Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда дербес деректердің қара нарығы бар ма: суперадминистраторлар зияны

Қазақстанда дербес деректердің қара нарығы бар ма: суперадминистраторлар зияны

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бір жылда 98 қылмыс

Құқықтық статистикада дербес деректермен байланысты жасалған қылмыстар мен заңсыздықтардың жалпы саны туралы мәлімет бар. Ал сот жүйесінің порталында дәл осы бағытта қаралған істердің құжатын көру мүмкін емес. Сондықтан атышулы кейстердің ақыры қалай аяқталып жатқанын қадағалау қиын.

2025 жылы Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жеке өмiрге қол сұқпау және дербес деректерді қорғау заңнамасын бұзу — ред.) бойынша 98 қылмыс тіркеліп, 25 іс сотқа жолданған, 25 тұлғаға айып тағылған. Жәбірленушілер арасында 68 әйел және кәмелетке толмаған 10 тұрғын бар. Материалдық залал көлемі — шамамен 738 мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылықтар деңгейінде 38 іс тіркеліп, 66 адамға айыппұл салынған, жалпы залал — 27,9 миллион теңгеге жуық.

Бұл деректерге қарап дербес деректердің «қара нарығы бар» немесе «жоқ» деп айту қиын. Өйткені бәрін қосқанның өзінде елде бір жылдың ішінде тіркелген барша қылмыс пен әкімшілік істің 0,1 пайызына да жетпейді.

Инфографика: Kazinform

Алайда кейбір жекелеген оқиғалардың сипаты «қара нарық» белгілерінен хабар береді. 2025 жылы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram арқылы дербес деректерді сатумен айналысқан ірі қылмыстық топты ұстағанын хабарлады. Операция барысында 140-тан астам адам қамалған. Бұл іс әлі сотта қаралмағандықтан нақты детальдарын ашу мүмкін емес. Бірақ сыртқы сипатына қарап, деректерді сатуға түрлі саланың ондаған өкілі атсалысқанын көруге болады. Ал бұл «қара нарықтың» белгісіне қатты ұқсайды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мамандары сауалымызға берген жауапта Қазақстанда дербес деректердің қара нарығы «бар» немесе «жоқ» деп нақты айтпаған. Тек деректер тараған жағдайда интернет-ресурстарды бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне сұрау жолдайтынын хабарлаған. Деректердің қай саладан жиі тарайтыны, қандай платформаларда сатылатыны, қара нарықтың нақты ауқымы туралы нақты ақпарат бермеді.

Шын мәнінде, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі — мемлекеттің дербес деректерді қорғау саясатын қалыптастырып, заң бұзу фактілеріне әрекет ететін негізгі органның бірі. Ведомство өкілдері қара нарықтың ауқымы, арналары туралы мәлімет ұсынбады. Бұл бағытта ашық статистиканың жеткіліксіздігі қоғамға қауіптің нақты деңгейін бағалауды қиындатады.

«Кешенді, көлеңкелі нарық бар»

Бұл тақырып төңірегіндегі қосымша мәліметті Цифрлық даму және ақпараттандыру саласындағы орталықтан алдық. Бұл жеке меншік компания мемлекетпен арадағы келісімшарт аясында Қазақстандағы дербес деректердің айналымын бақылап, мониторинг жүргізетін Nomad Guard жобасын іске қосқан.

Жоба жетекшісі Руслан Тұрғұлдиновтың айтуынша, Қазақстанда дербес деректердің кешенді, көлеңкелі нарығы бар. Бірақ оны бір орталықтан басқарылатын, тұтас жүйе деп айтуға келмейді. Басқаша айтсақ, деректерді сататын бір «бас кеңсе» немесе сервер жоқ — бәрі өз бетімен әрекет ететін сатушылар мен арналар арқылы таралады. Көлеңкелі нарықта деректер бір рет қана сатылып қоймай, әртүрлі арнада қайта-қайта сатылады. Көбінесе алаяқтар осы деректер арқылы нысанаға алған адамдарын алдау үшін мазасын алып, аккаунттарын бұзады.

Сондай-ақ, ол көлеңкелі нарықта адамның жеке басын сипаттайтын аты-жөн, телефон нөмірі, мекенжай, туған жері, туған күні сияқты мәліметтерге сұраныс бәрінен де жоғары екенін айтады. Ал банк реквизиттері немесе толық есепшот мәліметтері көлеңкелі нарықта сирек кездесетін көрінеді. Керісінше банк реквизиттерін сенімге кіру арқылы құрбанның өзінен алу тәсілі кең тараған.

Фото: alhl.kz

— Жария немесе жартылай жария сегментте жекелеген азаматтардың деректерін иесінің рұқсатынсыз шығарып беруді, дербес деректердің жиынтығын ұсынатын арналар, мессенджер чаттар мен боттар жиі кездеседі. Одан бөлек мамандандырылған жабық форумдар мен маркетплейстер бар. Оған тек форум мүшелерінің шақыруы арқылы ғана кіруге болады. Деректерді базадан іздеу қызметіне жазылу қызметі де жиі кездеседі. Ондай ресурсқа жазылған адам керек кезінде деректер базасында бар мәліметті оңай алып шыға алады.

Мұндай арналардың нақты санын айту мүмкін емес. Өйткені тез жойылып, басқа атпен қайта ашылып тұрады, мекенін жиі ауыстырады. Жалпы әлем бойынша бір уақытта ондаған сервис пен платформа жұмыс істеп тұруы мүмкін. Оның бір бөлігі тіпті қарапайым қолданушылар мен бақылаушыларға көрінбейді де (ІТ мамандар мұны «даркнет» деп атайды — ред.), — дейді орталық маманы.

Руслан Тұрғұлдинов заңсыз таратылатын дербес деректердің негізгі тұтынушысы алаяқтар, солармен байланысты түрлі call-орталықтар екенін айтады.

— «Рұқсатсыз әрекеттер» (заң талаптарын айналып өту арқылы жасалатын рұқсат етілмеген әрекеттер — ред.) арқылы көлеңкелі маркетингпен айналысатындардан да сұраныс баршылық. Олар «рұқсатсыз» жолмен алынған деректер арқылы тауарды немесе қызметті сатады, клиенттердің тізімін жасақтайды, агрессивті хабарламалар таратады, — дейді ол.

«Суперадминистраторлардың» зияны

Маманның айтуына қарағанда, дербес деректердің қайта-қайта үлкен мөлшерде таралуына үш бірдей фактор қатар себеп болып отыр — техникалық осалдық, адам факторы және көлеңкелі нарықтың болуы.

Коллаж: Kazinform/ЖИ

— Соның ішінде адам факторы мен деректерге қол жеткізу жүйесін басқарудың кемшіліктері ең осал тұсымыз болып тұр. Көп жағдайда деректер күрделі тәсілдердің көмегімен жүйені бұзу арқылы емес, деректерге қол жеткізуге берілген рұқсатты заңсыз пайдалану арқылы айналымға шығарылады. Сондықтан дербес деректерді басқаруға жауапты аккаунттарды қорғауға баса мән беру керек. 

Бұл жерде мен «суперадминистраторлар мен бухгалтерлердің, қол жеткізу құқығы ауқымды мамандар мен басшылардың аккаунттарын айтып отырмын. Күрделі хакерлік шабуылдардың басты нысаны — осы адамдар. Ондай аккаунттарды қорғау үшін ұйымдарға растау-сәйкестендіру процедурасының қосымша тетіктерін енгізу керек. Ондай тетіктің анағұрлым тиімді түрлерінің бірі — қорғаныс кілттері. Мұндай кілт орнатылса, жүйеге арнайы рұқсаты бар нақты пайдаланушының атына тіркелген жалғыз құрылғы арқылы ғана кіруге болады, — дейді Руслан Тұрғұлдинов.

Салаға жауапты маман пікірі мен нақты кейстер Қазақстанда дербес деректердің көлеңкелі нарығы бар екенін меңзейді. Алайда оның ауқымы туралы ресми статистика жүргізілмейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 06:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары