Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Суретті түсірген Жаслан Жумабеков, parlam.kz (архив)

Депутат шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы гранттық жобаларды қаржыландыруға қомақты қаражат бөлетінін атап өтті. Елімізде бұл қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың оң нәтижелері көп және олардың тиімділігіне ешқандай наразылық жоқ.

Алайда, Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, бұл тетік кейде «жұмсақ күштің» құралы ретінде пайдаланылып жатады. Кейбір жағдайларда мұндай қаржыландыру қоғамдық келісімді әлсіретуге, отандық құндылықтар мен мемлекеттік мүдделерге қайшы келетін бөгде көзқарастарды ілгерілетуге бағытталуы мүмкін.

ҮЕҰ-ларды шетелдік қаржыландыруды бақылау саласына жасалған заңнамалық талдау бұл бағыттың айтарлықтай шектеулі екенін және мемлекет мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмайтынын көрсеткен. Депутат бұған негіз болатын 4 негізгі фактіні алға тартты.

«Бірінші, қызмет түрлерінің шектеулі тізімі: Салық кодексінің 56-бабының 9-тармағына сәйкес, отандық және халықаралық ҮЕҰ өкілдіктері шетелдік қаржыландыру туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына тек қызметтің 3 түрі бойынша ғана ұсынады: Заң көмегін көрсету; Қоғамдық пікірді зерттеу, сауалнамалар мен социологиялық зерттеулер жүргізу; Ақпаратты жинау, талдау және тарату. Осы тізімге кірмейтін өзге қызмет түрлерінің барлығы мемлекеттік органдардың бақылауынан тыс қалып отыр. Мысалы, мемлекет мүддесіне қайшы келетін жоба жай ғана «қайырымдылық қызмет» ретінде көрсетіліп, қаржыландырыла беруі мүмкін», деді депутат.

Депутаттың айтуынша, екіншіден банк құпиясы және ведомствоаралық байланыс нашар.

«Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің банк операциялары туралы ақпаратқа қолжетімділігі жоқ және ол ҮЕҰ қызметін тікелей бақыламайды. Соның салдарынан қандай ұйымдардың салықтық есептілік тапсыруы қажеттігі туралы шешім қабылдай алмайды.

Шетелдік қаражаттың қозғалысын бақылау құқығы Қаржылық мониторинг агенттігіне, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Ұлттық банкке берілген. Алайда, бұл органдардың ақпаратты жүйелі түрде ұсынуға немесе өзара алмасуға өкілеттігі жоқ. Ол тек жеке тұлғаларға қатысты Бас прокуратура арқылы салық органының сұрауымен ғана жүзеге асады. Осылайша, салық органдарының өзекті ақпаратқа тұрақты қолжетімділігі нормативтік тұрғыдан реттелмеген», деді Ж. Амантайұлы.

Депутаттың сөзінше, үшіншіден тізілім нақты жағдайды толық көрсетпейді.

«Салық органдары шетелдік қаржыландыру алатын тұлғалардың тізілімін жүргізіп, оны жарты жыл сайын жариялағанымен, бұл мәліметтер шынайы көріністі толық бермейді. Мысалы, 2026 жылдың наурыз айында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша жариялаған кезекті тізілімге бар болғаны 155 шетелдік қаржыландыру алушы енгізілген. Олардың алған қаражаты шамамен 12 млрд теңгені құраған», деді ол.

Оның пікірінше, төртіншіден жауапкершілікке тарту күрделі.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 460-1-бабында есепті уақытылы немесе толық ұсынбағаны үшін айппұлдан бастап қызметті тоқтата тұруға дейінгі жауапкершілік қаралған. Алайда, тәжірибеде ҮЕҰ өкілдері Салық кодексіндегі есептілік тек жоғарыда аталған 3 қызмет түріне ғана қатысты деген талапты алға тартып, өздерінің «кінәсіздігін» дәлелдейді. Бұл бапты іс жүзінде қолдануды қиындатып отыр», деді Жарқынбек Амантайұлы.

Депутаттың айтуынша, жүргізілген талдау мемлекеттік органдарда ҮЕҰ-лардың шетелдік қаржыландырылуы туралы объективті әрі толық ақпараттың жоқтығын, ал жедел ақпарат алмасу банк құпиясы қағидатымен шектелетінін көрсетті. Осыған байланысты, депутат Жарқынбек Амантайұлы Үкіметке келесі шараларды қарастыруды ұсынды:

«Біріншіден, уәкілетті органдардың қызмет түріне қарамастан барлық ҮЕҰ-ның шетелдік қаржыландырылуын бақылауына мүмкіндік беру үшін Салық кодексінің 56-бабы 9-тармағындағы нақтылаушы ережелерді алып тастау мәселесін қарастыру керек.

Екіншіден, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жобаларды іске асыруды бақылау жөніндегі өкілеттіктерін қайта қарау қажет.

Үшіншіден, мемлекеттік кірістер органдарының қаржылық мониторинг және банк қадағалауы органдарынан өзекті ақпаратты тұрақты негізде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін олардың өкілеттіктерін кеңейту керек», деп сөзін ұсыныстармен түйіндеді депутат.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары