Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстандық көрікті алқаптары бар “құпия“ жерді тапты

Қазақстандық көрікті алқаптары бар “құпия“ жерді тапты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұшы-қиыры жоқ көкнәр алқабы, үйір-үйір жылқы мен мүлгіген тыныштық - видеограф Бекарыс Жұмабек Жамбыл облысынан әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырған атмосфералық кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бейнежазбада Меркі мен Құлан маңындағы жазық дала, батып бара жатқан күн мен Алматы - Ташкент тасжолындағы әдеттегі сапардан гөрі кино кадрларына көбірек ұқсайтын пейзаждар бейнеленген.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

Bekarys Zhumabek (@bekarys_zhumabekk) жариялаған жазба

Көкнәр алқабы қай жерде түсірілген?

Автордың айтуынша, көкнәр бейнеленген ролик бірнеше күн бұрын Алматы - Ташкент тасжолы бойында, Меркі ауылы маңында түсірілген.

Кадрларда көкжиекке дейін гүлдеп тұрған көкнәрдің кең алқабы көрсетілген.

"Бейнежазбада тасжол бойындағы табиғи пейзаждар - кең байтақ дала, көкжиек, ашық аспан мен еркіндік сезімі көрсетілген. Бұл көпшілік білетін туристік орын емес, керісінше, қарапайымдылығымен баурап алатын жабайы, табиғи сұлулық", - дейді Бекарыс.

Екінші видео Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңында түсірілген. Онда автор далада жайылып жүрген жылқы үйірін таспаға түсіріп алған.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

Bekarys Zhumabek (@bekarys_zhumabekk) жариялаған жазба

Видеографтың айтуынша, оған ең қатты әсер еткені - бұл жердің атмосферасы: ашық кеңістік, тыныштық және айналада адамдардың болмауы.

"Бұл сапар маған ерекше әсер сыйлап, зор шабыт берді. Ең алдымен күннің батуы таңғалдырды: кең байтақ даладағы ерекше жарық пен мүлгіген тыныштықтың үйлесімі. Адамдардың жоқтығы атмосфераға толық енуге, табиғатты тамашалауға және осы жердің тыныштығын сезінуге мүмкіндік берді", - деді ол.

Бекарыс бұл орынның көпшілікке танымал еместігі оны ерекшелендіретінін айтады.

Қандай көлікпен барған дұрыс?

Бұл жерге кез келген автомобильмен жетуге болады, өйткені әңгіме республикалық трасса туралы болып отыр. Дегенмен, жолсыз жермен жүру үшін клиренсі жоғары көлік қолайлырақ болады.

"Егер трассадан алқапқа қарай бұрылуды жоспарласаңыз, аласа көлікпен жүру онша ыңғайлы болмауы мүмкін", - деді видео авторы.

Сондай-ақ ол кешкі уақытта баруға кеңес берді, осы кезде дала ерекше әдемі көрінеді.

Скриншот: 2GIS

Көкнәрді неге жұлуға болмайды?

Орман шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі дала көкнәрінің экожүйеде маңызды рөл атқаратынын түсіндірді.

"Көкнәр (Roemeria) Қазақстанның далалық экожүйесінде кең таралғанына қарамастан, өсімдіктер қауымдастығы құрылымын сақтауға қатысады, тозаңдандырғыш үшін азықтық базаны қамтамасыз етіп, маңызды экологиялық қызмет атқарады", - деп хабарлады ведомство.

Гүлдерді жаппай таптау немесе жұлу кезінде аумақ деградацияға ұшырауы мүмкін.

Көкнәрді жұлғаны үшін айыппұл бар ма?

Алматы Ботаникалық бағының ғылыми хатшысы, биология ғылымдарының кандидаты Эльмира Сәметова көкнәрді жұлғаны үшін бөлек айыппұл жоқ екенін айтты, себебі бұл өсімдік Қызыл кітапқа енген түрлерге жатпайды.

Оның айтуынша, көкнәрді жұлудың еш қажеті жоқ.

"Көкнәрді жұлудың мәні жоқ: ол гүл шоғы ретінде ұзақ тұрмайды, күлтелері тез түсіп қалады. Сондықтан оларды жұлудың еш мағынасы жоқ. Тіпті жаза болмаса да, көкнәр ешкімнің үйін сәндей алмайды, оның күлтелері тез солады", - деді ол.

Тағы оқыңыз: “Осы жерде тұрғым келеді“: Биыл жазда баруға тұрарлық Шығыс Қазақстан облысындағы 6 орын

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары