Қазақстандағы музейлерде жасанды интеллект экспонаттарды сипаттаумен айналысады
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында мәдениет саласына цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгінде сегіз тілде жұмыс істейтін Qazaq Culture платформасы Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған.
Ал E-Museum виртуал желісі еліміздегі 286 музейдің дерегін біріктіріп, 65 мыңнан астам жәдігер мен 750-ге жуық 3D артефактіні қамтиды.
"Портал арқылы музей қорлары онлайн қолжетімді болып, жасанды интеллект көмегімен экспонаттарды автоматты сипаттау, аудару және іздеу мүмкіндіктері енгізіліп жатыр", - деді мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап.
Оның айтуынша, кино саласындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, кассаға түсетін қаражатты толық цифрландыруға және нақты уақыт режимінде есеп жүргізуге бағытталған "е-Кино" жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Мамыр 2026 20:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















