Қазақстанда бір тәулік ішінде үшінші жер сілкінісі болды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстанда бір тәулік ішінде үшінші жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Астана уақытымен сағат 13:53-те магнитудасы 4,2 жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,2.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқанын хабарлады.
Есептелген қарқындылық көрсеткіштері:
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?
18 тамыз 13:06 2
Қазақстан құрамасының Азиададағы алтыны спортшының аяқ киім моделіне байланысты жойылды
Бүгін 07:58 1
Нарынқол ауылында – 2-3 балл, Кеген ауылында – 2 балл.ТЖМ "Қазселеден қорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына ықтимал зақымдануларды анықтау мақсатында визуалды тексеріс жасалды.
"Тексеріс нәтижесі бойынша зақым анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ТЖМ.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте таңертең Алматыда бірнеше сағат айырмашылықпен екі жер сілкінісі болды. Сейсмологтар екі оқиға жазбаларын салыстыра келе, бірінші дүмпу екіншісінің форшогы болды деген қорытындыға келді. Сейсмограммалар нені көрсетті және тұрғындар неге екінші жер дүмпуін "жерастындағы соққы" ретінде сипаттады – Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 15:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















