Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

ҚазМұнайГаздың қарызы көбейді, алты айда 2,6 есе өскен

ҚазМұнайГаздың қарызы көбейді, алты айда 2,6 есе өскен

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2026 жылдың бірінші жартысында «ҚазМұнайГаздың» таза пайдасы 69,1%-ға өсіп, 904 млрд теңгеге жетті. Компания мұнай мен газ өндіру көлемін азайтқанына қарамастан, қымбат мұнай мен бірлескен кәсіпорындардан түскен кіріс қаржылық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруына ықпал еткен. Бұл туралы компания жариялаған 2026 жылдың алғашқы алты айының қаржылық нәтижелерінен белгілі болды. 
Есепке сәйкес, компанияның қаңтар-маусымдағы түсімі 5,568 трлн теңгені құрады. Былтыр осы кезеңде ҚМГ 4,5 трлн теңге табыс тапқан. Бір жылдағы өсім — 23,7%.
Таза пайда бұдан да жоғары қарқынмен өсті: 2025 жылдың алғашқы жартысындағы 534 млрд теңгеден биыл 904 млрд теңгеге дейін жетті. Өсім — 69,1%.
Компанияның EBITDA көрсеткіші де 45%-ға артып, 1,655 трлн теңгені құрады.
Мұнай бағасы ҚМГ кірісін арттырды
Қаржылық көрсеткіштердің өсуіне әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттауы негізгі факторлардың бірі болды. 2026 жылдың бірінші жартысында Brent мұнайының орташа бағасы барреліне $92,31 болған. Бір жыл бұрын ол $71,87 еді. Осылайша баға 28,4%-ға өсті.
ҚМГ түсімнің өсуіне мұнай бағасымен қатар KMG International сататын мұнай өнімдерінің қымбаттауы да әсер еткенін хабарлады. Теңгенің долларға қатысты нығаюы, керісінше, өсімді ішінара тежеген. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы ҚМГ үлесі 53,9%-ға артып, 537 млрд теңгеге жетті. Мұнда «Теңізшевройл» мен «Маңғыстаумұнайгаздың» нәтижелері елеулі рөл атқарған.
Бұдан бөлек, ҚМГ бірлескен және қауымдасқан компаниялардан 500 млрд теңге дивиденд алған. Соның 441 млрд теңгесі «Теңізшевройлға» тиесілі. Салыстырсақ, былтыр ТШО ҚМГ-ға 328 млрд теңге дивиденд төлеген.
Пайда өсті, өндіріс төмендеді
Компанияның қаржылық нәтижелері жақсарғанымен, мұнай-газ өндіру көлемі керісінше азайған. ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 4,6%-ға төмендеп, 12,44 млн тоннаны құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 13,04 млн тонна болған. Газ өндіру де 4,7%-ға азайып, 5,46 млрд текше метрге түсті.
Компания Теңіз кен орнындағы өндірістің төмендеуіне Каспий құбыр консорциумы тарапынан мұнай қабылдаудың шектелуі және қаңтарда Болашақ кеңейту жобасының нысандарында болған трансформаторлар өрті әсер еткенін атап өтті. Жобалық өндіріс наурыздың соңында қалпына келген. Мұнай өңдеу көлемі де 1,5%-ға төмендеп, 10,2 млн тоннаны құрады. Ал мұнай тасымалдау сегментінде өсім бар: көлем 4%-ға артып, 43,3 млн тоннаға жетті.
Таза қарыз 2,6 есе өсті
ҚМГ есебіндегі тағы бір маңызды өзгеріс — таза қарыздың күрт артуы. 2025 жылдың соңында компанияның таза қарызы 375 млрд теңге болса, 30 маусымда 983 млрд теңгеге жеткен. Яғни небәрі алты айда 162,2%-ға немесе шамамен 2,6 есе өсті.
Бір қызығы, осы кезеңде компанияның жалпы қарызы керісінше 3,2%-ға азайып, 3,411 трлн теңгеге түскен. Таза қарыздың өсуі компанияның ақша қаражаты мен депозиттерінің қысқаруымен байланысты. Жыл басында олардың жиынтық көлемі 3,147 трлн теңге болса, маусым соңында 2,428 трлн теңге қалған. Төмендеу — 22,9%.
Әсіресе қысқа мерзімді депозиттер айтарлықтай азайған: 1,875 трлн теңгеден 835 млрд теңгеге дейін.
ҚМГ мұны негізінен «Самұрық-Қазынаның» купондық облигацияларын сатып алумен түсіндіреді. Сонымен бірге компанияның бос ақша ағымы 12,2%-ға өсіп, 765 млрд теңгеге жетті.
Инвестициялық шығындар 61%-ға артты
ҚМГ ірі жобаларға жұмсайтын қаражатын да көбейткен. Кассалық әдіспен есептелген күрделі шығындар бірінші жартыжылдықта 422 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 61%-ға өсті. Негізгі шығындар Теңіз кен орнындағы газ сепарациялау кешені мен этан және пропан құбырларын салуға, сондай-ақ Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауыты жобасына бағытталған.
Компания биыл 2025 жылғы пайда есебінен акционерлеріне 350 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған. Бір акцияға шаққандағы дивиденд 573,66 теңгені құрады. Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жартысында ҚМГ өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, жоғары мұнай бағасы мен бірлескен кәсіпорындардан түскен кірістің есебінен қаржылық нәтижелерін едәуір жақсартты. Алайда осы кезеңде компанияның таза қарызының 2,6 есе өсуі қаржылық есептегі басты өзгерістердің бірі болды.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 12:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары