Қазақстанда зейнеткерлерді алдау үшін ескі банкноттарды айырбастау схемасы қайтадан қолданылуда
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Олар ескі банкноттарды жаңасына ауыстыру сылтауымен пәтерге кіріп, бір миллион теңгені қолды қылған. Күдіктілердің түрі кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қарағанды облыс Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс маусым айының соңында болған. Бейтаныс әйелдер қарияға елде ақша ауыстыру науқаны жүріп жатқанын айтып, қолындағы бар қолма-қол ақшаны көрсетуін сұраған. Алаяқтықтан сезіктенбеген зейнеткер жиған-тергенін сақтап келген жерін көрсеткен.
"Қонақтар" кеткеннен кейін ғана әйел миллион теңгесінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Аталған дерек бойынша "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Алматы қаласының 16 және 42 жастағы тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта тергеу олардың Қарағанды облысы мен еліміздің басқа да өңірлерінде жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
ІІМ ауқымды тексерістер қорытындысын жариялады: мыңдаған шенеунік жазаланды
Бүгін 08:57 2
Айта кетейік, ақшаны "айырбастауға" қатысты оқиғалар полиция мәліметтерінде жиі кездеседі. Соған қарамастан, алаяқтар қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, ескі схеманы қолдануды тоқтатар емес. Бұған дейін де алаяқтар әлеуметтік қызметкерлер, еріктілер және түрлі мекеме мамандары кейпінде зейнеткерлерді алдап, ескі купюраларды жаңасына ауыстыруды немесе қолма-қол ақшаның түпнұсқалығын тексеруді ұсынған болатын.
Соңғы жылдары алаяқтардың құрығына көбіне зейнеткерлер ілініп жатады. Тек маусым айында Алматыда құқық қорғау органдары алаяқтар тобының ұсталғанын хабарлады. Олар өздерін мемлекеттік орган және банк қызметкері ретінде таныстырып, қарт адамдарды жылжымайтын мүліктерін сатуға және ақшаны қаскөйлердің шотына аударуға көндірген. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асты.
2000 теңгелік купюра жарамсыз болды – оны қайда айырбастауға болады
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















