Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Жәнібек Ларамен жұдырықтасады

Жәнібек Ларамен жұдырықтасады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, IBF пен WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткізеді. Бұл бәсекені атақты «Premier Boxing Champions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.

«Qazaq Style» лақап атын иеленген Жәнібек кубалық 42 жастағы Эрисланди Ларамен күш сынасады. Гуантанамо тумасы 2005 жылы Қытайдың Миньян қаласында әуес­қойлар арасында әлем чемпионы атанған. Сол жарыстың жартылай финалында біздің Бақтияр Артаевтан басым түскен. Кезінде түрлі турнирлерде Бақыт Сәрсекбаевпен екі рет жолы қиысып, екеуінде де қанда­сы­мыз жеңіске жетті. 2007 жылы Лара Бразилияда өткен Панамерика ойын­да­ры барысында шетелге қашпақ болды. Бірақ жергілікті сақшылардың қолына түскен кубалық қабылан ота­нына қайтарылды. 2008 жылы сол әре­кетін екінші мәрте қайталады. Бұл жолы астыртын жоспары жүзеге асып, Германиядан бір-ақ шықты. Одан кейін Америкаға аттанды.

Кәсіпқой рингтегі тұсаукесер кездесуін Лара 2008 жылдың жазында өткізді. Сол кезден бері 36 мәрте шаршы алаңға көтеріліп, 30 бәсекеде жеңіске жетті. 18 қарсыласын нокаутқа жіберді. 2011 жылы Пол Уильямстен, 2014 жылы Сауль Альварестен, 2018 жылы Джерретт Хертдтан ұпай санымен ғана ұтылды. 2011 жылы Карлос Амадо Молина, 2012 жылы Ванес Мартиросян, 2019 жылы Брайан Костаноға қарсы өткен жекпе-жектерде тең есеп тіркелді. Қазірде Эрисланди WBA нұсқасы бойын­ша чемпиондық белбеуге ие.

Жәнібек Әлімханұлының жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. 32 жастағы Жәнібек кәсіпқой бокс­ты серік еткен тоғыз жыл аралығында 17 рет рингке көтеріліп, барлық бәсекеде жеңіс тойын тойлады. 12 қарсыласын есінен тандырды. Қазір «Qazaq Style» екі бірдей беделді нұсқа бойынша чемпиондық атақты иеленіп отыр. Енді үшінші нұсқаны да еншілесе деген ізгі тілегіміз бар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары