Қазақстан 20 жылда Қытайға 200 млн тоннадан астам мұнай жеткізді
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 20 жыл толды.
Осы уақыт ішінде Қазақстаннан Қытайға 200 млн тоннадан астам шикізат тасымалданды.
Алғашқы партия 2006 жылдың шілдесінде «Алашанькоу» пунктінде қабылданған. Бұл құбыр «Қазақстан – Қытай» жүйесінің алғашқы бөлігі болып, отандық өндірушілерге қытай энергетикалық нарығына тікелей шығуға жол ашты.
Маршрут Ұлытау, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстары арқылы өтіп, Қазақстан–Қытай шекарасын кесіп өтеді. Оның ұзындығы Қазақстан аумағында 962,9 км, Қытайда 2,2 км.
Құбыр арқылы Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөл кен орындарының мұнайы, сондай-ақ Ресей мұнайы транзитпен Қытайға жеткізіледі.
Сонымен қатар, «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры арқылы іске қосылғаннан бері 100 млн тоннадан астам шикізат тасымалданған.
Бүгін, 13:52
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:73
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 20:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















