Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жобалар талқыланды

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жобалар талқыланды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің музей, театр, білім беру және кино саласындағы кәсіби қауымдастық пен концерттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Аида Балаева Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар бірлескен көрмелер ұйымдастырып, кинофестивальдер өткізіп, өнер ұжымдарының гастрольдерін жолға қойып келеді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін бірлесе іздестіріп отыр.

"Кездесулеріміздің дәстүрлі сипат алып келе жатқаны өте маңызды. Осыдан бір жыл бұрын да осындай дөңгелек үстелде бас қосып, ынтымақтастықтың келешегін талқылаған едік. Бүгінде мәдениет саласының іс жүзіндегі барлық бағыты бойынша нақты нәтижелер туралы нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Бұл музей және архив ісінен бастап, театрлар мен концерттік ұйымдар арасындағы байланыстарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Мұның бәрі осындай диалогтың нақты нәтиже беретінін әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды мазмұндық тұрғыдан байытып, кеңейтуге жол ашатынын көрсетеді. Бүгінгі кездесу де өзара ұстанымдарды тағы бір пысықтап, жаңа бастамалар ұсынуға және бірлескен іс-шаралар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді", – деді Аида Балаева.

Өз кезегінде Андрей Малышев те Ресей тарапы Қазақстанмен мәдени байланыстарды дамытуға ерекше мән беретінін айтты.

"Біз Қазақстанмен мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Бауырлас Қазақстан Ресейдің мәдениет қайраткерлерін ерекше ықыласпен қарсы алып келеді. Бұл екі елді ортақ мәдени кеңістік, рухани құндылықтардың сабақтастығы байланыстырып отырғанын тағы бір мәрте айғақтайды. Сондай-ақ, Ресейде өткен Қазақстан мәдениеті күндерін де ыстық ықыласпен еске аламыз. Ол маңызды оқиғаға айналып, шығармашылық байланыстарымыздың жоғары деңгейін танытты. Бүгін біз үшін алдағы жылдардағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылау аса маңызды. Әсіресе музей ісі, театр саласы, білім беру, кітапхана ісі және ынтымақтастықты нақты мазмұнмен байыта алатын өзге де бағыттар бойынша пікір алмасу қажет", – деді Андрей Малышев.

Дөңгелек үстелде музей ісіне басымдық берілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен І Петр атындағы Антропология және этнография музейі қазақ этнографиялық материалдарының каталогын бірлесіп әзірлеу жөнінде келісімге келді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік Эрмитажбен бірлесіп, 2027 жылдың күзіне жоспарланған жаңа археологиялық көрмелер мен өзара экспозициялар дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, биыл күзде Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Мемлекеттік Третьяков галереясы қорынан алынған туындылар ұсынылатын "ХХ век русского искусства в 30 шедеврах" атты көрме ашылады.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сонымен қатар реставрация саласындағы әріптестік те жандана түсті. Қазақстан тарапы осы бағыттағы мамандардың Ресей орталықтары базасында тағылымдамадан өту бағдарламаларын жалғастыруға, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы музейлермен каталогтау және архив ісі бойынша бірлескен жұмысты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Киноиндустрияда фестивальдік көрсетілімдерден гөрі фильмдерді бірлесіп түсіру мен ілгерілетуге басымдық беріле бастады. "РОСКИНО" өкілі ортақ практикалық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ал, "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы дайындық кезеңі аяқталуға жақын қалған "Время" фильмі бойынша жұмысты жалғастыруға әзір екенін растады. Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресей аумағында өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге Ресейдің Мемлекеттік киноқорында сақталған қазақ киносының құнды мұрасын цифрландыру ісі қатар жүргізіліп жатыр.

Кездесу барысында жас ресейлік және қазақстандық композиторлар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды. Сондай-ақ, джаз музыкасын дамытуға басымдық беру және концерттік алаңдар арқылы өзара ықпалдастықты жетілдіру жолдары талқыланды. Хореография өнерін өркендету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл бағытта бірлескен білім беру бастамаларын, тағылымдама бағдарламаларын, шеберлік сабақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің бейінді академияларында қос дипломды даярлау жүйесін енгізу перспективасы қарастырылды.

Жиын соңында Аида Балаева айтылған барлық ұсыныс алдағы жұмыстың өзегіне айналатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол 2027-2028 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспары барлық тараптың нақты ұсыныстарымен толыға түсетініне сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей Федерациясының Ресей этнографиялық музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тақырыптық каталогтарды бірлесіп әзірлеуді, ғылыми және әдістемелік бағыттарды дамытуды, сондай-ақ суретшілер, реставраторлар және музей ісінің өзге де мамандары арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары