Қазгидромет бес қала тұрғындарына ауа ластанатыны туралы ескертті
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Синоптиктердің мәліметінше, 5 шілдеде Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш қалаларында, ал Атырау қаласында түнгі уақытта қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.
Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Шілде 2026 09:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















