Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

ҚазТрансОйл соңғы жеті жылда 45 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады

ҚазТрансОйл соңғы жеті жылда 45 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ҚазТрансОйл» АҚ-да (ҚТО) жиналыс өткізді.
Жиын барысында 2025 жылы атқарылған қызметтің қорытындысы шығарылып, осы жылдың басым міндеттері айқындалды.

ҚТО бас директоры Арман Қасенов былтырдың қорытындысы бойынша компания еліміздің магистралды мұнай құбырлары жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткенін баяндады.

 2025 жылы ҚТО-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 45,1 млн тоннаны құрады, бұл соңғы жеті жылдағы рекордтық көрсеткіш. Мұнай жүк айналымы 36 млрд тонна-километрден асты.

2025 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген мұнай көлемі – 18 млн тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% жоғары болды.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ тобы және Petrotrans Limited компаниясы бойынша есептік кезеңде мұнай өнімдері мен газды қайта тиеу көлемі 1,9 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 3% артты. Ал 2025 жылғы жүкті қайта тиеудің жалпы көлемі 7,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылғы деңгейден 10% ұлғайды.

Әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал жағдайында ұлттық оператор мұнайды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тасымалдау бағыттарын одан әрі әртараптандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

 Жиын барысында ҚТО-дағы энергия тиімділігі жөніндегі жұмыстардың қорытындылары да қаралды. Технологиялық режимдерді оңтайландыру және жаңа тәсілдерді енгізу есебінен 9 млн м³ табиғи газ және 1 675 кВт·сағ электр энергиясы үнемделді. Экономикалық тиімділік 361 млн теңгені құрады, парник газдары шығарындысы 2,8 тоннаға қысқарды. Энергия ресурстарын тұтынуды азайту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралардың нәтижесінде 2025 жылы мұнай жүк айналымына шаққандағы энергияның үлестік шығыны 2024 жылмен салыстырғанда 2,5% төмендеді. Ал 2010–2025 жылдар аралығында аталған көрсеткіш 60% азайды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында ҚТО жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірқатар жобаларды іске асырмақшы. Атап айтқанда, құбырлардың тұтастығын басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу көзделген. Бұл мұнай тасымалдаудың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады, апат санын және жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар компания өндірістік алаңдарында қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2025 жылы 10 мың шаршы метрден астам әлеуметтік-тұрмыстық үй-жайлар жаңартылып, жаңа ғимараттар пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 14:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары