Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

ҚазҰУ да Жамбылтану 5 томдығы жарық көрді

ҚазҰУ да Жамбылтану 5 томдығы жарық көрді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл және қазіргі дәуірдің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауқымды шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, генерал-полковник, Халық Қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Манас, фольклор, ақындар поэзиясы бөлімінің басшысы Мээрим Көлбаева, сондай-ақ Өзбекстаннан келген профессор Насриддин Назаров  қатысты.

Сонымен қатар жиынға белгілі ғалымдар, ЖОО ректорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, тарихшылар, филологтар, оқу ордасының оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушы жастары жиналды.

Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

«Жамбыл Жабаев – ұлт мәдениетінде ерекше орны бар тарихи тұлға. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Өз дәуірінің тыныс-тіршілігін асқан шеберлікпен суреттеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Ақынның шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылып, барша адамзатқа ортақ қазынаға айналды», – делінген Президенттің құттықтау хатында.

Конференцияда ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Жамбыл Жабаев мұрасын зерттеудің бүгінгі ғылым үшін маңыздылығына тоқталып, ақын шығармашылығының ұлттық руханияттағы айрықша орнын атап өтті. 

«Жамбыл мұрасының маңыздылығы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жамбыл – ұлттық поэзиямыздың алып бәйтерегі, халқымыздың рухани феномені.  Оның бай мұрасы – отансүйгіштік пен елдіктің, бірлік мен парасаттың сарқылмас қайнар көзі», – деп ерекше атап өткен болатын. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жыр-дастан дәстүрі жойылу қаупіне ұшыраған аласапыран заманда тарих сахнасына Жамбыл шықты. Ана тіліміз бен ұлттық жадымызды келешек ұрпаққа аман-есен жеткізе білді. Табиғи талантымен танылған ол көзі тірісінде-ақ «ХХ ғасырдың Гомері» әрі «қазақ поэзиясының алып тұлғасы» деген жоғары құрметке ие болды», – деді ректор. 

Жиында Жамбыл шығармашылығының тарихи-мәдени мәні, ақынның айтыскерлік өнері, жыраулық дәстүрді дамытудағы орны, халық әдебиетіндегі рөлі, сондай-ақ шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері кеңінен сөз болды.

Конференция барысында Жамбыл Жабаев шығармашылығының түрлі қырларына арналған мазмұнды баяндамалар жасалды. 

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып ұлттық әдебиеттегі ұлы тұлғалардың мұрасын өзара сабақтастықта қарастырудың қажеттігіне назар аударды. Оның пікірінше, Жамбыл шығармашылығын зерттеу қазақ әдебиетінің тарихи даму заңдылықтарын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында тәуелсіздік жылдарындағы жаңаша көзқараспен әзірленген «Жамбылтану» атты 5 томдық іргелі жинақтың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Көптомдық еңбек – ақынның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеуге бағытталған ауқымды ғылыми ізденістің нәтижесі. Басылымда ақынның шығармашылық мұрасы, әдеби ортасы, дәстүрлі поэзиядағы орны, сондай-ақ шығармаларының көркемдік және идеялық ерекшеліктері толық қамтылған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 22:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары