Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

Қазақстандықтар құқық бұзушылықтың алдын алуға тікелей қатысады: заң жарияланды

Қазақстандықтар құқық бұзушылықтың алдын алуға тікелей қатысады: заң жарияланды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Аталған заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдар мен азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;құқық бұзушылық деңгейін төмендету;құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу;құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру;жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алуға азаматтардың белсенді қатысуын арттыру;құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіру;құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою;азаматтардың дене, зияткерлік, рухани және адамгершілік дамуына ықпал ету, қоғам мүдделерімен, Қазақстан халқының дәстүрлерімен, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерімен ұштасқан отансүйгіштік пен азаматтықты тәрбиелеу;ерекше педагогикалық назарды қажет ететін балаларды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру;құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу шараларын жүргізудің құқықтық негіздерін қалыптастыру;құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимылы;кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен панасыздықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және өзге де заңнамалық шаралар арқылы қолдау.

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары:

құқық бұзушылықтың алдын алуға ерікті түрде қатысуға;құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге, өзге азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге;алдын алу шараларын жүргізуде тиісті органдарға жәрдем көрсетуге;құқық бұзушылық фактілері мен оған бейім адамдар туралы уәкілетті органдарға хабарлауға;құқық бұзушылықты тіркеу үшін техникалық құралдарды қолдануға;құқыққа қарсы әрекеттерден және жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуға;құқық бұзушылықтың алдын алу саласында түсіндіру және құқықтық жұмыстарды бірлесіп жүргізуге;алдын алу субъектілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Азаматтарды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту құқық қорғау органдарына ерікті түрде көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысуға ниет білдірген азамат құқық қорғау органына өтініш беріп, оған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тапсырады. Азамат өмірі мен денсаулығын сақтандыру куәлігінің көшірмесін де ұсынуға құқылы.

Құқық қорғау органы азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есептер бойынша тексеріп, тиісті құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдайды немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде жауап береді.

Жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күні ішінде ұсынысты қарап, азаматты қоғамдық көмекші ретінде тіркейді және бұл туралы құқық қорғау органына хабарлайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға мына азаматтар жіберілмейді:

кәмелетке толмағандар;сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан адамдар;профилактикалық есепте тұрғандар;өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған тұлғалар;наркологиялық немесе психоневрологиялық есепте тұрған, сондай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп танылған адамдар.

Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері

Қоғамдық көмекшілер:

құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыруға;кеңесші-алқалық органдардың жұмысына;алдын алу субъектілеріне жәрдем көрсетуге;құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге қатысады.

Сонымен қатар қоғамдық көмекшілер:

профилактикалық есепке алынуға тиіс адамдар туралы хабарлауға;есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру мен жинау фактілері туралы мәлімет беруге;есірткі тұтыну, жезөкшелік орындары туралы хабарлауға;қоғамдық тәртіпті сақтауға;жоғалған адамдарды іздеуге және қылмыстарды ашуға жәрдемдесуге;оқиға орнын қорғауға;білім беру ұйымдарында алдын алу жұмыстарын жүргізуге;кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға;өзге жолмен мүмкін болмаған жағдайда құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін күш қолдануға құқылы, бірақ шектен асуға жол берілмейді.

Қоғамдық көмекшілерге құқық қорғау органдарының айрықша құзыретіне кіретін қызметті атқаруға, өкілеттігін иемденуге, заңды әрекеттерге кедергі келтіруге тыйым салынады.

Ішкі істер органдары қоғамдық көмекшілерге құқықтық дайындық ұйымдастырады.

Заңда құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтарды ынталандыру шаралары да көзделген.

Сонымен қатар отбасын қолдау орталықтарын құру қарастырылған. Бұл орталықтар отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетумен айналысады, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зардап шеккендерді есепке алу жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ жылжымалы топтар құру көзделген.

Бұл топтар:

қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады;кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың анықталған фактілері, сондай-ақ зорлықтан жапа шеккен және көмекке жүгінген адамдар туралы құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдарға хабарлайды;құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және басқа да алдын алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шараларына мыналар жатады:

алдын алу әңгімесі;ресми ескерту;жақындауға тыйым салу;әкімшілік жаза қолдану;қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) есепке алу;әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жұмыстарын ұйымдастыру;жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу;құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну;медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;профилактикалық есепке қою және бақылау;ерекше назарды қажет ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу;қорғау нұсқамасы;құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;әкімшілік қадағалау орнату;арнайы білім беру ұйымдарына және ұстау режимі ерекше білім беру ұйымдарына жіберу;тәрбиелік ықпал ету шаралары;ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, баланы асырап алуды (қамқорлыққа алуды) жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды міндеттерінен босату немесе шеттету, патронаттық тәрбие туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;психологиялық көмек көрсету.

Аталғандай, құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану туралы шешім мүдделі тұлғалар тарапынан шағымдануы мүмкін.

Сонымен бірге "ресми ескерту" ұғымы енгізіледі. Бұл — уәкілетті мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның лауазымды адамы тарапынан жеке тұлғаға қоғамдық тәртіпке қарсы мінез-құлықты жалғастыруға жол берілмейтіні немесе құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайларды жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқама.

Ресми ескерту тұлғаға қол қойғызу арқылы жарияланады, ал қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы тиісті белгі қойылады.

Құқық бұзушылықтың жеке алдын алуына жауапты лауазымды тұлға ресми ескерту жарияланғаны туралы сол адамның жұмыс (оқу) орны бойынша жұмыс берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі басқару органына хабарлауға құқылы.

Ресми ескерту жарияланған адам уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан профилактикалық есепке қойылады.

Ресми ескертудің қолданылу мерзімі — оны тапсырған күннен бастап 30 тәулік.

Осы мерзім ішінде уәкілетті тұлғалар ресми ескертудің орындалуын айына кемінде екі рет бақылап отырады.

Ресми ескертуді бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұдан бөлек, жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу шарасы қолданылады.

Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу мына тұлғаларға қатысты жеке алдын алу шарасы ретінде қолданылады:

тұрақты тұрғылықты жері немесе жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған және жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған адамдарға;заңды күшіне енген сот актісі негізінде мәжбүрлеп елден шығаруға жататын, сондай-ақ сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға.

Бұл шара ішкі істер органдары тарапынан соттың санкциясымен қолданылып, аталған тұлғаларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде 30 тәулікке дейін уақытша оқшаулауды көздейді.

Заңда сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қарастырылған.

Аталған шаралар психикалық немесе мінез-құлық бұзылыстары бар, психобелсенді заттарды қолдануға байланысты ауруларға шалдыққан, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға сот шешімімен қолданылады.

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.

Заңның толық мәтінімен танысуға болады.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңға және онымен байланысты екі заңға қол қойған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see124

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see121

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see118

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see117

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see116

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see116

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see115

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see114

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see114

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see113

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see113

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see112

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see111

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see111

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

29 Маусым 2026 23:53see111

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see110

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see107

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see105

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

29 Маусым 2026 12:08see104

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

29 Маусым 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары