Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстанда жасанды интеллект негізінде еңбек қауіпсіздігінің жаңа моделі қалыптасуда

Қазақстанда жасанды интеллект негізінде еңбек қауіпсіздігінің жаңа моделі қалыптасуда

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада 28-30 сәуір аралығында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 14-ші қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі – KIOSH 2026 өтуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ауқымды алаңда отандық және шетелдік сарапшылар жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылап, ашық диалог жүргізуде. Конференцияның бірінші күніндегі басты оқиға «Жасанды интеллект: Қазақстан қауіпсіздіктің жаңа моделін қалыптастыруда» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессия болды. Оның аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қатысушыларды еліміздегі еңбекті қорғау саласын цифрландырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы жан-жақты хабардар етті. Жалпы конференция бағдарламасына саланың негізгі бағыттарын қамтитын 11 тақырыптық сессия мен бизнес-ойын енгізілген.

Іс-шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚРҒЗИ) және «ITECA» компаниясы ұйымдастырды.

Конференция жұмысына  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, APOSHO бас директоры және NSCA Foundation төрағасы Берни Дойл, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец қатысты.

Сонымен қатар спикерлер қатарында халықаралық деңгейдегі сарапшылар: ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Бюросының маманы Дарко Дочински, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев, ERG компаниясының цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі бас директорының орынбасары Еркен Шназбаев және IDS Robotics директоры Алексей Шилин бар.

Стратегиялық сессия барысында сарапшылар өндірістегі қауіпсіздікті арттырудағы жасанды интеллекттің іргелі рөлін талқылап, тәуекелдерді ерте анықтау және өндірістік жарақаттануды жүйелі түрде төмендету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Қатысушыларға өнеркәсіп секторы мен тау-кен өндірісі саласында жасанды интеллект алгоритмдерін қолданудың нақты тәжірибелері ұсынылды, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы түйткілдерді шешуде предиктивті аналитиканы пайдалану мәселелері қаралды. Білікті кадрларды даярлау, жасанды интеллект саласындағы ұзақ мерзімді саясатты қалыптастыру және цифрлық мониторинг экожүйелерін енгізу мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары секілді инновациялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Ербол Тұяқбаев өз сөзінде конференцияның Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп жатқанын атап өтіп, бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

«Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде, сондай-ақ Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жағдайында қалыптасып отырған жаңа конституциялық орта қазақстандықтар үшін қауіпсіз, лайықты әрі өнімді еңбек етуге кең мүмкіндіктер ашады, бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына оң әсер етеді», – деді бірінші вице-министр.

Ол сондай-ақ өткен жылы өндірістік жарақаттанудың төмендеу үрдісі сақталғанын атап өтті. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің артында нақты адамдардың тағдыры тұрғанын ескеріп, әлеуметтік әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін айтты. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының 26 конвенциясын ратификациялап, лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі жол картасын табысты жүзеге асырды. Мемлекет басшысы еңбек қауіпсіздігін жетілдіру және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға қол қойды.

Спикер әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруға ерекше тоқталды. Бүгінде елімізде Кәсіпорындардың цифрлық картасы мен Еңбек тәуекелдерінің картасы жұмыс істейді. Жақын уақытта жұмыс ортасының параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылайтын бірыңғай ахуалдық орталық іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қауіпті жағдайларды алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

«Еңбекті қорғауды цифрландыру – тек техникалық міндет емес, бұл елдің адами капиталының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық бағыт. Қазіргі таңда қажетті ресурстық база қалыптасты, әлеуметтік әріптестермен тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылған. Баршамыздың мақсатымыз ортақ – әрбір қазақстандық үшін қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету», – деді Ербол Тұяқбаев.

KIOSH 2026 конференциясының бағдарламасы 29 сәуірде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылаумен жалғасады. Панельдік сессиялар аясында қатысушылар тәуекелдерді проактивті басқару модельдеріне көшу, жұмыскерлердің қатысу деңгейін арттыру және цифрлық құралдарды күнделікті процестерге енгізу мәселелерін қарастырады. Сарапшылар негізгі назарды сыни тәуекелдерді басқару мен ірі өндірістік оқиғалардың алдын алуға аударады. Теориялық бөліммен қатар, конференцияның екінші күні практикалық мазмұнға басымдық беріледі. Атап айтқанда, қатысушылар жабық кеңістіктерде жұмыс жүргізу бойынша тренингке қатысып, қорытынды форсайт-сессияда пікір алмасады, сондай-ақ Safety Games интерактивті турнирінде нақты уақыт режимінде өндірістік жағдайларды модельдеу арқылы қауіпсіз әрекет ету дағдыларын пысықтайды.

Биыл KIOSH көрмесі 9 елден келген 87 компанияны бір алаңға жинады. Олардың қатарында Әзербайжан, Бельгия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Ресей, Түркия және Өзбекстан бар. Халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін 53 шетелдік компанияның қатысуы дәлелдейді, ал отандық тараптан 34 кәсіпорын ұсынылған. Сонымен қатар 18 компанияның көрмеге алғаш рет қатысуы қауіпсіздік саласының қарқынды дамып, кәсіби қауымдастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары