Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Саяхатшы ШҚО дағы өзге ғаламшарлық бедері бар құпия жерді көрсетті. Ол жерге жету оңай емес

Саяхатшы ШҚО дағы өзге ғаламшарлық бедері бар құпия жерді көрсетті. Ол жерге жету оңай емес

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Зайсандағы Шекелмес мүйісі Шығыс Қазақстанның ең әдемі әрі қатал жерлерінің бірі. Мұнда өзге ғаламшарды еске түсіретін панорамалар мен жабайы жағажайды көру үшін келеді. Тәжірибелі саяхатшы Денис бұл бағытты өз басынан өткеріп, неге Шекелмеске жол талғамайтын көліксіз, офлайн-картасыз және мықты дәрі-дәрмек қобдишасынсыз баруға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Қазақстан көздің жауын алатын әдемі, бірақ көпшілік біле бермейтін жерлерге толы. Соның бірі - Зайсан көліндегі Шекелмес мүйісі. Белгілі travel-блогер Денис бұл жерді өңірді велосипедпен аралап жүргенде кездейсоқ тапқан: оған әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі осы ерекше жерге баруға кеңес беріпті. Бұл жер саяхатшыны таңғалдырғаны сонша, ол жабайы табиғат аясында түнеп қалуға шешім қабылдаған.

"Мен бұл жер туралы мүлдем білмеген едім, бірақ жанынан өтіп бара жатқанымда, ол маған міндетті түрде соғуым керек екенін айтты, өйткені онда ерекше пішінді жартастар бар екен. Содан кейін бұрылдым. Бұл менің саяхаттау стилім: егер жер қызықты әрі әдемі болса, мен міндетті түрде сонда түнегім келеді. Бір жер күндіз және түнде - екі бөлек әлем, сондықтан қалуға бел будым", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ДЕНИС ТУРИСТ | АВАНТЮРИСТ (@denis.tourist)

Зайсан көлі мен Шекелмес мүйісінің кереметі неде?

Денистің пікірінше, Шекелместің басты ерекшелігі - таңғажайып "өзге ғаламшар" бедері.

"Егер осы балшық төбелерге шықсаңыз, олардың ең биігінен көл бүкіл сұлулығымен көрінеді. Шексіз су айдыны мен тылсым ландшафттың үйлесімі, әсіресе күн батқанда керемет әсер қалдырады", - деп бөлісті саяхатшы.

Жазғы аптапта Зайсан салқындауға шақырады. Рас, жабайы жағажайдың өз ерекшеліктері бар. Мұнда жағалау мен көл түбі малтатаспен қапталған, кей жерлері айтарлықтай өткір.

"Жағалауда су түбі тасқа толы, сондықтан жарақат алмау үшін суға жалаң аяқ емес, тәпішкемен кірген дұрыс - кейде өткір тастар кездеседі. Көлдің нақты тереңдігін білмеймін, бірақ суға түсетін жер жайпақ, су астында күрт тереңдейтін тұстарды байқамадым, сондықтан алаңсыз шомылуға болады", - деді Денис.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ДЕНИС ТУРИСТ | АВАНТЮРИСТ (@denis.tourist)

Денис велосипедпен жүретіндіктен, автокөлік жүргізушілері үшін жолға кететін нақты уақытты есептеу қиын, бірақ ол бағытты егжей-тегжейлі сипаттап берді. Негізгі бағдар нүктелері - Өскемен мен Күршім.

"Күршімнен асфальт жолмен шамамен 30 шақырым жүріп, содан кейін оңға қарай далаға бұрылу керек. Ол жерде адасып кету өте оңай: бағдар болатын ештеңе жоқ, ал ұялы байланыс мүлдем ұстамайды. Алдын ала жүктелген офлайн-картасыз жол табу мүмкін емес. Мен Maps.me қосымшасын пайдаландым, ол дала соқпақтарын да көрсетеді, бұл өте үлкен көмек", - деді саяхатшы.

Оның айтуынша, таныстары бірде кәдімгі онлайн-навигаторға сеніп, Шекелместен Қиын Керішке бара жатқан жолда бағыттан ұзақ уақытқа адасып қалған, өйткені интернетсіз карта жұмысын тоқтатқан.

Шекелмес мүйісінің координаттарын мына сілтемеден көруге болады:

Көлік мәселесіне келсек, жеңіл көлікпен дала жолдарына шығу - жақсы идея емес. Мұнда кем дегенде клиренсі жоғары кроссовермен, одан да жақсы - нағыз жол талғамайтын көлікпен шыққан жөн.

Сапар алдында нені білу маңызды?

Саяхатшының айтуынша, Шекелмес өте әдемі жер, бірақ дайындықсыз келген туристерді қолайсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Сапар алдында ол мынадай кеңестер береді:

офлайн-карталарды жүктеп алыңыз. Далада байланыс та, интернет те жоқ. Карталарды (мысалы, Maps.me) алдын ала орнатып алыңыз, әйтпесе жолайрықтарда адасып кетесіз; күннен қорғаныңыз. Жеңі ұзын киім мен бас киім қажет. Суға түскеннен кейін бірден күнге күйіп қалу қаупі жоғары; қауіпті көршілер. Мұнда сарышаян, өрмекші, бүйі кездеседі. Сольпуга шаққанда өлік уын таратады, мұндай жарадан кейін дәрігерге баруға тура келеді; шатырды жабық ұстаңыз. Түнгі жәндіктер шам жарығына жиналады. Шатырға кіргенде немесе шыққанда сыдырмасын дереу жабыңыз; өзіңізбен бірге су мен тамақ алыңыз. 15 шақырым радиуста кішкентай ауыл бар, ол жерден дұрыс азық-түлік сатып ала алмайсыз; дәрі-дәрмек қобдишасын алыңыз. Желі жоқ болғандықтан, жедел жәрдем немесе құтқарушыларды шақыру мүмкін болмайды. Төтенше жағдайға қажетті барлық дәрі-дәрмекті өзіңізбен бірге алыңыз.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ДЕНИС ТУРИСТ | АВАНТЮРИСТ (@denis.tourist)

Бұл жолды көлікпен жүріп өткендерге саяхатшы бір сапарда екі ерекше жерді көруге кеңес берді. Ең тиімді жоспар - бірінші түнді Шекелместе өткізіп, екінші түні көршілес Қиын Керішке бару. Көлікпен бұл көп уақыт алмайды, бірақ ол жердің ландшафттары одан да ауқымды әрі зор, ал күннің батуы ұмытылмас әсер қалдырады.

Тағы оқыңыз: “Ғарышқа ұшудың не керегі бар?“ Шетелдік Маңғыстауда түсірілген ерекше кадрларды көрсетті

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары