Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Түркиямен тауар айналымы $4,4 млрд жетті

Түркиямен тауар айналымы $4,4 млрд жетті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен он айда 4 млрд доллардан асты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,4 %-ға көп. 

Ресми деректі Қазақстанның Түркиядағы елшілігі хабарлап отыр. Анадолы еліміздің ең ірі бес сауда серіктесінің бірі һәм Қазақстан экспорты үшін маңызды транзиттік мемлекет саналады. Өзара сауданың қомақты бөлігі мұнай өнімдеріне тиесілі.

Елімізден Түркияға экспортталатын өнім үлесі артып келеді. Көрсеткіш биыл он айда 3,1 миллиард АҚШ долларына жетті. 

Былтырға қарағанда өсім 10,8 % жоғары. Әсіресе қазақстандық мұнай, мыс, алюминий мен жасымық өнімдеріне сұраныс көбейген. Дей тұрғанмен Анадолыдағы ағайынның Қазақстаннан импорттайтын басты өнімі – қара алтын.

Али Оғұз Дириөз, «Анкасам» талдау орталығының сарапшысы, ТОББ университетінің доценті:

- Түркия – 86 млн халқы бар мемлекет. Экономикасы, өнеркәсібі, көлік саласы үшін мұнай қажет. Сондықтан сенімді серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруы өте орынды. Қазіргі уақытта Түркия шикі мұнайдың шамамен 10%-ын Қазақстаннан сатып алады. Бұл көрсеткіш одан әрі ұлғаюы мүмкін.

Энергетикадан бөлек, екі ел арасында сауда металлургия және ауыл шаруашылығы салаларында да байланыс қарқын алып келеді. Биыл Қазақстан Түркия нарығына бұрын-соңды экспорттамаған бірқатар жаңа тауар түрін жеткізді. Бұл тізімде күкірт, мыс, алюминий және күнбағыс тұқымы сияқты аграрлық өнімнің үлесі жоғары.

Жем Карадели, экономист:

- Түркия нарығы үшін бұл өнімдер аса маңызды, ал Қазақстан үшін бұл үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік. Оның ішінде Еуропа Одағы бар. Мұнан бөлек, екі елдің сауда байланысы нығайып, энергетика, баламалы энергия, күн және су электр станциялары бағыты бойынша да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. 

Ал Қазақстан Түркиядан дәрі-дәрмектен бастап, кілем, әйелдерге арналған тоқыма киім, құрылыс материалдары мен шоколад өнімдерін тасымалдайды. Алайда осы 10 айда Анадолыдан елімізге жеткізілетін тауар көлемі 11,3 пайызға қысқарған. Сарапшылар мұны сауда балансының жақсаруына ықпал ететін фактор ретінде бағалап отыр.

Жем Карадели, экономист:

- Түркияның Қазақстанға экспорттайтын тауар көлемінің азаюына екі негізгі себеп бар. Түрік компаниялары Қазақстанға тікелей инвестиция құйып, сол жақта өндіре бастады. Екіншісі – Түркияда тоқыма саласының үлкен өзгеріске ұшырауы. Бұрын еліміздегі осы саладағы кәсіпорындар көбіне Еуропа мен америкалық брендтер үшін өнім дайындайтын еді. Енді ол өндірістердің кейбірі Балқан елдеріне, Мысыр немесе Солтүстік Африка елдеріне көшіріліп жатыр.

Әсия Нұрлыбаева, тілші:

- Екі ел арасындағы алыс-берісті ұлғайтуға әлеует әлі де мол. Әсіресе азық-түлік, агро және өңдеу өнеркәсібі салаларында ынтымақтастықты кеңейту көзделіп отыр. Сарапшылар аталған секторда Қазақстанның экспорт көлемін қосымша 400 млн долларға дейін арттыруға мүмкіндік бар екенін айтады.

Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары