Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстанның ТМД мен сауда айналымы $38 млрд жеткен

Қазақстанның ТМД мен сауда айналымы $38 млрд жеткен

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Былтыр ТМД елдерінде сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайызға ұлғайып, 110 млрд долларға жетті. Ал соңғы 5 жылда Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі 1,5 есе өсіп, 38 млрд долларды құрады. Бұл сандарды арттыратын әлі де әлеует бар.

Бүгін Душанбе төрінде өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Президент ықпалдастықты нығайту бойынша бірқатар ұсынысын ортаға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Арадағы сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін қызмет көрсету нарықтарына тікелей әрі кедергісіз қолжетімділікті кеңейту қажет», - дейді. Тағы негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейту керек. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Цифрлық шешімдер де енгізу бастамасын көтерді.

Душанбе кешелі бері келелі келіссөздер алаңына айналды. Бүгін 9 елдің лидерлері ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесіне жиналды. Мәртебелі меймандарды Эмомали Рахмон қарсы алып, барлығы ортақ суретке түсті.

ТМД - тұрақтылық пен татулықты ту еткен ұйым. Сондықтан жаһандағы қақтығыс, алауыздық сияқты жайттарға жол бермеуді міндеті деп біледі. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси тұрақсыздық кезеңінде ТМД елдері мен серіктес мемлекеттерді күш біріктіруге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи шындығын бұрмалауға, фашизмді тойтарған Ұлы Жеңістің тарихи маңызын төмендетуге қатысты әрекеттерге қарсы. Халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз.

«Келер жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына 35 жыл толады. Сенім мен өзара қолдауға негізделген бұл ұйым елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға негізделген. Арадағы алыс-беріс те жақсы деңгейде. Былтыр ТМД елдері сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайызға ұлғайып, 110 млрд долларға жетті. Ал соңғы 5 жылда Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі 1,5 есе өсіп, 38 млрд долларды құрады. Бұл сандарды арттыратын әлі де әлеует бар», - дейді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзара тиімді талаптарға сай қызмет көрсету нарықтарына тікелей әрі кедергісіз қолжетімділікті кеңейтуге, бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мән беру керек деп санаймыз. Инвестиция тарту, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану, цифрлық шешімдер енгізу және өңірлердің тең дәрежелі байланыстарын дамыту басымдықтардың қатарында болуға тиіс. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз. Мұны келесі жылы сәуір айында БҰҰ аясында Астанада өтетін халықаралық форум алаңында ұйымдастыруға болады.

Сауда-саттық жайын қаузағанда, әрине, логистикаға ерекше көңіл бөлу керек. Президенттің сөзінше, белсенді жұмыс істейтін көлік дәліздері - табысты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кепілі. Қазір аймақ арқылы Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды күре жолдар өтеді. Транзиттік әлеует зор. Енді оны толық ашу үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев Достастықтың бірыңғай цифрлық көлік-логистика картасын әзірлеуді ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл ұлттық инфрақұрылымдық жоспарларды біріктіруге және көлік байланыстарының тұтас кеңістігін жасақтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол инвестиция көлемін арттыруға жағдай жасайды. Бүгінде Қазақстан бастамашы болған ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы бойынша жұмыстар аяқталып келеді. Жүк ағынын тиімді басқару, шығындарды төмендету және тәуекелдерді азайту үшін бұл құжатты жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейтін ережелермен толықтыру қажет.

Цифрландыру мен жасанды интеллект бүгінгі заманның даму қарқынын айқындайтын басты факторға айналған. Мұндай технологиялық өзгерістерден Қазақстан шет қалған жоқ. Елде арнайы министрлік құрылып, Цифрлық кодекс әзірленуде. Сонымен қатар жасанды интеллектке маманданған жаңа университет те құрылады. Ал барлық бастаманы біріктіретін жаңа «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Президенттің сөзінше, мұндай тәжірибені ТМД елдерімен бірлесе дамыту қажет. Тағы мемлекет басшысы экологиялық және техногендік қатерлердің артып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны зор алаңдаушылық туғызып отыр. Негізі бұл – өңірлік қана емес, жаһандық проблема. Сондықтан біздің бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құжатты дайындауға Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен бірге барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тартылуға тиіс.

Елдерді жақындастыратын басты күштің бірі - мәдени және гуманитарлық байланыстар. Кеңес барысында Президент дәстүр мен инновацияны, тарих пен заманауи технологияны тоғыстыратын креативті индустрияның маңыздылығына тоқталды. Бүгінде Қазақстанда  бұл сектордың экономикадағы үлесі 2 млрд доллардан асты. Салада 143 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- ТМД елдерінің бұл бағыттағы әлеуеті зор. ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынамын. Оның басты мақсаты жас таланттарды қолдау, бірлескен жобаларды іске асыру, креативті экономиканың экожүйесін қалыптастыру болуы қажет.

Сондай-ақ Президент ТМД-ның әлемдік аренадағы беделін арттырудың маңызына тоқталды. Осыдан 2 жыл бұрын Қазақстанның бастамасымен ұйымның Байқаушылары мен Серіктестері институты бекітілді. Ал бүгінгі жиында мемлекеттер басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымына Байқаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Президент Мәскеудегі саммитте ұсынылған «ТМД плюс» форматында ынтымақтастық орнату идеясын қолдайтындығын жеткізді. Бұл қадам Достастықтың халықаралық рөлін күшейте түспек. Ал ұйымға төрағалық еті кезегі келер жылы Түрікменстанға көшеді.

Авторы: Риат Шони

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары