Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын көре алады ережелерде тағы не өзгереді

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын көре алады ережелерде тағы не өзгереді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда жедел медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Енді пациенттер шақыртылған бригаданың қай жерде келе жатқанын нақты уақыт режимінде көре алады. Бұдан бөлек, өзгерістер шұғыл шақыртулар мен емханалардың мобильді бригадалары жұмысына да қатысты болады, - деп хабарлайды Tengri Health.

Тиісті бұйрыққа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды. Жаңа ережелер 13 қазаннан бастап қолданысқа енеді.

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын біле алады

Құжаттағы басты жаңалықтардың бірі жедел жәрдем көлігінің қозғалысын бақылауға қатысты.

Диспетчер бригаданы шақыртуға жібергеннен кейін пациентке автоматты түрде хабарлама барады. Сондай-ақ оған геосервистердің көмегімен бригаданың орналасқан жері мен қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі берілуі тиіс.

Ол үшін жедел жәрдемнің автоматтандырылған жүйесі бригада тағайындалғаннан кейін қажетті мәліметтерді тиісті сервиске жіберіп отырады.

Айта кетейік, жедел жәрдемді тек 103 нөмірі арқылы ғана емес, мобильді қосымшалар, мессенджерлер мен чат-боттар арқылы, оның ішінде геолокацияны жолдау арқылы шақыру мүмкіндігі ережеде бұрын да қарастырылған болатын.

Төртінші санат енді "шұғыл жағдай"

Жедел жәрдем көрсету ережелерінен "шұғыл көмектің төртінші санатындағы шақырту" ұғымы алып тасталады. Оның орнына "шұғыл жағдай" ұғымы енгізіледі.

Бұған жіті ауру немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелер қызметінің кенеттен және айқын бұзылуы байқалмайтын, сондай-ақ пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп төндірмейтін жағдайлар жатады.

Бұл ретте бригадалардың жету уақыты өзгермейді:

бірінші санаттағы шұғылдық - 10 минутқа дейін; екінші - 15 минутқа дейін; үшінші - 30 минутқа дейін; шұғыл жағдайлар (бұрынғы төртінші санат - ред. ескертпесі) - 60 минутқа дейін.

Шұғыл шақыртулар мобильді бригадалардың жұмыс уақытында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына - емханаларға жіберіледі.

Жұмыс күндері мұндай бригадалар сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте емханаларға жіберілетін шақыртулар жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, ал сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін тіркеледі.

Егер шұғыл шақырту емханалардың жұмыс уақытынан тыс кезде түссе, оған жедел медициналық көмек станциясының бригадасы қызмет көрсетеді.

Пациенттің міндетті түрде тіркелген мекенжайында болуы шарт емес: мобильді бригада шақыртуға пациенттің өз қызмет көрсету аймағындағы нақты жүрген жері бойынша баруы тиіс.

Медицина қызметкерлеріне бейнежетондар беріледі

Өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне де қатысты.

Жедел жәрдем бригадалары мен емханалардың мобильді бригадалары рациялар, тағып жүретін бейнежетондар және мобильді камералармен жабдықталуы тиіс. Олардың көмегімен пациентке қызмет көрсету және оны ауруханаға тасымалдау кезінде болып жатқан жағдайларды аудио- және бейнежазбаға түсіруге болады.

Емханалардың мобильді бригадаларының көлігі де GPS-бақылау және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады.

Егер шақырту кезінде медицина қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнсе, шақыртуға полиция қызметкерлері барады.

Ата-анасы ауруханаға әкетілсе, балалардың жағдайы не болады?

Ережеде жедел жәрдем кәмелетке толмаған баланың жалғыз ата-анасын немесе заңды өкілін ауруханаға жатқызған жағдай бөлек жазылған.

Егер бала осыдан кейін қараусыз қалса, ол полиция қызметкерлеріне тапсырылуы тиіс. Бұдан әрі олар баланы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға уақытша орналастырумен айналысады.

Пациентті қайда апарады?

Егер пациенттің өміріне қауіп төнсе - мысалы, жіті жүрек-қан тамырлары немесе тыныс алу жетіспеушілігі кезінде - ол шұғыл көмек көрсететін жақын маңдағы стационардың қабылдау бөліміне жеткізілуі тиіс.

Бұл ретте пациенттің қай жерге тіркелгені маңызды емес.

Өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 125 бұйрығымен енгізілді.

Құжат 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс орнында пациенттер немесе олардың туыстары тарапынан шабуылға ұшыраған медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыруды ұсынған болатын. Толығырақ - мына материалда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қазақстан

жедел желі

Денсаулық сақтау министрлігі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары