Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астанада қалдықтарды энергияға айналдыратын экопарк жобасы іске қосылды

Астанада қалдықтарды энергияға айналдыратын экопарк жобасы іске қосылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Премьер-министр Олжас Бектенов Аймақтық экологиялық саммит — 2026 іс-шарасына қатысу үшін Астанаға келген қытайлық Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен кездесу өткізді.

Онда еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормаларға және Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына сәйкес экология саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды.

Фото: Үкімет

Бүгін елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарата отырып, электр энергиясын өндіруге арналған «Астана энергиясы» экопаркі» инвестициялық жобасының бірінші кезегінің құрылысы басталды. Жобаға $180 млн инвестиция салынады. Бірінші кезеңді жүзеге асыру шеңберінде кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1,5 мың тоннадан астам қалдықты құрайды, ал өндірілетін электр энергиясының көлемі 50 МВт болмақ. Мұнда технологиялық және экологиялық параметрлерге ерекше назар аударылып отыр, оның ішінде қалдықтарды тазартудың заманауи көп сатылы жүйесін қолдану бастамасы да бар. Осы мақсатта Астанада «East hope» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.

— Біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында сенімге құрылған қарқынды диалог орныққан, бұл — бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін негіз. Біз Қытай тарапы мен бизнеске экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін ризамыз және барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз. «Астана энергиясы» экопаркі» жобасы елорда үшін ғана емес, ел үшін де стратегиялық маңызға ие. Үкімет осы жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдау шараларын көрсетеді, — деп атап өткен Олжас Бектенов,

Фото: Үкімет

Энергетика министрлігі мен әкімдікке осы тәжірибені басқа өңірлерге кеңінен тарату перспективаларын қарастыруды тапсырды.

Shenzhen Energy Environment Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ган компанияның жобаның екінші кезегін жүзеге асыру ниеті бар екені туралы мәлімдеді, бұл болашақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында жинақталған қалдықтарды толық жоюға мүмкіндік бермек. Бүгінде компанияның портфелінде Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан жалпы қуаттылығы тәулігіне 79 мың тонна болатын 57 қоқыс жағатын кәсіпорын бар. Shenzhen Energy Environment Co., Ltd 20 миллионға жуық халқы бар Шэньчжэнь қаласындағы қалдықтардың 90%-ын сұрыптап, кәдеге жаратып отыр.

— Біз Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және жобаны сапалы жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Кәсіпорын Қытай мен Қазақстан арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастықтың маңызды үлгісі болатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жобаны одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отырмыз, — деді Shenzhen Energy Environment Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ган.

Фото: Үкімет

Тараптар «Астана энергиясы» экопаркі» екі ел арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың тағы бір нәтижелі үлгісі болатынын атап өтті.

Сонымен қатар көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО мен газ электр стансаларын экологиялық реконструкциялау, сондай-ақ өндірісті локализациялаудағы өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.

Фото: Үкімет

Кездесу соңында тараптар жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға және келешегі зор бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетелік Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырған еді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 16:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары