Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр

Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Бүгін Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына 34 жыл толып отыр. 2012 жылдан бері бұл дата Отан қорғаушы күні ретінде аталып келеді.

Егемен ел Қарулы күштерге зор сенім артады

1992 жылы 7 мамырда мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстанның қорғаныс министрлігі болып қайта жасақталған болатын. Сол кезде президенттің жарлығымен Қазақстанның Қарулы күштері құрылды. Араға 20 жыл салып, Қарулы күштердің ресми туған күні мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы – президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Отан қорғаушы күні қарсаңында мемлекеттік марапат пен әскери шен тапсырады. Биыл да Ақордада салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы егемен еліміздің Қарулы күштерге зор сенім артып отырғанын ерекше атап өтті.

"Бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сайыпқыран сарбаздарымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Күштік құрылымдар заң үстемдігін, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Құтқарушылар қатерден қаймықпай азаматтардың амандығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр. Жауынгерлеріміз күрделі міндеттерді табысты орындап, халықаралық тұрақтылықты нығайту ісіне де зор үлес қосуда. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет. Бұл әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары екенін көрсетеді", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, әскери оқу орындарының үздік түлектеріне бірден "аға лейтенант" дәрежесін беруге қатысты тиісті түзетулер қарастырылып жатыр. Жалпы, биыл және келесі жылдар әскери білім беру сапасын арттыруға арналады.

Қарулы күштерде түбегейлі реформа болады

Ақордада өткен салтанатты жиында Тоқаев кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешудің маңыздылығына да тоқталды. Бірақ әрқашанда "ас пен тас" стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет.

"Біз халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек деп санаймыз. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді. Осы мызғымас ұстанымдар жаңа Ата заңымызда нақты айқындалды. Бірақ бұл қамсыз отыру қажет деген сөз емес. Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуға тиіс. Сондықтан мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді ең бірінші кезекте технологиялық тұрғыдан жаңғырта беруіміз қажет", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл – қазіргі тұрақсыз, құбылмалы заманның талабы.

"Соны ескере отырып, ең алдымен, Қарулы күштерімізді және әскери мекемелерімізді түбегейлі реформалау керек. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет, оны созбай, екі жыл ішінде орындау қажет", – деп атап көрсетті президент.

Биыл әскери парад бола ма

Былтыр Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толғанда 7 мамырда әскери парад өткізуге шешім қабылданды. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 300-ден аса қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілері қатысты.

Биыл Астанада әскери парад өтпейді. Дегенмен, барлық жерде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, Астанада әскери техника көрмесі өтеді. Барлық шараны мына жерден көруге болады.

Қарулы күштер туралы не білеміз

Қазақстанның Қарулы күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.

Құрлық әскерлері 1993 жылы 21 сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылық пен десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді.

Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары:

"Астана" өңірлік қолбасшылығы;

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы;

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы;

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.

Әскери-теңіз күштері президент жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде құрылды. Ал Қарулы күштердің дербес түрі болып түпкілікті 2003 жылғы 7 мамырда қалыптасты. Әуе қорғанысы күштері 1998 жылы құрылған.

Мамырда неше күн демаламыз

Осы айда бірнеше маңызды мейрам бар. Олар:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

27 мамыр – Құрбан айт.

Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекелер тізіміне кіреді. Сондықтан ол күні демалыс беріледі. Жеңіс күні сенбіге түсіп тұр. Сондықтан дүйсенбі, 11 мамырда қосымша демалыс беріледі.

Жалпы, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда 14 күн демалады. Ал алты күн жұмыс аптасында барлығы 9 күн демалыс болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 11:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары