Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

ЖСДП: Астанада қалдықтарды бөлек жинау жобасы таныстырылды

ЖСДП: Астанада қалдықтарды бөлек жинау жобасы таныстырылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партия пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) пен мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізуге бағытталған ауқымды бірлескен жобаны таныстырды. Іс-шара «Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінің ауласында «Ашық аула күні» форматында өтті,- деп хабарлайды aikyn.kz сайты ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таныстырылымға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Талғат Тәтіков пен Аслан Құлмағамбетов, қалалық МИБ басшылары, эколог-сарапшылар, ПИК белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Құрылтай депутаттығына кандидат Талғат Тәтіков аула тазалығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

«Тұрмыстық қалдықтар тұрғындардың пәтерлерінен ғана емес, үйдің бірінші қабатындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарынан да шығады.  "Жасыл даму" бағдарламасымен бірлесіп, аулаларға пластик пен қағаз және картонды бөлек жинауға арналған арнайы торлы контейнерлер орнатылып жатыр. Бұл тазалықты сақтауға әрі қалдықтарды тиімді қайта өңдеуге мүмкіндік береді», – деді ЖСДП-ның өкілі.

Құрылтай депутаттығына кандидат, ЖСДП-ның  өкілі Аслан Құлмағамбетов жобаның қаржылық және ұйымдастырушылық тетіктерін түсіндірді.

«Бұған дейін қалдықтарды екі түрге бөліп жинау қажетті инфрақұрылымның болмауы және тұрғындардың қызығушылығының төмендігі салдарынан толық нәтиже бермеді. Ал біздің жобада жүйе өте қарапайым: тұрғындар қалдықтарды сұрыптап, арнайы контейнерлерге салады, кейін оны жинаушы немесе қоқыс шығаратын ұйымдар сатып алады. Нәтижесінде МИБ үйдің қажеттіліктеріне жұмсай алатын қосымша қаражатқа ие болады. Қазіргі таңда "Zero West" компаниясы пластик пен картонға арналған екі секциялы контейнерлерді және елорданың маңызды орындарына фандоматтарды орнатып жатыр», – деді ол.

«Республика» тұрғын үй кешенінің (D блогы) МИБ төрағасы Шыңғысхан Дүйсенбек жобаның алғашқы нәтижелерімен бөлісті.

«Ең алдымен қоқыс жәшіктері босай бастады. Сонымен қатар аула сыпырушының қосымша табыс табуына мүмкіндік туды. Қайта өңдеуге өткізілген қалдықтардан түскен қаржыға ауламыздың айналасына 500 түп петуния гүлін отырғыздық. "Таза ел" бастамасы өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Қазір жобаға 40 тұрғын үй қосылды, ал жалпы тізімде 130 үй бар», – деді ол.

«Zero West» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау жобасының жетекшісі Сергей Гришечкин жобаның негізгі мақсаты тұрғындарды, әсіресе жастарды, қалдықтарды сұрыптауға дағдыландыру екенін айтты.

«Жиналған қайта өңделетін қалдықтардың барлығы өндіріс орындарына жіберіледі. Олардан орындықтар сияқты түрлі пайдалы бұйымдар жасалады. Қазір 30–40 тұрғын үй кешенінде бөлек жинау алаңдарын ұйымдастырып, 10 фандомат орнаттық. Болашақта мұндай мүмкіндік әр тұрғын үйде болып, қалдықтар полигондарда шірімей, қайта өңделіп, қоғам игілігіне қызмет етсе дейміз», – деді ол.

Эколог-сарапшы Әбдіманап Жұмаділдаев қоқысты сұрыптаудың экологиялық маңызына тоқталды.

«Тұрмыстық қалдықтардың шамамен 40 пайызы – картон мен пластик. Демек, осы көлемдегі қалдықтар полигондарға түспейді, ауа мен топырақты ластамайды. Қазірдің өзінде жобаға Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалалары қызығушылық танытып, жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді сарапшы.

Бұл жоба саяси ұйымдардың, бизнестің және мүлік иелері бірлестіктерінің өзара тиімді ынтымақтастығы қалалық ортаны жақсартуға нақты мүмкіндік беретінін көрсетті. Экологиялық жауапкершілік пен тұрғындарға экономикалық пайда әкелуді ұштастырған бастама елімізде таза әрі көрікті аулаларды қалыптастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 22:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары