту, - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram парақшасында.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Румынияда өткен басқосуда мен Еуропа және Орталық Азия елдерінен келген әріптестеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына сәйкес қабылданған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар мен заңдар туралы баяндаған.

- Айта кету керек, биыл көктемде ЮНИСЕФ-тің өңірлік директоры Реджина де Доминичис Қазақстанға сапары барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен кездесіп, елімізде балалардың құқықтарын қорғау және оларды зорлық-зомбылықтан сақтау бағытында қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалаған болатын. Ол Қазақстанның тәжірибесін Еуропада өтетін конференцияда үлгі ретінде көрсету қажеттігін атап өтті. Әсіресе, тәулігіне мыңға жуық бала көмек сұрап жүгінетін QR 111 жүйесінің және буллингтің, зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу мақсатында институционалдық және заңнамалық шараларды, түрлі бағдарламаларды біріктіретін SAFE платформасының маңызын ерекше атап өтті.

Сөзсіз, балалардың құқықтарын толық қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықты түбегейлі жою бағытында атқарылар жұмыс әлі де көп. Бұл міндеттер «Қазақстан балалары» атты ұлттық бағдарламаның 150-ден астам тармағында көрініс тауып отыр, - деді Динара Зәкиева.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 13:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары