Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Ел аумағын қамтыған акция

Қос елдің мәдени достығы

Қос елдің мәдени достығы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Эстон кітабының 500 жылдығына арналған көрменің және Эстон әдебиеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Эстония президенті Алар Карис мырза қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

– Биыл біз эстон жазба тілінің 500 жылдығын атап өтудеміз. Осы маңызды мерейтой барысында 2025 жылды «Эстон кітабы жылы» деп жарияладық. Жыл бойы әртүрлі бастама арқылы кітап оқудың маңызын ерекше­леп көрсеттік. Бүгін біз осы Қазақ­стан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Эстон кітабы – 500» көрмесін және шағын, бірақ мәні зор Эстон әдебиетінің бұрышын ашып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанды эстон әдебиетімен таныстыруға, сондай-ақ кітаптың адамдарды байланыстырып, халықтарды табыстыратын қуатын атап өтуге тиістімін. Қазақстан да, Эстония да өз әдебиетінің негізін бай ауыз әдебиетінен алатыны – көңіл аудартатын ортақ қасиет. Айтыс секілді дәстүрлі халық әндері әдебиет пен жазба тілдің дамуына берік негіз болды. Бір кезде баспа ісінің пайда болуы әлемді түбегейлі өзгерткен еді, бүгінде жасанды интеллект те сондай ауқымды өзгерістер әкеліп жатыр. Алайда даму жолында өткеннің құндылықтарын сақтау да маңызды. Бүгін біз қазақ тіліне аударылған екі эстон кітабын да алып келдік. Осы үлкен кітапханадан оларды тауып, қызығушылықпен оқисыздар деп үміттенемін. Эстонияның жаңа кітап бұрышы достық пен қызықты оқиғаларға толы болсын деп тілеймін.

Екі елдің байланысы кітап пен әдебиет арқасында одан әрі нығая берсін, – деді Эстония Президенті.

Бұдан соң сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі елдің мәдени бай­ланы­сының нығайып келе жат­қанын тілге тиек етті.

– Бүгін біз Қазақстан мен Эстония арасындағы терең рәміздік мәнге ие маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Баршаңызды Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық академиялық кітапханасында Эстон әдебиеті бұрышының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – сөздің, руханияттың күші ар­қылы елдер мен халықтарды жақын­дастыратын ұзақ мерзімді әрі маңызды бастаманың бір бөлігі. Өздеріңіз табалдырығын аттап отырған Ұлттық академиялық кітапханада эстон әдебиеті мен эстон қаламгерлері туралы 100-ден астам құнды басылым сақталған. Олардың қатарында эстон әдебиетінің көрнекті өкілдері – Юхан Смуул, Пауль Куусберг, Яан Кросс сынды қаламгерлердің шығармалары да бар.

Біз бүгін Эстонияның бай әдеби дәстүрімен жақынырақ танысу мүмкіндігі туып отыр­ғанына қуаныштымыз. Бұл дәстүрдің бастауында ұлттық эпос «Калевипоэгтің» авторы, эстон жазба мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі – Фридрих Рейхольд Крейцвальд тұр. Шығар­ма эстон халқының оянуы мен мәдени қайта жаңғыруының рәмізіне айналды. Өз кезегінде қазақ әдебиетінің інжу-маржандары да эстон тіліне аударылып, эстон оқырмандарына жол тартты. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаевтың шығармаларымен қатар, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев және басқа да қазақ қаламгерлерінің туындылары  эстон тіліне тәржімеленіп, қос халықтың рухани жақында­суы­на дәнекер болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан ресми сапармен қазақ еліне ат басын тіреген, осындай келелі жоба­ның іске асуына қолдау білдірген Эстония Республикасының Президенті, жоғары мәртебелі Алар Карис мырзаға, сондай-ақ кітап арқылы мәдени бірлікті насихаттап жүрген барша әріптестерге шынайы алғысымды білдіремін, – деді министр.

Қос тараптың лебізінен соң арнайы лента қиылып, Эстон кіта­бының 500 жылдығына арнал­ған көрме мен Эстон әде­биеті бұры­шының ашылуы өтті. Қонақтар көрмеден жаңа кітаптар мен мәдени қазынаны тамашалады. Сонымен қатар Эстониядан арнайы келген қонақтар болашақта қос елдің рухани достығы бұдан да биікке өрлейтініне сенім білдірді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see99

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары