Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы баяулады, бірақ бұл дағдарыс емес. 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығына талдау

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы баяулады, бірақ бұл дағдарыс емес. 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығына талдау

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Егер 2021–2024 жылдары Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы дүрбелең заңдылықтарымен өмір сүрді. Пәтер бағасы халықтың табысынан жылдам өсіп, ал сатып алушылар шешімді санаулы күндерде қабылдаған болса, бүгінде біз мүлдем басқа жағдайды көріп отырмыз. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша не өзгерді? Бұл туралы ТengriНome авторлық бағанында жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Виталий Шалаев айтып берді.

Поделиться

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы жаңа экономикалық циклге аяқ басып отыр

2026 жылдың алғашқы алты айы Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы үшін соңғы бірнеше жылдағы ең айқын кезеңдердің бірі болды.

Мәмілелер саны азайып келеді. Объектілердің нарықта тұру мерзімі ұзарып жатыр. Сатып алушылар айтарлықтай сақ бола бастады. Ал сатушыларға ұзақ уақыттан бері алғаш рет өзара бәсекелесуге тура келіп отыр.

Ең бастысы - жағдайды дағдарыс деп атауға болмайды. Қазақстандық нарық жаңа экономикалық циклге аяқ басты, онда басты фактор жылжымайтын мүлік тапшылығы емес, нысанның сапасы, бағаның қисындылығы мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі болып табылады.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Виталий Шалаев

жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы

Тұрғын үй нарығындағы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды

Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 188 286 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,2 пайызға аз.

Ең көп төмендеу Алматыда тіркелген. Астана болса айтарлықтай тұрақтылық танытты.

Бір қарағанда, төмендеу қарқыны қалыпты болып көрінгенімен, жартыжылдықтың ішкі динамикасы әлдеқайда қызықтырақ.

Алматы мен Астана - Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының екі негізгі ошағы. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мұнда 71 101 мәміле немесе еліміздегі барлық тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесінің 37,8 пайызы тіркелді. Іс жүзінде әрбір 10 мәміленің 4-еуі дәл осы екі қалада жасалады, сондықтан сұраныс, баға және жалпы нарықтық үрдістердің өзгеруін ең алдымен осы қалалар көрсетеді.

Қазақстан: тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің айлар бойынша динамикасы

Бұл сандар нені білдіреді?

Жылдың алғашқы бес айында нарық жүйелі түрде төмендеп отырды. Маусым айы ерекшелік болды. Көпшілік 17 пайызға жуық өсімді нарықтың қайта жандануының бастауы деп қабылдай бастады.

Меніңше, бұл асығыс жасалған тұжырым. Маусымдағы өсім көктемгі құлдыраудың бір бөлігін ғана толтырды. Жартыжылдық көрсеткіші бәрібір теріс деңгейде қалды. Сондықтан жаңа өсім кезеңі басталды деуге әзірге негіз жоқ.

Алматы: жылжымайтын мүлік нарығы күту кезеңіне өтті

Алматы Қазақстандағы ең қымбат тұрғын үй нарығы болып қала береді. Сондықтан сұраныстың басылуын алғашқы болып сезінді.

Мамыр және маусым айларындағы көрсеткіштер өте өзекті.

Мамырдағы 30 пайыздан аса құлдырау және маусымдағы шамалы өсім - бұл жай ғана маусымдық ауытқу емес. Бұл сатып алушылардың мінез-құлқының өзгеруі. Нарық неғұрлым қымбат болса, тұрғын үй қолжетімділігінің төмендеуіне соғұрлым жылдам жауап береді.

Неге Алматыда тұрғын үйге сұраныс жылдам төмендеп жатыр?

Менің пікірімше, мұнда бір мезгілде төрт себеп әсер етті:

Алматы бағаның психологиялық шегіне жетті. Сатып алушылардың басым бөлігі үшін тұрғын үй құны табыс деңгейінен тезірек өсті. Премиум-сегменттегі сатылымдар эмоцияға сүйенуді қойды. Бұрын мәміле жасау бірнеше аптаға созылса, бүгінде көптеген сатып алушылар шешімді айлап қабылдайды. Нарықта балама нұсқалар айтарлықтай көбейді. Сатып алушы енді "үлгермей қаламын" деп қорықпайды. Инвесторлар сақ бола бастады. Бірнеше жылдық қарқынды өсімнен кейін олар табыстылықты мұқият есептейтін болды. Астанадағы жылжымайтын мүлік нарығы: елорда басқаша динамика көрсетіп отыр

Елорда аумақтық жағынан ұлғайып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешендері пайдалануға беріліп жатыр. Ішкі көші-қон үдерісі толастаған жоқ.

Шаршы метрдің құны Алматымен салыстырғанда әлі де едәуір төмен. Сондықтан мұнда сұраныстың төмендеуі әлдеқайда қалыпты өтті.

Қазақстандағы тұрғын үй нарығының қазіргі циклі

Кейінгі 15 жылда Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы бірнеше кезеңді бастан өткерді:

2008 жылғы дағдарыстан кейін нарық экономиканың біртіндеп өсуі есебінен қалпына келді. 2020–2022 жылдары зейнетақы жинақтары мен жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар басты қозғаушы күшке айналды. 2023–2024 жылдары нарық осы сұраныстың инерциясымен "өмір сүрді".

2026 жылдың принципиалды айырмашылығы бар. Бүгінде нарық тек сатып алушылардың жоқтығынан басылып отырған жоқ. Ол бағаның алғаш рет сатып алушылардың мүмкіндіктерінен айтарлықтай озып кетуіне байланысты тұралап жатыр. Бұл нарықтық циклдің мүлдем басқа түрі.

Бірінші жартыжылдықтың төрт негізгі түйіні

Бірінші түйін: сатушылар нарығының дәурені аяқталды. Бүгінде мәміле шарттарын көбіне сатып алушы белгілейді.

Екінші: баға бұдан былай жалғыз шешуші фактор емес. Сатып алушы жобаның сапасын, инфрақұрылымын, құрылыс салушының беделін және нысанның өтімділігін бағалайды.

Үшінші: мәмілелер саны бағаға қарағанда жылдамырақ төмендеп жатыр. Бұл сатушылардың өз күтілімдерін жаппай өзгертуге әлі дайын емес екенін білдіреді. Сондықтан сату мерзімі ұзара береді.

Төртінші қорытынды: нарықтағы тоқырауды алдымен бизнес-класс сезінді, бірақ экономика тұрақталғаннан кейін ол бірінші болып қалпына келеді.

Тарихи тұрғыдан алғанда, 150+ миллион теңгелік сегменттер сатып алушылар көңіл-күйінің өзгеруіне әрдайым жылдамырақ әсер етеді.

Қазақстанның тұрғын үй нарығында 2026 жылдың аяғына дейін не күтіледі?

Екінші жартыжылдықта нарықтың күрт өсуін күтпеймін. Дәстүрлі жазғы тыныштықтан кейін белсенділік қыркүйек пен қазанда артуы мүмкін. Бірақ бұл жаңа циклдің басталуы емес, маусымдық фактор болады.

Ең ықтимал сценарий - мәмілелердің қазіргі көлемін сақтай отырып, қалыпты ауытқулардың болуы.

Баға жалпы нарыққа емес, нақты нысанның сапасына және сатушының келіссөз жүргізуге дайындығына байланысты болады.

Сарапшы болжамы

Егер макроэкономикалық жағдай тұрақты болса, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының толыққанды өсу кезеңі 2027 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайды. Бұл - оптимистік болжам.

Оған дейін нарық тұрғын үй құны, халықтың табысы және ипотекалық қаржыландырудың қолжетімділігі арасындағы жаңа теңгерімді іздейтін болады. Дәл осы теңгерім, егер бола қалса, келесі өсу циклін анықтайды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Автор туралы: Виталий Шалаев - премиум санатты жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы. Бұл салада 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Сатып алушылар психологиясын, инвестициялық циклдарды және Алматының urban-luxury ортасының трансформациясын зерттейді. Кәсіби қызметінде нысандарды сатуға ғана емес, нарық аналитикасына, жобаларды стратегиялық позициялауға және қалалық ортадағы ұзақ мерзімді өзгерістерді түсінуге басымдық береді. Өзінің блогын жүргізеді. 

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Пәтер мен коммерциялық нысандар: Қазақстанда инвестицияны қайда салған тиімді?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

тұрғын үй Жылжымайтын мүлік пәтер нарық сарапшы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары