Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық ғалымдар механикалық тербелістерді энергияға айналдыратын құрылғы әзірледі

Қазақстандық ғалымдар механикалық тербелістерді энергияға айналдыратын құрылғы әзірледі

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сәтбаев университетінің ғалымдары қоршаған ортада болатын механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдыратын ықшам әрі тиімді құрылғы жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жоба шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда орналасқан автономды датчиктерді тұрақты түрде қуат көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Зерттеудің негізгі мақсаты – ондаған герцтен бірнеше жүз герцке дейінгі диапазонда жұмыс істейтін электромагниттік түрлендіргіш әзірлеу. Бұл табиғи ортада жиі кездесетін тербеліс жиіліктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелерде қолданылатын автономды IoT-датчиктер әдетте тұрақты қуат көзін қажет етеді. Жаңа әзірлеме электрмен жабдықтаудың баламалы тәсілін ұсынып, экономика мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, атап айтқанда, егіс алқаптарының жай-күйін бақылау және экологиялық мониторинг жүргізу үшін жоғары сұранысқа ие болады.

Әзірлеменің ғылыми негізі – электромагниттік индукция заңы. Құрылғының ішінде шарғы мен магниттердің салыстырмалы қозғалысы кезінде электрлік сигнал пайда болады. Зерттеушілер кең жиілік диапазонында жоғары пайдалы әсер коэффициентін сақтауға мүмкіндік беретін конструкциялық шешімдерге баса назар аударады. Сонымен қатар инженерлер жүйені әртүрлі діріл жағдайында тұрақты түрде жұмыс істеуге бейімдеп, өндірілген энергияны артық шығынсыз, тиімді түрде жеткізуді ойластырады.

Фото: ҚР ;ылым және жоғары білім министрлігі

-Біз механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдырып, автономды қуат көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғы әзірлеп жатырмыз. Бұл шалғай өңірлердегі IoT-датчиктердің жұмысы үздіксіз әрі сенімді болуын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті жоба жетекшісі, PhD Албанбай Нұртай.

Жоба құрылғының принциптік сызбасын әзірлеу, оның 3D-моделін және математикалық моделін жасау сынды бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады. Келесі кезеңде тәжірибелік үлгілер мен өлшемдер жүргізуге арналған арнайы эксперименттік стенд дайындалады. Әртүрлі геометриялық және материалдық шешімдер салыстырылып, соның негізінде оңтайлы параметрлері бар соңғы прототип таңдап алынады. Қорытынды кезеңде ғылыми нәтижелерді жариялау және зияткерлік меншік нысаны ретінде патент рәсімдеу жоспарланған.

-Жоба жасыл технологияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Табиғи тербеліс көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге және тұрақты даму қағидаттары мен мақсаттарын іске асыруға кең мүмкіндік ашады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ғылымды қаржыландыру жүйесінде мемлекеттік бақылау күшейтілетіні туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары