Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақстандық төрт боксшы Дубайдағы финалда жұдырықтасады

Қазақстандық төрт боксшы Дубайдағы финалда жұдырықтасады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бокстан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов жекпе-жексіз финалға жолдама алды.

Оның жартылай финалдағы өзбекстандық қарсыласы жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды. Енді отандасымыз шешуші сында ресейлік спортшымен алтын медальды сарапқа салады.

Бокстан әлем чемпионатының ақтық кезеңінде 4 спортшымыз өнер көрсетеді. Алдымен 54 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалда непалдық қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Оразбек Асылқұлов 57 келіде ресейлік боксшыдан айласын асырды. Ал 71 келіде Абылайхан Жүсіпов қырғыз спортшысынан басым түссе, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов өзбекстандық қарсыласының жарақатына байланысты бірден финалға өтті. 

Сәкен Бибосынов, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

- Оңай жекпе-жек болған жоқ. Бұл жерде әлемнің мықтылары қатысып жатыр. Өз елдеріндегі номері бірінші боксшылар. Қазір барлық жерде бокс қатты дамыған. Сондықтан оңай болған жоқ. Бапкерлерімнің тактикасын дұрыс орындап, жеңіске жеттім. Енді финалда жақсы бокстасу үшін бар күшімізді саламыз.     

Абылайхан Жүсіпов, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

- Бүгін жеңгеніме өте қатты қуаныштымын. Мен үшін тағы бір белес болды. Өздеріңіз білесіздер оның алдында 3 әлем чемпионатында қола алған болатынмын. Бүгін енді алтынға бір қадам жақындадым. Өте қуаныштымын. Қазақстанда жүргендеймін. Жанкүйерлерге рақмет қолдауларыңызға. 

Финалда өнер көрсететін 4 боксшымыздың үшеуінің жолы ресейлік споршылармен түйісіп отыр. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов пен Сабыржан Аққалықов және Абылайхан Жүсіпов көрші елдің былғары қолған шеберлерімен жұдырықтасады. Ал Оразбек Асылқұлов Тәжікстан өкілімен алтын медельды сарапқа салады.   

Оразбек Асылқұлов, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

- Ресей боксшысымен өте тартысты жекпе-жек болды. Ресейден 13 боксшы келіп, оның бәрі де полуфиналға шыққан. Әлі ешкім ұтылмап еді. Енді міне біреуі менен ұтылды. Енді финалға дайындаламын. Келесі қарсыласты қараймыз, зерттейміз.

Шорт-трекшілер 9 лицензия ұтып алды 

- Ал шорт-трекшілер XXV қысқы олимпиада ойындарына 9 лицензия жеңіп алды. Дәлірек айтсақ, 4 спортшымыз төрт жылдықтың басты додасында өнер көрсетеді. Яғни Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Ольга Тихонова мен Яна Хан қысқы ойындарда ел намысын қорғайды. Олар 500 метрлік сынға 4 лицензия, 1000 метрлік бәсекеде екеу, 1500 метр қашықтықта тағы екеу және 2 мың метрлік аралас сынға 1 жолдама жеңіп алды. Яғни 4 шорт-трекші ел қоржынына  9 лицензия салды. Әзірге қазақстандық спортшылардың еншісінде бас аяғы 2 спорт түрінен 11 лицензия бар. Оның екеуі мәнерлеп сырғанушылар Михаил Шайдоров пен Ольга Самоделкинаға тиесілі.   

Мейрам Сапарғалиев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі:

- Қазір ҚР спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар жан жақты әлем біріншіліктеріне, куоктық, этаптық, рейтингтік жарыстарға қатысып жатыр. Жалпы биылғы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиа ойындарына 10 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отырмыз. 30-ға жуық спортшыда қазір мүмкіндік бар. Оның ішінде биатлон, шаңғымен сырғанау, шаңғы спорты түрдері, конькимен жүгіру және шорт-тректегі әр дисциплинасын қосқанда 10 спорт түрінен қатысамыз. 

Биылғы XXV қысқы олимпиада ойындары Италияның Милан мен Кортина қалаларында өтеді. Онда бас аяғы 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Төртжылдықтың басты додасы ақпанның 6-сы басталып, 22-сіне дейін жалғасады. 

Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қаңтар айының аяғына дейін тағы да лицензия алуға мүмкіндіктер бар екен. Уақыт аз қалды. Қысқы жазғыға қарағанда қаражатты көп қажет етеді. Қысқы спорттың базалары жағынан бізде жетіспеушіліктер бар. Мысалы жақсы дамығна шорт-тректің базалары жоқ деп айтылып жатады, көтеріліп жатады.  

Дзюдодан ел чемпионаты басталды 

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Биылғы біріншіліктің ерекшелігі халықаралық ареналарда көзге түсіп жүрген жас дзюдошылар да сынға түседі. Олардың қатарында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Жасұлан Батырғали мен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан мен Мұхамедәлі Жылқайдар бар. Дода 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары