Қазақстандық зағип музыкант Лондонда өткен байқауда жеңіске жетті
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
"Жетінші арнаның" мәліметінше, ол "Фортепиано" санаты бойынша 35 елден келген қатысушылардың арасынан топ жарды. Байқау қатысушылары Корольдік музыка академиясында өнер көрсетті. Қазақстандық музыкантқа жеңіс әкелген шығарма – Әліби Әбдинұровтың "Гүл-гүл жайна" композициясы.
"Абылайдың есте сақтау қабілеті керемет және өте еңбекқор. Сабақ бірнеше сағатқа созылса да, ол шаршамайды", – деді шәкірті туралы ұстазы Олеся Бабкова.
Ұлыбританиядағы жеңіс Абылай үшін мазмұнды әрі табысты оқу жылының тамаша қорытындысы болды. Биыл ол жалпы білім беретін мектепті ғана емес, музыка мектебін де үздік бағамен тәмамдады. Енді оны жаңа кезең күтіп тұр.
"Жас пианист Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне грант жеңіп алды. Енді оның арманы – музыка саласындағы кәсіби жолын жалғастыру", – делінген репортажда.
Абылай "Аспаптық орындаушылық" мамандығы бойынша эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі және балалар музыка мектебінің оқытушысы біліктіліктерін меңгеріп, білім алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстандық брейкингтен Дубайда өткен чемпионатта жеңіске жетті
21 Желтоқсан 2025 11:34
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
20 Қараша 2025 06:24
Қазақстандық әскери қызметші Лас Вегаста өткен UFC турнирінде жеңіске жетті
13 Тамыз 2026 08:02
Астанада өткен сотта Бишімбаевтың анасы жеңіске жетті
13 Ақпан 2026 20:32
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
14 Ақпан 2026 22:07
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 11:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















