Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

Түркия чемпионаты әлемдік деңгейдегі тағы бір жұлдызбен толықты

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?

Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділеттілікке қызмет ететін құрылым. Әлемде бұл бағыт community-oriented policing немесе қоғамға бағытталған полиция деп аталады. Ал еліміздегі тәртіп сақшылары шын мәнінде мұндай модельге көшті ме?

фото: gov.kz

Кейінгі жылдары елімізде құқық қорғау органдарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен есептілігіне басымдық берілді. Бұрынғы кеңестік репрессивтік жүйеден айтарлықтай ерекшеленетін, халықпен диалог орнатуға және профилактикаға негізделген сервистік модель енгізу жолға қойылды.

Осы мақсатта ірі қалаларда пилоттық жобалар іске қосылып, полиция қызметкерлері азаматтарға сыпайы және жедел қызмет көрсетуге бағытталды. Қоғамдық қабылдаулар, сенім телефондары және әлеуметтік желілер арқылы халықтың пікірін тыңдап, арыз-шағымдарға жылдам жауап беру тетіктері құрылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің кәсіби этикасы мен коммуникациялық дағдылары арттырылып, кадрларды қайта даярлау бағдарламалары жаңартылды.

Дегенмен, құқық қорғау органдары жүйесінде полицияның қоғам алдындағы беделіне тікелей әсер ететін жүйелік мәселелер сақталып отыр. Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың шамамен 62%-ы полицияға сенеді, тағы 27%-ы «көбірек сенетінін» айтқан. Алайда әр оныншы респондент (9%) полицияға мүлде сенбейтінін мәлімдеген.

Сенімсіздіктің себептері тек теріс тәжірибемен ғана емес, одан тереңіректе жатыр. Респонденттердің шамамен төрттен бірі бұл мәселені сыбайлас жемқорлықпен, ал тағы 20%-ы қызметтік міндеттерді формалды әрі тиімсіз орындаумен байланыстырады. Адамдар өздерін қорғалмаған сезініп, немқұрайдылыққа немесе нақты көмек орнына бюрократиялық жауаптарға жиі тап болып отыр. Бұл – техникалық қана емес, сенімнің психологиялық дағдарысы.

Полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Халықаралық қылмыс құрбандары бойынша зерттеулерге (ICVS) сәйкес, қазақстандықтардың шамамен 5%-ы мемлекеттік қызметкерлерден пара талап ету фактісіне кезіккен, оның жартысы – полиция қызметкерлері. 2024–2025 жылдары парақорлық, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану және дөрекілік сияқты жүздеген заңбұзушылық тіркелген. Мұның бәрі әділеттілік сезімін жойып, мемлекетке деген сенімді әлсіретеді.

Әлемдік тәжірибеде полиция мен қоғам арасындағы сенімді серіктестік қылмыстың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізіп келеді. Қазақстанда бұл бағыттағы реформалар енді ғана жолға қойылып отыр.

«2022 жылы Ішкі істер министрлігі формалды есеп беруден проактивті әрекет ету мен алдын алуға көшу үшін Аналитикалық орталық құрды. Алайда, іс жүзінде аналитикалық инфрақұрылым бытыраңқы күйде қалды. Аймақтар мен ведомстволар арасында тиімді дерек интеграциясы жоқ. 2021 жылдан бастап UNODC қолдауымен community-oriented policing (қоғамға бағдарланған полиция) концепциясы бойынша семинарлар өткізілуде, алайда бұл бағдарламалар әзірге тек пилоттық сипатта ғана іске асырылып жатыр. АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Human Rights Watch секілді халықаралық ұйымдар тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықпен күреске арналған ресурстардың жеткіліксіздігін атап көрсетеді. Кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, ұсталғандарға дөрекілік көрсету жағдайлары әлі де кездеседі. Заңнамалық бастамалардың баяу жүруі мен институционалдық жауапкершіліктің әлсіздігі азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін төмендетуде», дейді Президент жанындағы ҚСЗИ

Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас ғылыми қызметкері Марат Жұмағұлов сараптамалық мақаласында.

Осы орайда заң ғылымдарының докторы жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға, полиция мәдениетін түбегейлі жаңартуға және қоғаммен диалогты нығайтуға әлі де уақыт керек екенін айтады.

«Сыбайлас жемқорлық, аналитика жеткіліксіз, қоғамның шектеулі қатысуы, осал топтардың төмен қауіпсіздігі, қызметкерлер арасындағы стресс және ПТСА мынадай ұсыныстарды ортаға салуға итермелейді. Қоғамға бағдарланған полиция моделін құру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама: нақты мерзімдер, қоғамдық бақылау, ашық KPI. Аналитиканы дамыту: аймақтық тапсырмаларды анықтау, болжамдық жүйелерді енгізу, жергілікті билікпен әріптестік. Community policing: ірі пилоттық жобалар, бүкіл ел бойынша стандарттарды бекіту. Гендерлік сезімталдық: полициядағы әйелдер санын арттыру, әйелдер мен балалар істері жөніндегі бөлімдерді қолдау. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы: психологиялық қолдау бағдарламалары, ПТСА-ның алдын алу, демалыс пен ротация жүйесі. Қоғаммен коммуникация: есеп беру, диалог, түсіндіру кампаниялары – сенімді нығайтудың маңызды құралы», дейді М.Жұмағұлов.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда полицияны қоғамға бағыттау бойынша жұмыстар басталды, алайда олар толық аяқталмаған. Полиция тек заңды қорғаушы емес, халықтың сенімді серігіне айналғанда ғана елімізде тәртіп пен әділеттілік бірге орнайды. Осы мақсатта мемлекет, құқық қорғау органдары және азаматтық қоғам бірлесе отырып жұмыс жасауға тиіс. Сенім мен тәртіп –құқықтық мемлекеттің негізі болғандықтан, осы екі ұғымның қатар дамуы қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айтман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 16:50

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Мәдениет • Бүгін, 16:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 18:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see115

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see115

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see104

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103

Түркия чемпионаты әлемдік деңгейдегі тағы бір жұлдызбен толықты

13 Тамыз 2026 11:02see103

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары