Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Ала доп аламаны аяқталды

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

Қазақстанда соңғы екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді

Қазақстанда соңғы екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жұма, 4 маусымда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Мөлшерлеме жылдық 18,0 пайыздан +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 17 пайызға дейін төмендетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 17,00 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк соңғы рет базалық мөлшерлемені 2024 жылғы шілдеде жылдық 14,50-ден 14,25 пайызға дейін төмендеткен болатын. Осыдан кейін төмендету циклі аяқталды.

2025 жылғы қаңтарда мөлшерлеме 15,25 пайыз болды, ал 2025 жылғы 11 наурызда инфляциялық тәуекелдердің күшеюіне байланысты ол 16,5 пайызға дейін көтерілді.

Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банк ақша-кредит саясатының басты құралы. Ол банктердің ақшаны қандай пайызбен қарызға ала алатынын көрсетеді және көбіне халық пен бизнес үшін кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздардың қандай болатынын айқындайды.

Ұлттық банктің бағалауы бойынша, оның өзгеруі инфляция деңгейіне бірден емес, шамамен 12-18 айдан кейін айтарлықтай әсер ете бастайды. Қысқа мерзімді перспективада мөлшерлеме өзгерісінің тиімділігі әлсіздеу болады.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты жоспарын бөлісті. Реттеуші ақпарына сәйкес, ол қазіргі ақша-кредит жағдайын, соның ішінде базалық мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін сақтауға ниетті.

Базалық мөлшерлеме қалай жұмыс істейді?

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде, экономикадағы ақша "қымбаттайды" – кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде бизнес те, халық та аз жұмсап, көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін бәсеңдетеді, яғни инфляцияны тежейді.

Базалық мөлшерлеме теңгеге қалай әсер етеді?

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткенде, ақша арзандайды. Қысқа мерзімде бұл әдетте теңгенің әлсіреуіне әкеледі – валюта нарығына қатысушылар бағамның төмендеуін күтіп, ұлттық валютаға қарсы ойнай бастайды. Ұзақ мерзімді перспективада мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін, бұл, керісінше, теңгенің нығаюына септігін тигізеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 12:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see123

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see116

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see111

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see110

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see110

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see110

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see109

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see108

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see108

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see107

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see106

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

21 Шілде 2026 17:55see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары