Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Қазақстанда МИБ жұмыс ережелерін қайта қарау ұсынылды

Қазақстанда МИБ жұмыс ережелерін қайта қарау ұсынылды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы үйдің қауіпсіздігі мен жай-күйіне жауапты, бірақ көптеген шешім тұрғындардың өзіне байланысты. Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева осы мәселеге назар аударып, МИБ жұмыс ережелері мен олардың төрағаларының жауапкершілігін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 қыркүйекте Құрылтайдың бірінші жалпы отырысында депутат Смышляева Өнеркәсіп және құрылыс министрінің атына сауал жолдап, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы жүйелі мәселелерді атап өтті.

МИБ төрағасы үйге жауапты, бірақ барлық шешім оған байланысты емес

Смышляева негізгі мәселелердің бірі ретінде МИБ төрағасының жауапкершілігі мен оның нақты өкілеттіктері арасындағы сәйкессіздікті атады.

Төраға үйдің күтіміне, өрт қауіпсіздігіне және инженерлік жүйелерге жауап береді, алайда көптеген шешім меншік иелерінің дауыс беруіне және тұрғындардың іс-әрекетіне байланысты. Сонымен қатар бақылаушы органдардың талап-арыздары көбіне тікелей төрағаға қойылады.

Депутаттың пікірінше, тексеру парақтары, регламенттер мен әкімшілік рәсімдер көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының нақты өкілеттіктерін әрдайым ескере бермейді.

Тағы бір мәселе МИБ төрағасы қайта сайланғаннан кейін туындайды. Жаңа басшы мемлекеттік, банктік және басқа да жүйелерге өзгерістер енгізу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін және іс жүзінде бұрынғы төрағаның әрекеттеріне тәуелді болып қалады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

Смышляева құжаттарын уақытылы тапсырғанымен, бас тарту алған ПИК (пәтер иелерінің кооперативі --ред. ескертуі) қайта тіркеу мәселесін бөлек көтерді. Ол 2026 жылғы 12 шілдеге дейін өтінім берген ПИК-терді қайта тіркеуді аяқтауды ұсынды.

МИБ-ке меншік иелері туралы мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігін беру ұсынылды

Сауалда үйлерді басқару органдарының тұрғындар туралы ақпаратқа қол жеткізу мәселесі де қозғалған. Смышляева тіпті апатты жағдайларда да пәтер иесін табу қиынға соғатынын атап өтті. Мәліметтерге қолжетімділік меншік иелерінен берешекті өндіріп алу үшін де қажет.

Осыған байланысты фракция меншік иелерінің электрондық тізілімі мен электрондық дауыс берудің тегін сервисі бар үйді басқарудың бірыңғай цифрлық ортасын құруды ұсынады.

Сондай-ақ МИБ төрағасы ауысқан кезде цифрлық жүйелерге өзгерістер енгізуді автоматтандыру ұсынылады.

Банктер МИБ төрағаларынан әртүрлі құжат талап етеді

Депутат Смышляева банктердің көппәтерлі тұрғын үйлердің шоттарымен жұмыс істеуіне де назар аударды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер шоттарды ашу және жүргізу, уәкілетті тұлғаларды ауыстыру және төрағалардың өкілеттіктерін растау кезінде әртүрлі рәсімдерді қолданып, әртүрлі құжаттар пакетін талап етуі мүмкін.

Мәселені шешу үшін депутат қаржы реттеушісімен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің үй шоттарымен жұмыс істеуінің бірыңғай стандартын әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Тұрғын үй қорын техникалық аудиттеу

Мәселелердің тағы бір блогы күрделі жөндеуге қатысты. Қасбеттерді, шатырларды, лифттерді және инженерлік жүйелерді жөндеу қомақты қаражатты талап етеді, ал ұзақ мерзімді қаржыландырудың қолжетімді тетіктері тек жекелеген өңірлерде ғана жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар сауалда елде тұрғын үй қорының техникалық жай-күйінің жүйелі көрінісі жоқ екені атап өтілген. Онсыз жөндеу жұмыстарының басымдықтарын анықтау және апатты жағдайлардың алдын алу қиын.

Смышляева тұрғын үй қорына техникалық аудит жүргізуге, кейіннен ақпаратты министрліктің цифрлық жүйесіне енгізуге басым тәртіппен қаражат бөлуді ұсынды.

Сондай-ақ Астана мен бірқатар өңір үлгісі бойынша, тұрғындарға қолайлы шарттармен үйлердің күрделі жөндеуіне несие беретін ұйымдардың ауқымын кеңейту ұсынылады.

Смышляеваның пікірінше, өңірлік әкімдіктердегі тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің штаттық саны олардың нақты жүктемесіне сәйкес келмейді.

"Тұрғын үй қорын басқару мәселелері өз көлемі бойынша әлдеқашан бөлек қызметтің болуын талап етеді", - делінген депутаттық сауалда.

Осыған байланысты депутат бейінді бөлімшелердің штат санын көбейтуді ұсынды.

Тұрғын үйлердегі дәмханалар мен мейрамханаларды бақылауды күшейту ұсынылды

Смышляева қолданыстағы пайдалану талаптары заманауи тұрғын үй кешендерінің ерекшеліктерін әрдайым ескере бермейтінін айтты. Сөз жеке қазандықтар, күрделі инженерлік жүйелер, контейнерлік алаңдар және басқа да ортақ инфрақұрылым туралы болып отыр.

Оның айтуынша, тұрғын үйлердің ішіндегі коммерциялық нысандар, әсіресе бірінші қабаттардағы дәмханалар мен мейрамханалар бөлек мәселе тудырады. Олар шу, жағымсыз иіс шығарып, инженерлік жүйелерге қосымша салмақ түсіреді.

Фракция тұрғын үйлердің ішінде орналасқан коммерциялық нысандарға қойылатын техникалық, санитарлық және пайдалану талаптарын күшейтуді ұсынды.

Сонымен қатар Смышляева көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы қолданыстағы ережелер мен әкімшілік рәсімдерге, соның ішінде тексеру парақтарына ревизия жүргізуді ұсынды.

2025 жылдың қазанында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов МИБ-ны (мүлік иелерінің бірлестігін) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесіне тарту жоспары туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, меншік иелерінің бірлестіктері тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарда орын алатын тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуы тиіс еді.

МИБ жұмысының ережелеріне енгізілетін өзгерістер үйді басқару органдарының қызметіне қатысты мәселелер сотқа дейін жеткен резонанстық оқиғалар аясында талқыланып жатыр. Осындай мысалдардың бірі - Астанадағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптамасы құлап, фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс.

Сотталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see137

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see135

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see134

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see133

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see133

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see132

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see128

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see128

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see128

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see128

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see126

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see125

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see124

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see122

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see121

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see120

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see119

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see118

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see114

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары