Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда тыныштық күні басталды: сайлау қарсаңында нені білу керек?

Қазақстанда тыныштық күні басталды: сайлау қарсаңында нені білу керек?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауына тура бір тәулік қалды. Бүгін, 22 тамызда "тыныштық күні" басталды – бұл кез келген үгітке, партиялар мен кандидаттар туралы ақпарат жариялауға тыйым салынатын кезең. Бұл күні не істеуге болмайды және әрбір қазақстандық нені білуі керек – Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

23 тамызда қазақстандықтарды не күтіп тұр?

23 тамызда Қазақстанда бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл елімізде 1991 жылдан бері өткізілетін оныншы парламенттік сайлау болмақ. Сондай-ақ жаңа Конституция қабылданып, Мәжіліс пен Сенат жұмысы тоқтатылып, депутаттары таратылғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Енді Қазақстанда екіпалаталы Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай болады. Оның құрамына 145 депутат кіреді, олар бес жылға сайланады. Сайлаудан кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен үш орынбасарын бекітеді.

Ал жаңа Парламент жасақталғаннан кейін қазіргі Үкімет өкілеттігін тоқтатады.

Тыныштық күні деген не?

Тыныштық күні – сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынатын тәулік. Бұл уақытта кімге дауыс беру керек екені туралы үндеу жасауға, жарнама шығаруға және сайлаушыларды белгілі бір таңдау жасауға көндірудің басқа кез келген әдісін қолдануға болмайды.

Тыныштық күні саяси партиялар мен кандидаттарға ғана емес, барша қазақстандыққа қатысты: 22 тамызда әлеуметтік желілерде үгіт сипатындағы кез келген материалды репост жасауға тыйым салынады. Егер тыныштық күніне дейін парақшаңызда бірдеңе жариялаған болсаңыз, оны өшірудің қажеті жоқ.

Тыныштық күнінің мақсаты – адамдарға кандидаттар туралы ақпаратты саралап, байыпты шешім қабылдауға уақыт беру.

Талапты бұзғаны үшін айыппұл көзделген

Талапты бұзатындарға 129 220 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабында ("Сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу") көрсетілген.

Айыппұл мөлшері:

жеке тұлғаларға – 15 АЕК (2026 жылы 55 380 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (73 840 теңге); орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (92 300 теңге); ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (129 220 теңге). Сайлау учаскесін қалай табуға болады?

Қазақстандықтар қай жерде дауыс беретінін алдын ала тексере алады. Ол үшін Орталық сайлау комиссиясы арнайы онлайн-сервис іске қосты.

Өз учаскеңізді табу үшін тұратын өңіріңізді таңдап, ЖСН енгізу қажет. Жүйе сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын көрсетеді.

Бұл ақпаратты үш мемлекеттік сайттан тексеруге болады:

gov.kz sailau.gov.kz sailau2026.gov.kz

Сондай-ақ өз учаскеңіздің мекенжайын eGov Mobile қосымшасы арқылы білуге болады. Ол үшін "Танымал қызметтер" бөлімін ашып, сайлау учаскесін іздеу сервисін таңдау керек.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы сайлау туралы ақпараттық материалдарға мемлекеттік сервистерге сілтемесі бар QR-кодтар орналастырды. Оларды сканерлеу арқылы учаскені іздеу бөліміне бірден өтуге болады.

Мемлекеттік сервистерге сілтемесі бар QR-кодтар. election.gov.kz сайтынан скриншот

Сайлау қашан және сағат нешеде басталады?

Сайлау жексенбі, 23 тамызда өтеді. Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Одан кейін комиссия бюллетеньдерді санауға кіріседі.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, 23 тамызда Қазақстан бойынша барлығы 10 423 учаске жұмыс істейді. Елдегі 107 учаске таңғы сағат 06:00-де ашылады. Бұл негізінен әскери бөлімдердегі учаскелер. Бұл қарауылға, кезекшілікке тұратын, жауынгерлік тапсырмасы бар немесе жабық аймақтарда қызмет ететіндердің дауыс беруіне мүмкіндік береді.

Бюллетень қандай болады?

Құрылтай сайлауындағы бюллетень екі жақты, А4 форматында және көк түсті болады. Бірінші бетінде Елтаңба мен құжаттың атауы, ал екінші бетінде саяси партиялардың тізімі мен "Бәріне қарсымын" жолы орналасқан.

Бюллетеньде сайлауға өткен жеті партия көрсетіледі.

Құрылтай сайлауына арналған бюллетень. Суретті ОСК ұсынды

Олардың реті ОСК 23 шілдеде өткізген жеребе тарту кезінде анықталды. Сол кезде партияларға нөмірлер берілді, олар бюллетеньде сол ретпен көрсетіледі.

Дауыс беру үшін сайлаушы таңдаған нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы керек.

Неге толтырылған бюллетеньнің суретін жариялауға болмайды?

Құрылтай депутаттарын сайлау күні қазақстандықтарға толтырылған бюллетеньді суретке немесе видеоға түсіріп, интернетте жариялауға тыйым салынады. Мұндай жарияланымдар сайлау алдындағы үгіт ретінде бағалануы мүмкін.

Бұл тыйым дауыс беру құпиясын сақтау қажеттілігіне байланысты. Толтырылған бюллетенді көпшілікке көрсету арқылы адам қай саяси партияға дауыс бергенін паш етеді.

Сайлау учаскесіндегі фото: не істеуге болады және неге тыйым салынады?

Бұдан бөлек, сайлау күні кез келген үгітке тыйым салынады. Сондықтан толтырылған бюллетеннің суретін немесе видеосын жариялаудың қажеті жоқ. 23 тамызда әлеуметтік желілерде өз таңдауың туралы ауызша айтуға да тыйым салынған.

Талапты бұзғандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Бюллетень қай жағдайда жарамсыз деп танылуы мүмкін?

Егер бюллетень бойынша сайлаушының қай нұсқаны таңдағанын анықтау мүмкін болмаса немесе ол ережебұзушылықтармен толтырылса, жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мысалы, бос бюллетень, бірден бірнеше нұсқаның тұсына белгі қойылған, сондай-ақ бөгде жазулары бар бюллетень жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол жойылады.

Кімдердің дауыс беруге құқығы бар?

Сайлауда 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. Егер азамат дауыс беру күні 18 жасқа толса, ол дауыс беру құқығына ие болады.

Басты шарт - сайлаушы өз учаскесіндегі тізімге енгізілген болуы керек.

Бұл ретте сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар мен сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар дауыс бере алмайды.

Кімдер үйден дауыс бере алады?

Егер сайлаушы учаскеге келе алмаса, ол үйінде дауыс бере алады. Бұл жағдайда оған жылжымалы сайлау комиссиясы тасымалы жәшікпен барады.

Бұл мүмкіндікті, мысалы, мына адамдар пайдалана алады:

мүгедектігі бар адамдар; қарт кісілер; денсаулық жағдайына байланысты учаскеге бара алмайтындар; науқас туыстарына күтім жасап отырған және үйден шыға алмайтын адамдар. Шетелде жүріп қалай дауыс беруге болады?

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады. Ол үшін Қазақстанның сол елдегі елшілігі немесе консулдығы жанынан ашылған сайлау учаскесіне бару керек.

Қазақстан азаматының паспорты немесе жеке куәлігі қолында болуы қажет. Құжат тексерілгеннен кейін сайлаушы тізімге енгізіліп, оған бюллетень беріледі.

Дауыс беру үшін алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Шетелде уақытша жүргендер де, мысалы, демалысқа немесе іссапарға барғандар да дауыс бере алады.

Сіз учаскеге бардыңыз. Кейінгі іс-әрекет қандай?

Сайлауға келдіңіз, алдымен учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне бару керек. Әдетте олардың үстелі кіреберісте немесе сайлаушылар тізімінің жанында орналасады. Жеке басты куәландыратын құжат – Қазақстан азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы тиіс.

Комиссия мүшелері деректеріңізді және сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексереді. Егер бәрі дұрыс болса, тізімге қол қоюыңыз керек, содан кейін сізге бюллетень беріледі. Бюллетеньмен дауыс беру кабинасына өтіп, таңдаған нұсқаңыздың тұсындағы шаршыға кез келген белгі қоюыңыз қажет. Бюллетенді қарындашпен толтыруға немесе қойылған белгіні түзетуге болмайды.

Осыдан кейін бюллетенді бүктеп, жәшікке салу керек. Осымен дауыс беру аяқталды – учаскеден шығуға болады.

Кабинаға екі адам болып кіруге бола ма?

Жоқ. Дауыс беру құпия болып саналады, сондықтан дауыс беру кабинасында тек бір адам болуы тиіс.

Бюллетенді өз бетінше толтыра алмайтын жандар үшін, мысалы, жасына немесе көру қабілетіне байланысты, ерекше жағдай қарастырылған. Мұндай жағдайда сайлаушы басқа адамнан көмектесуін сұрайын алады.

Бұл ретте сайлау комиссиясы мүшелері мен байқаушыларға көмектесуге тыйым салынады. Көмек қажет екендігі туралы комиссия мүшелеріне кабинаға кірмес бұрын хабарлау керек.

Қандай терминдерді білген пайдалы?

Сайлау күні жаңалықтар мен әлеуметтік желілерде дауыс беруге қатысты түрлі термин жиі кездеседі. Оқиға барысын түсінуге көмектесетін негізгі ұғымдар:

Экзитпол – сайлаушылар учаскеден шыққан бойда жүргізілетін сауалнама. Ол дауыс берудің алдын ала көрінісін түсінуге мүмкіндік береді, бірақ ресми нәтиже болып саналмайды. Кворум – сайлау өтті деп танылуы үшін дауыс беруге қатысуы тиіс сайлаушылардың ең төменгі саны. Қазақстанда бұл сайлаушылардың 50 пайыздан астамын құрайды. Дауыс беру құпиясы – нақты бір сайлаушының қандай таңдау жасағанын ешкім білмеуі тиіс деген қағида. Сондықтан толтырылған бюллетенді басқаларға көрсетуге болмайды. Учаскелік сайлау комиссиясы (УСК) – нақты сайлау учаскесінде дауыс беруді тікелей ұйымдастыратын комиссия: бюллетеньдер береді, рәсімнің барысын бақылайды және дауыстарды санайды. Сайлау өтті деп танылуы үшін қанша дауыс қажет?

Егер дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сайлау өтті деп танылады.

Қазақстанда бұл сайлауға 12 605 788 сайлаушы тіркелген. Яғни, учаскелерге кем дегенде 6,3 миллионнан астам адам баруы тиіс.

Нәтижесі қашан белгілі болады?

Дауыстарды санау сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден – сағат 20:00-де басталады. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясы арнайы отырыста қорытынды шығарады.

Нәтиже хаттамамен рәсімделіп, БАҚ-та ресми түрде жарияланады.

Заң бойынша түпкілікті қорытынды дауыс беруден кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылғы 30 тамызға дейін жариялануы тиіс.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 00:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары