Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстандықтарға PS Store қайтарыла ма? Қазір Sony мен не туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

Қазақстандықтарға PS Store қайтарыла ма? Қазір Sony мен не туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық геймерлердің ойын сатып алуға арналған PlayStation Store онлайн-дүкеніне қол жеткізе алмағанына бес жыл болды. Қазір бұл мәселемен Ұлттық банк айналыса бастады. Осы уақытқа дейін не белгілі – Tengri Life материалында.

PS Store-сыз бесінші жыл

Шектеу Sony компаниясы 2022 жылғы наурызда санкцияларға байланысты Ресейдегі сервистерінің жұмысын тоқтатқаннан кейін пайда болды. Салдарынан елімізде консольдер ресми түрде сатылғанымен, қазақстандық пайдаланушылар үшін де қолжетімділік мәселесі туындады.

Бұған дейін PlayStation Network желісіне тіркелу кезінде қазақстандық пайдаланушылар біздің өңірді таңдай алмайтын - атап айтқанда, ресейлік және украиналық аймақтар қолжетімді болды. Мұндай аккаунтқа қазақстандық банк картасын байланыстыру мүмкін емес еді. Сондықтан көпшілігі ойындарды сатып алу және цифрлық қызметтерді пайдалану үшін ресейлік өңір бойынша аккаунт тіркейтін.

Шектеу енгізілгеннен кейін мұндай аккаунттар қиындықтарға тап болды: пайдаланушылар дүкенге және цифрлық сервистердің бір бөлігіне, сондай-ақ бұрын рәсімделген кейбір жазылымдарға қол жеткізе алмай қалды.

Кейбір бағалаулар бойынша, Қазақстандағы 50 мыңға жуық PlayStation иесі ойын сатып алу және PlayStation Store-ды пайдалану кезінде кедергіге тап болған.

Мәселе қалай шешілмек болды?

Қазақстандық ведомстволар мәселені шешпек болды. Цифрлық даму министрлігі (қазіргі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) Sony Interactive Entertainment компаниясына Қазақстанда сервистің жұмысын қайта бастау туралы ресми сауал жолдады.

Ұлттық банк ұстанымы

Бұған дейін БАҚ-та Ұлттық банк сервисті толыққанды іске қосу туралы келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. PlayStation Store цифрлық дүкенінде қазақстандық пайдаланушылар үшін жеке өңір пайда болуы мүмкін деп болжанған.

Tengrinews.kz ресми сауал жолдады.

"Ұлттық банк қазақстандық төлем карталарын пайдалана отырып, шетелдік цифрлық және ойын сервистеріне төлем жасауға қатысты мәселелердің барын біледі. Қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп, қолданыстағы шектеулер мен оларды жоюдың ықтимал тәсілдері зерделеніп жатыр. Бұл ретте мұндай мәселелердің едәуір бөлігі тікелей нарық пен шетелдік сервистердің өзара әрекеттесуіне қатысты".

Жасанды интеллект министрлігі халықаралық технологиялық компаниялармен, соның ішінде ойын сервистеріне қолжетімділікті кеңейту бойынша келіссөзді жалғастырып жатқанын хабарлады.

Бұл ретте жеке өңірлерді, төлем жүйелерін және жергілікті сервистерді іске қосу туралы шешімді "өздерінің техникалық және өзге де талаптарын ескере отырып, компаниялардың өздері қабылдайды".

"Министрлік өз тарапынан Қазақстанды дербес цифрлық нарық ретінде танытуды жүйелі түрде ілгерілетіп келеді және халықаралық технологиялық компанияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр", – делінген сауалға берілген жауапта.

Мәселе тарихы

PlayStation Store-ға қолжетімділік жабылғаннан бері журналистер шенеуніктерден бұдан былай не болатынын және сервис қашан қайтарылатынын бірнеше рет сұрады. Бірақ әр жолы: "Мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, хат жіберілді" деген бірсарынды жауап айтылады. Осы уақыт ішінде ЦДИАӨМ-да министрлер де ауысып үлгерді: бұл оқиға Бағдат Мусиннің тұсында (2024 жылғы сәуірде қызметінен кетті) басталып, қазір Жаслан Мәдиевтің кезінде жалғасып жатыр. Министрлердің (және олардың орынбасарларының) уәделері хронологиясын ұсынамыз:

1. 2023 жылғы 14 наурызда сол кездегі министр Бағдат Мусин қазақстандық тарап Sony-ден әлі жауап ала алмағанын айтты.

2. 2023 жылғы 10 қарашада сол кездегі вице-министр Асхат Оразбек "қазір Sony корпорациясы біздің өңірде Sony PlayStation аккаунттарына қолжетімділік беруді жоспарлап отырған жоқ" деді.

3. 2023 жылғы қарашада БАҚ ЦДИАӨМ Sony-дің Калифорниядағы кеңсесіне PlayStation Network-ке қолжетімділікті қайтаруды және қазақстандық банк карталарымен төлеу мүмкіндігін беруді сұрап хат жолдағанын жазды. Жауап келмеді – сауал Sony-дің Жапониядағы кеңсесіне қайта бағытталды. Ол кезде келіссөзге Қазақстанның Жапониядағы елшілігі тартылды.

4. 2023 жылғы 23 желтоқсанда ЦДИАӨМ Қазақстанның Жапониядағы елшілігі Sony өкілдерімен келіссөз жүргізуге тырысқанын хабарлады. Бірақ олар ауызша жауап берді: қазіргі жағдайды ескере отырып, компания әзірге нақты жауап бере алмайды.

5. 2024 жылғы 20 маусымда министр Жаслан Мәдиев Sony өкілдерімен кездескенде PlayStation Store-ды Қазақстанға қайтару мәселесін тағы да көтеретінін айтты.

6. 2024 жылғы 26 қарашада Мәдиев журналистерге Sony Қазақстанды PlayStation Store-ға қайтармай отырғанын, себебі ресейлік және санкциядағы басқа елдердің ойыншылары қазақстандық аккаунттар ашып, шектеулерді айналып өтеді деп қауіптенетінін мәлімдеді.

7. 2025 жылғы 30 мамырда ЦДИАӨМ басшысы Sony-ге хат жіберілгенін тағы қайталады.

8. 2026 жылғы 1 наурызда Жасанды интеллект министрлігі Sony компаниясы осы күнге дейін ресми жауап бермегенін хабарлады.

Еске сала кетейік, мыңдаған қазақстандық Sony басшылығынан елді PlayStation сервистеріне қосуды сұраған болатын. Жұрт Sony компаниясы ойын бөлімшесінің басшысына арналған петицияға қол қойып, елді компанияның цифрлық сервистеріне қосуды сұраған еді. Бірақ бұл жалпы жағдайға әсер етпеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 12:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары